Жұмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Медбике ісі»


Тақырып 3.3. Қазақстан отарлау кезеңі қарсаңында



бет10/19
Дата26.10.2022
өлшемі131,09 Kb.
#45335
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Тақырып 3.3. Қазақстан отарлау кезеңі қарсаңында
ХVІІ ғасырдың екінші ширегіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуы.
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының дамуындағы өзгерістер. Цинь Қытайы мен Жонғария. Қазақстанды Ресейдің отарлау саясаты. Жонғар хандығының әлсіреуі. Қазақ-жонғар қатынасы. Қазақстан мен Жоңғария Ресей мен Қытайдың сыртқы саясатында.
ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамы. Қазақтардың шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығы-қазақ қоғамының материалдық өндірісінің негізі. Қазақтардың көшіп-қонуы. Егіншіліктің дамуындағы ерекшеліктер. Қолөнер. Экономикадағы өзгерістер. Сыртқы сауда. Қазақтардың қоғамдық құрылымы. Әлеуметтік жік. «Ақ сүйек», «Қара сүйек» ұғымдары. Олардың мағынасы мен құрылымы.
Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы. Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Абылай хан-саяси және мемлекет қайраткер, оның саяси тәуелсіздік пен егемендікке жасаған талпыныстары. Абылай ханның Ресей және Цинь империяларымен қарым-қатынасы. Абылай ханның қазақ жерін біріктіру жолындағы күресі.
Қазақ қоғамының әлеуметтік дамуы. ХVІІІ ғ. соңындағы Орталық Азиядағы геосаяси жағдайлардың дамуы мен трансформациясы. ХVІІІ ғ. соңындағы Қазақстандағы ішкі саяси жағдайдың өзгеруі.
Қазакстан және Орта Азия мемлекеттері ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. екінші жартысында. Абылай хан ұрпақтары билік жасаған кезеңдегі (ХVІІІ ғ. 80-ж.-1821 ж.) орта жүз территориясындағы саяси жағдай.
Ресей мен Англияның отарлау жағдайында Қазақстан мен Орта Азиядағы егемендік пен тәуелсіздікті сақтау мәселелері. Қазақстандағы Ресейдің әкімшілік реформалары. Қазақстандағы хандық билікті жою.
ХVІІІ ғ. мен ХХ ғ. басындағы мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін жоғалту жағдайындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Негізгі кезеңдері, нәтижесі, проблемалары.
Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының бірінші кезеңі (1731-1837 ж.ж.). Қазақтардың Ресей азаттық қозғалысына қатысуы. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Қасым Абылайханов, Саржан Қасымов, Жоламан Тленшиев көтерілістері. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың бірінші кезеңінің идеологиясы мен ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет