Жұлынның құрылымдық үйлесуі. Жұлынның қызметтері


Иіс сезу ақпараттарын кодтау



бет14/22
Дата20.10.2022
өлшемі9,29 Mb.
#44401
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
27. Иіс сезу ақпараттарын кодтау
Иіс жүйесі жеке зат қабылдауға арналған әралуан түрлі қабылдағыштардан тұрады.Олардың мембранасы бетінде белгілі пішінді ойыс жерлері болады.
Егер олардың пішіні иісті зат молекуласының белгілі пішініне (кілт пен құлып сияқты) сәйкес келсе ғана иіс түйсігі туады .Оcыған сәйкес иістің бастапқы бірнеше(камфора, жұпар, гүл, жалбыз, эфир, сасық иіс) түрін жіктейді.Олардың нақтылы қабылдағыштармен әрекеттесуі потенциал тудырады.Расында,көптеген зерттеулерде иіс буылтығында пайда болатын электрлік жауаптың көрсеткіштері оған әсер етуші иісті заттардың қасиеттеріне тәуелді екендігі көрсетілді.Бірнеше иістердің әсерінен оның қозған және тежелген жерлерінің кеңістіктік өрнегі өзгереді


28. Дыбысты қабылдау теориясы.
Дәм қабылдағыштары дәмді түйсіну үшін жеке хеморецепторлар болады деген пікір бар
Дәм қабылдағыштары-дәм сезу баданасы тілдің түпкі жағына,жұмсақ таңдайда,тілше мен жұтқыншақтың шырышты қабықшасында орналасқан.Әсіресе тілдің ұшында,екі бүйірінде және түпкі жағында көп кездеседі.Адамда дәм сезу баданасы=10 мың.Қабылдағыш пен тірек жасушалары=8-12.Ұзындығы мен ені= 70 мкм.Дәм сезу баданасының пішіні сауытша тәрізді,төбесінде тесігі болады. Дәм баданасынан 2-4 сезгіштік жүйке талшықтары шығып, тіл,жұтқыншақ және кезеген жүйкенің құрамында сопақша мидың жалпы будасына келеді.Бұлардан шыққан екінші нейрондар ішкі ілмектің құрамында таламусқа жетеді.Одан ми қыртысының дәм сезетін аймағына келетін,үшінші нейрон басталады.Қабылдағыштардың ұқсас тітіркендіргіштерді жіктеп айыра білу қабілетін “ажырату сезімталдығы” деп аталады.Адамда дәм сезудің әркелкі абсолют табалдырығы болады.Ол организмнің әртүрлі (аштық,тоқтық,т.б)жағдайларына байланысты.
29. Есту рецепциясының механизмі.
Адам есту мүшесінің көмегімен қоршаған ортадан әртүрлі дыбыстарды қабылдап, талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап, ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді. есту мүшесі — құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы мен дабыл жарғағы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс толқындарын сыртқы дыбыс жолына бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады және ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы — сүйекті, ал ішкісі — жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар — есту мен тепе-теңдік мүшелері.Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет