Қақырықты зерттеу . Қақырықтың жалпы клиникалық анализі . Мақсат:тынысалу жүйесінің ауруларын диагностикалау . Анализ алуға көрсеткіш: тынысалу мүшелерінің және жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары .
Қажетті заттар:мөлдір, таза кең мойынды шыны банка , жолдама , 5 хлорамин ерітіндісі , 2 бикарбонат натрий ерітіндісі ;
Процедураға дайындау және орындау . 1.Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру .
2.Жолдаманы толтыру, қақырықты жинау техникасына үйрету , яғни қақырықты қақырыну кезінде емес жөтелген кезде жинау .
3.Қақырықты жинауға 2 сағат бұрын азанда тісін жуу және қақырықты жинау алдында да ауыз қуысын жылы сумен шаю қажет .
4.Таза шыны баночкаға қақырықты жөтеліп жинау , 3-5 мл –ден аз болмауы қажет .
5.Лабораторияға қақырықты жолдамасымен жедел жеткізу .
Атипиялық клеткаға қақырықты тексеру . Мақсат:атипиялық клеткаларды табу , диагностикалық .
Қақырықты атипиялық клеткаларға тексеру кезінде мынаны ескеру: бұл клеткалар тез бұзылады сондықтан жаңа бөлінген қақырықты тез арада лабораторияға жеткізу .Бронх бұтағының төменгі бөліктерінен қақырықты шығару үшін трипсиннің протеолитикалық ферментін ингаляция жасау арқылы шығару .
Қалталы түкіргішті дезинфекциялау . Мақсат: инфекциялық қауіпсіздігін орнату.
Әдісі:
5% хлорамин ерітіндісін қалталы түуіргішке оның 1\4 көлеміне дейін құю .
қалталы түкіргіштің 3\4 көлеміне дейін қақырықты жинауға ғана болады .
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)
Бөлімшелерде несеп, қақырықты зерттеуге жинауды үйрену
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.