Полициклді - жануарлардың жыныстық циклі бір жылдың ішінде белгілі бір уақыт аралығында бірнеше рет, яғни әр 18-22 күн сайын қайталанып отырады. Бұған негізінен үй жануарлары, демек, сиыр, бие, мегежін жатады. Моноциклді - жануарлардың жыныстық циклі жылына бір немесе екі рет қана қайталанады. Оларға ит, мысық және жабайы аңдар жатады. Ал түйе, қой мен ешкіні полициклді жануарларға жатқыза отырып, олардың жыныстық маусымы бар екендігін көрсете кетуіміз керек. Қой, ешкілер күзде күйлейді, ал түйе көбінесе, қаңтар айынан бастап сәуір-мамыр айларына дейін бірнеше рет күйлейді.

Тежелу сатысы шылым ағу және жыныстық қозу феномендерінің бәсеңдеп барып басылуымен сипатталады. Кеше ғана күйлеп жүрген мал еркек малды теуіп-тістеп жолатпайды. Шылым ағу тоқтаған, жыныс органдарының кілегейлі қабатының кызарғаны басылып бозғылт тартқан, домбығып ісінгені де әлсіреген жатыр мойының жабық кынаптағы кілегейлі қабатының эпителийі көшіп түсіп, астынан жаңа торшалар пайда болады. Мал тыныштанып, жем-шөпке тәбеті бұрынғы қалыпқа түседі. Сөйтіп, қозу сатысындағы байқалған эволюциялық үрдістер тоқтап, орнына инволюциялық үрдістер келеді.