10. Флюоресценция кұбылысының негізінде қолданатын микроскоп:
фазалы-контрасты
люминицентті
жарыктық
электронды
күңгірт-жазықтық
№3 1.Тақырыбы: Микроорганизмдердің қоректенуі ,тыныс алуы , өсуі және көбеюі.
2.Мақсаты: Бактериялардың өмір сүру, тыныс алу, қоректену, көбею, өсу процесстерін қоршаған ортамен қарым-қатынас заңдылығын меңгеру.
3. Оқыту мақсаты: Бактериялық ілмекпен, инемен, тамызғышпен, шпательмен егу техникасын меңгеру. Зерттелетін материалды жасанды қоректік ортаға егу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Метаболизм-бактерия жасушасында өтетін биохимиялық реакциялары, метаболизмнің екі жағы.
Бактериялардың қоректенуі және энергия көзі бойынша жіктелуі.
Бактериялардың қоректену механизмнің ерекшеліктері және өсу факторлары.
Бактерия ферменттерінің негізгі топтары, оның жіктелуі.
Аэробты және анаэробты бактериялардың тыныс алуы кезіндегі электрондардың соңындағы акцепторлары.
Бактериялардың өсуі мен көбеюі. Бактерия популяциясының сұйық қоректік ортада көбею фазасы.