Жм-909 Мейірбек Бағдат Жеңіл деңгей Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептерін түсіндіріңіз


Конфликтінің қатысушылары мен жүргізушілері, олардың қажеттіліктері, мүдделері менмақсаттарына тоқталыңыз



бет3/7
Дата21.12.2023
өлшемі51,3 Kb.
#142432
1   2   3   4   5   6   7
Конфликтінің қатысушылары мен жүргізушілері, олардың қажеттіліктері, мүдделері менмақсаттарына тоқталыңыз.

«Конфликт - қызығушылықтары (қажеттіліктері, мақсаттары, идеалдары, түсініктері) мен көзқарастары қарама-қайшы келетін субъектілердің қатынасы әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс»
Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның пайда болу жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтап алу керек. Конфликт әрқашан өзара қарама-қайшы келетін қызығушылықтар мен көзқарастардың әсерінен пайда болады. Конфликтінің пайда болуына әсер ететін жағдайлардың қатарына қарама-қайшылықтарды жатқызуға болады.
Конфликтіге бір-біріне өзара зақым(моральды, материалды, психологиялық) келтіру арқылы көрініс табатын әлеуметтік қарым-қатынас субъектілерінің күресі тән.
Әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері арасында қарама-қайшы келетін көзқарастарының, қызығушылықтарының және келіспеушілік жағдайының болуы конфликтінің пайда болуына қажетті және жектілікті жағдай болып табылады.
Конфликтінің негізгі құрылымдық элементтері:
- конфликтіге түсуші жақтар;
- конфликтінің пәні;
- конфликтілі жағдайдың кейпі;
- конфликтінің мақсаттары;
- конфликтіге түсуші жақтардың позициялары.
Конфликтіге түсуші жақтар деп тікелей қызығушылықтары бұзылған әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері немесе ашық түрде конфликтіні қалап тұрған субъектілер есептеледі.
«Конфликтінің пәні - қарама-қарсы жақтардың арасындағы күрестің туындауына себепкер болатын объективті түрде бар немесе бар секілді болып көрінетін мәселе (билік, қарым-қатынас мәселелері, қызметкерлер арасындағы бәсекелестік және т.б.)».
Конфликтіге түсуші жақтардың позициялары - конфликт кезінде немесе келісім процесінде бір-біріне айтылатын нәрсе.
Мысалы: кез-келген ресурсты бөлу. Егер, бұл ресурсты бөлудің ережесі болып, барлық қатысушылар сол ережемен келісетін болса, онда ешқандай мәселе де, дау-дамай да туындамайды.
Егер, ереже болмаса немесе бар ережемен бір қатысушы келіспесе, ресурсты қалай бөлу керектігі туралы сұрақ туындайды. Бұл мәселе уақытылышешілмеген жағдайда ресурсты бөлу кезіндегі қарым-қатынас ережелерінің болмауы басты себеп болатын конфликт туындайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет