Жүйке жүйесінің физиологиясы мен гигиенасы және жас ерекшеліктері


Рефлекторлық доға, оның бөлімдері



бет4/4
Дата22.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#109667
түріЛекция
1   2   3   4

Рефлекторлық доға, оның бөлімдері

  • Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:
  • жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабылдаймын, қабылдаушы);
  • сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді);
  • жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі);
  • қозғалтқыш нейрондар;тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшық еттер және т. б.).
  • Жүйке жүйесінің құрылымын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым неврология деп аталады.

    • Адам организміндегі жүйкенің сезімталдығы мен қызметінің бұзылуы – жүйке жүйесінің ауруларын тудырады. Оларға орталық және шеткі жүйке жүйесі құрылымдарының өзгерістері, жүйке-психика аурулары (нервоз)жатады

    Жүйке жүйесінің маңызы

    • - мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
    • - денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;
    • - организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
    • - сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
    • - денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.

    Ми қыртысындағы иррадиация және концентрация

    • Алдымен қозу мен тежелудің жайылу (иррадиация) және шоғырлану (концентрация) процесі жүреді. Иррадиация деп қозу не тежелу процесінің өзінің бастапқы пайда болған аймағынан таралуын, жайылуын айтады. Бұл процестердің белгілі бір шекке дейін жайылып, қайтадан бастапқы пайда болған орталығына оралуын, жиналуын – шоғырлану дейді.

    Индукция

    • Ми қыртысында да ОЖЖ-нің басқа бөлімдеріндегі сияқты қозу және тежелу процестерінің әрекеттестігі - индукциясы байқалады. Олардың арасында белгілі теңдестік қалыптасады да, не оң, не теріс иңдукция өршиді.
    • Индукция өзінің табиғаты, бейнеленуі жағынан иррадиацияға кері процесс. Иррадиация нәтижесінде бір мағыналы процесс (не қозу, не тежелу) таралатын болса, индукция, керісінше, қарама-қарсы сипатты процесті тудырады және иррадиацияны шектейді.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет