Жұлынның құрылымдық үйлесуі. Жұлынның қызметтері


Жүрек қызметінің реттелуі



бет17/22
Дата20.10.2022
өлшемі9,29 Mb.
#44401
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
39. Жүрек қызметінің реттелуі.
Жүрек қызметі үш түрлі механизм арқылы реттеледі. 
1)Интрацеллюлярлық реттелу – жасуша ішінде өтетін үрдістер мен жасушааралық қарым-қатынастар әсер етеді. Интракардиалық реттелу – жүрек еті арасында интрамуральдық нейрондар бар, олар өзара байланысып жүрек етінің қоздырғыш, өткізгіш қызметін атқарады. 
2)Жүйке жүйесінің әсері. Орталық жүйке жүйесі жүрекке вегетативтік жүйке жүйесі арқылы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесі жүректің соғуын жиілетеді, тонусын күшейтеді. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің әсері, кезбе жүйкесінің әсеріндей, жүрек соғуын сиретеді, қозу қабілетін төмендетеді. Жүректің рефлекстік реттелуі – мидың көптеген бөлімдерінің бірлескен қызметі. 
3)Гуморальдық реттелу – гормондар, иондар, медиаторлар және т. б. химиялық заттар қаннан жүрек миоциттеріне өтіп, жүрекке тікелей әсер етеді. Мысалы, ацетилхолин мен норадреналин-жүйке жүйесінің медиаторлары-жүрек жұмысын реттейді. Ацетилхолин, гистамин,хлорлы калий, кезбе жүйкесі тәрізді, жүрек етінің қозғыштығын, өткізгіштігін және жиырылу күшін төмендетеді. Медиатор норадреналин мен адреналин, тироксин гормондары кальций иондары, симпатикалық жүйке жүйесі тәрізді, жүрек қызметін күшейтеді. 


40. Жүрек қызметінің жүйкелік реттелуі .
Реттелудің жасуша ішілік механизмі Жүрекке шамадан тыс көп жүктеме әсер еткенде (мысалы, үнемі бұлшықет жұмысы кезінде) кардиомиоциттерде жиырылғыш ақуыздардың биосинтезі күшейе түседі. Сонда миокардтың жұмысшы (физиологиялық) гипертрофиясы туындайды
(мысалы спортсмендерде, шахтерлерде).
Гетерометриялық реттелу «жүрек заңы» (Франк – Старлинг заңы) Жүрекке неғұрлым көп қан ағып келсе, соғұрлым жүректің жиырылғыш қызметі күшейеді. Осы механизм «жүрек заңы» (Франк – Старлинг заңы) деп аталады.
Гетерометриялық реттелу («жүрек заңы») Жүректің жиырылу күші оның
диастола кезіндегі қанмен толу дәрежесіне (созылу дәрежесіне), яғни оның бұлшықет талшықтарының алғашқы ұзындығына пропорционалды
болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет