ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖҰМЫРЛА= е т . Бір нәрсені домалақтау, жұмыр ету. ЖҰМЫРЛАН=



бет6/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
ЖҰМЫРЛА= е т . Бір нәрсені домалақтау, жұмыр ету.
ЖҰМЫРЛАН= е т . 1. Домалақтану. 2. а у ы с . Тығыршықтану, толықсу, оңалу.
ЖҰМЫРЛАНУ Жұмырлан етістігінің қимыл атауы; тығыршықтану, толықсу.
ЖҰМЫРЛАУ1 с ы н . Аздап жұмыр келген, домалақтау.
ЖҰМЫРЛАУ2 Жұмырла етістігінің қимыл атауы.
ЖҰМЫРЛАУЫШ з а т . Жұмырлайтын, домалақтайтын зат.
ЖҰМЫРЛЫҚ з а т . Жұмыр болушылық, жұмырға тән ерекшелік.
ЖҰМЫРТҚА з а т . <лат. ovum> Құстың, бауырымен жорғалаушылардың, жұмыртқа салушы сүтқоректілердің аналық жұмыртқа жасушасы.
Жұмыртқа басқызды. Балапан басып шығарды. Жұмыртқа басты. Балапан шығару үшін жұмыртқа шайқады. Жұмыртқа басу. з о о л . Құстардың балапан шығаруы. Жұмыртқадан жүн қырыққан. Айла-шарғысы мол, жол тапқыш. Жұмыртқа жасуша. б и о л. Дамып, жетілген аналық жыныс жасушасы. Жұмыртқа жолы. а н а т . Жұмыртқалық (аналық жыныс безі) маңынан шашақты құйғыш тәрізді кеңейіп басталып, жатырға ашылатын жіңішке түтік тәрізді мүше. Жұмыртқаның сарысы. с ө й л . Жұмыртқаның сары уызы. Жұмыртқаның сарысындай. б е й н . Дөп-дөңгелек, сап-сары, әп-әдемі. Жұмыртқа салғыштық. Жиі жұмыртқа басушылық, жұмартқалағыштық. Жұмыртқа шайқау. Құстардың немесе қолтырауын, жылан сияқты жұмыртқа салып көбейетін т.б. жәндіктердің жұмыртқасын басуы.
ЖҰМЫРТҚАДАЙ с ы н . 1. Жұмыртқа тәрізді. 2. а у ы с . Аппақ, жұп-жұмыр.
ЖҰМЫРТҚАЖЕГІ з а т . з о о л . Жарғақ қанаттылар отрядына жататын паразиттік жәндіктер.
ЖҰМЫРТҚАЛА= е т . Тұқымдау, жұмыртқа салу.
ЖҰМЫРТҚАЛАҒЫШ с ы н . Жұмыртқалайтын, жұмыртқа салғыш.
ЖҰМЫРТҚАЛАҒЫШТЫҚ з а т . к і т . Жұмыртқа салушылық.
ЖҰМЫРТҚАЛАТ= е т . Жұмыртқа салдыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет