ЖҰМЫРЛА= е т . Бір нәрсені домалақтау, жұмыр ету. ЖҰМЫРЛАН= е т . 1.Домалақтану.2. а у ы с . Тығыршықтану, толықсу, оңалу. ЖҰМЫРЛАНУЖұмырлан етістігінің қимыл атауы; тығыршықтану, толықсу. ЖҰМЫРЛАУ1 с ы н . Аздап жұмыр келген, домалақтау. ЖҰМЫРЛАУ2Жұмырла етістігінің қимыл атауы. ЖҰМЫРЛАУЫШ з а т . Жұмырлайтын, домалақтайтын зат. ЖҰМЫРЛЫҚ з а т . Жұмыр болушылық, жұмырға тән ерекшелік. ЖҰМЫРТҚА з а т . <лат. ovum> Құстың, бауырымен жорғалаушылардың, жұмыртқа салушы сүтқоректілердің аналық жұмыртқа жасушасы. Жұмыртқа басқызды.Балапан басып шығарды.Жұмыртқа басты.Балапан шығару үшін жұмыртқа шайқады.Жұмыртқа басу. з о о л . Құстардың балапан шығаруы.Жұмыртқадан жүн қырыққан.Айла-шарғысы мол, жол тапқыш.Жұмыртқа жасуша. б и о л. Дамып, жетілген аналық жыныс жасушасы.Жұмыртқа жолы. а н а т . Жұмыртқалық (аналық жыныс безі) маңынан шашақты құйғыш тәрізді кеңейіп басталып, жатырға ашылатын жіңішке түтік тәрізді мүше.Жұмыртқаның сарысы. с ө й л . Жұмыртқаның сары уызы. Жұмыртқаның сарысындай. б е й н . Дөп-дөңгелек, сап-сары, әп-әдемі. Жұмыртқа салғыштық.Жиі жұмыртқа басушылық, жұмартқалағыштық. Жұмыртқа шайқау.Құстардың немесе қолтырауын, жылан сияқты жұмыртқа салып көбейетін т.б. жәндіктердің жұмыртқасын басуы. ЖҰМЫРТҚАДАЙ с ы н . 1.Жұмыртқа тәрізді.2. а у ы с . Аппақ, жұп-жұмыр. ЖҰМЫРТҚАЖЕГІ з а т . з о о л . Жарғақ қанаттылар отрядына жататын паразиттік жәндіктер. ЖҰМЫРТҚАЛА= е т . Тұқымдау, жұмыртқа салу. ЖҰМЫРТҚАЛАҒЫШ с ы н . Жұмыртқалайтын, жұмыртқа салғыш. ЖҰМЫРТҚАЛАҒЫШТЫҚ з а т . к і т . Жұмыртқа салушылық. ЖҰМЫРТҚАЛАТ= е т . Жұмыртқа салдыру.