Теңелу сатысы. Тежелу сатысының жалғасы болып табылады, бұл едәуір ұзақ уақытқа, жаңа циклдің басталуына дейін созылады. Малдың мінез-құлқында айтарлықтай өзгеріс болмайды, аталық малға қарамайды, болмаса, оған жоламай қашып жүреді. Ұрық безінде әртүрлі даму сатысындағы фолликулдер де, сары дене де байқала береді. Жатыр мойыны жабық. Бұл -тек сырттай қарағандағы тыныштық. Ал жыныстық органдарда көзге көрінбейтін гистологиялық, биохимиялық өзгерістер, үрдістер жүріп жатады. Әдетте, жыныстық цикл жаңа буаздыққа әкеліп соқтыруы керек, буаздық аяқталып мал төлдегеннен кейін қайтадан жаңа цикл басталады. Жыныстық циклдің басталуын, оның өту барысын, оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды білу, әр аналық малдан жыл сайын төл алып отыру үшін қажет.

Еркек малдың жыныстық феномендері
Еркек малдың жыныстық феномендері
Шағылысу немесе жыныстық қатынас (coitus). Ұрғашы және еркек малдың арасында болатын негізінен шарсыз жыныстық рефлекстерден тұратын өте күрделі физиологиялық құбылыс. Жыныстық қатынас: