Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет202/224
Дата02.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#46944
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   224
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
1. Ауруханаішілік инфекциялардың көбею себептері?
2. Ауруханаішілік инфекцияладың этиологиясы?
3.Ятрогенді инфекцияларындағы медицина мамандарының ролі ?
4. Ауруханаішілік инфекцияларға микробиологиялық бақылау ерекшеліктері?
Дәріс № 21.
1.Тақырыбы: Спирохетоздар қоздырғыштары (мерез, қайтымды сүзек, лептоспироз).
2.Мақсаты. Студенттерге жыныстық инфекциялардың лептоспиралардың жұғу жолдарын, таралуын науқасқа микробиологиялық диагноз қою әдістерін, тексерілетін материалды таңдауды талдап түсіндіру.
3.Дәріс тезисі.
B.reccurentis – жедел инфекция тобы, жедел басталумен, ұстамалы температураның көтерілуімен, жалпы ағзаның улануымен байқалады.
Қайтымды тиф 1.Эпидемиялық қайтымды тиф. 2.Эпидемиялық қайтымды тиф болып бөлінеді.Эпидемиялық қайтымды тиф – антропонозды инфекция. Инфекция көзі лихорадкалы ауру яғни перифериялық қан құрамында боррелияның болуы. Арнайы боррелияны тасушы көйлек және бас биттері, олар қоршаған ортаға зақымдалған қанды сорғасын 6-28 күндері қауіпті. Адам тифпен гемолимфаны битті теріге үйкелегенде, болмаса шаққан жерді қасығанда жұғуы мүмкін .
Эндемиялық қайталама тиф –зоонозды табиғи ошақты ауру. Инфекция резервуарлары кемірушілер, аргаз кенелер. Адам кене шаққан кезде зақымдануы мүмкін.
Инкубациялық кезең 7-8 тәулік. Қоздырғыш организмге түскеннен кейін лимфоидты –макрофагты ағзаның клеткасына еніп көбейіп, көп мөлшерде қанға түсіп, әр соққы антидене титрінің жоғарлауымен аяқталады. Антидене + боррелиялар агрегат түзіп тромбоциттер мен бірігіп капиллярлардың бөгелуімен ағзадағы қан айналымының бұзылуымен байқалады. Көп мөлшердегі боррелиялардың жойылуымен аяқталады, бірақ антидене тек бір ғана антигенге қарсы өндіріледі, боррелидің жаңа антиген варианттары пайда болып аурудың қайталануына алып келеді. Иммунитет. Гуморальді көпке созылмайды.
Микробиологиялық диагностиксы.. Бактериоскопиялық әдіс –қоздырғышты қанның жуан тамшысында лихорадка кезінде Романовский –Гимзе әдісімен боялады және ілінген тамшы әдісімен қанды зерттеп Бурри әдісімен аяқтаймыз. Серологиялық әдісте КБР қолданылады.Арнайы алдын-алу әдісі жоқ. Емдеуде тетрациклин, левомицетин , ампицилин қолданады.
Жыныстық инфекция қоздырғыштары. Мерездің морфологиясы. Сұр трепонема –жіңішке,12-14 тармақтан тұрады, ұштары үшкір домалақ, көлемі 10-13 мкм ұзындығы 0,13-0,15 мкм. Трепонемалар өте қозғалғыш. Трепонемалар әдеттегі қоректік ортада өспейді, құрамында бүйрек немесе ұлпалары бар 39-40 С жақсы өседі және қоян эмбрионында, хорионалантойста жақсы өседі. Серологиялық варианттары толық анықталмаған. Трепонеманың өз құрамында полисахаридті ,липидті және протеинді комплексі бар. Сифилис 1.біріншілік сифилис. 2.екіншілік сифилис . 3.үшіншілік сифилис болып бөлінеді.
Микробиологиялық диагностикасы. Вассерман реакциясы шанкр пайда болғасын 2-3 аптасында ,болмаса 5-6 аптада зақымдалғаннан кейін 90% ауруда Кан реакциясы оң болады. Науқас қан сары суын өгіз жүрегі бұлшық еті антигенімен араластырады +0,6 % холестерин. Егер оң реакция болса 10 мин кейін көбік пайда болады, егер теріс болса лайланады. КБР, РИФ тәсілдері де кеңінен қолданылады. Арнайы алдын-алу әдісі жоқ. Емдеу үшін пенициллин қатарындағы антибиотиктер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет