Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет200/224
Дата02.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#46944
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   224
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).


6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
1.Адам туберкулезінің арнайы алдын-алу жолдарын атаңыз?
2. Манту реакциясы не үшін қолданылады?
3.Көкжөтелдің профилактикасын атаңыз ?


Дәріс № 20.
1.Тақырыбы: Ауруханаішілік инфекциялар.
2.Мақсаты. Студенттерді ауруханаішілік инфекцияларымен таныстырып түсіндіру және оларды емдеу-профилактикалық мекемелерде санитарлы-гигиеналық бақылау жұргізу.
3.Дәріс тезисі.
Ауруханаішілік инфекция (синонимдері: ятрогендік госпитальды, назокоминальды) медициналық көмек көрсету барысындағы залалданудан туындайтын инфекциялық ауру деген түсінікті білдіреді. Ауруханаішілік инфекцияны ауруханаішілік емес, яғни науқас стационарға ауруханадан тыс жағдайларда залалданып түсетін, басқа аурудың себебінен стационарға түсіп, соңынан түрлі манипуляциялар кезінде залалданатын формадан ажырата білу керек. Бұл инфекция ХVIІ-ХІХ ғасырларда стационарда медициналық көмек көрсету жағдайында туындап, кең таралды.Ятрогенді инфекция қоздырғыштарының құрамы көптүрлілігімен және әртүрлілік қасиеттерімен сипатталады. Оларға 200-ден аса облигатты және шартты-патогенді бактериялардың түрі, саңырауқұлақтар, вирустар, протозоа және метазоалар кіреді. Ятрогенді инфекциялар арасында облигатты-патогенді микробтар шақыратын, көп немесе аздаған жиілікте кездесетін СПИД, гепатит В,С,Д грипп А,В,С вирустық паротит, қызамық, парагрипп, респираторлы-синцитиальды инфекция аденовирустық инфекция, адено-, герпес-, цитомегало-, рота-, энтеровирустар, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, колиэнтерит, ауруханаішілік сальмонеллез, туберкулез, листериоз, хламидиальды және микоплазмалы урогенитальды аурулар, трихоманоз, амебиоз, малярия, трипанасомоз, лейшманиоз, токсоплазмоз, дерматомикоздар, энтеробиоз, қышыма кіреді. Бұл топтағылар ятрогенді инфекцияның 15% -ке жуығын құрайды. Ауруханаішілік инфекциялардың клиникалық көріністері әр алуан. Анағұрлым қауіптілеріне септикопиемия, сепсис, бактериальды шок жатады. Оппортунистік ятрогенді инфекциялар әдетте табиғи және жүре пайда болған иммуниттетің функциясы төмендеген адамдарда дамиды. Ятрогенді инфекциялардың дамуы өз кезегінде иммунодефициттің дамуына алып келеді.
Ауруханаішілік инфекцияларға микробиологиялық бақылау емдеу-профилактикалық мекемелердің міндетіне кіреді. Ол науқастармен мед. персоналдар арасында бактерия тасымалдаушыларды, қоршаған орта объектілерімен дәрілік препаратарын микробтармен контаминациялануын, бәрінен бұрын ауруханалық эковарлармен залалдануын зерттеуге бағытталған.
4.Иллюстрациялық материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет