Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3


Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет2/7
Дата27.09.2023
өлшемі1,09 Mb.
#110884
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Пәннің мақсаты мен міндеттері:
Қазіргі қазақ тілі ғылыми курсының грамматика саласы бойынша терең теориялық білім беруде синтаксистің алар орны ерекше. Тілдің грамматиалық құрылысын студенттерге жан-жақты, жүйелі түрде меңгерту үшін грамматиканың қос саласы морфология мен синтаксисті өзара тығыз байланыста оқыту пәннің басты мақсаты болып табылады. Сондай-ақ сөз формаларының синтаксисінен, сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисінен білімгерлерге жүйелі білім беру де пәннің алдына қойылатын басты мақсат болмақ.
Пәннің міндеттері:

  • синтаксистің зерттеу объектілерін, синтаксистік мағына, тұлға, форма, синтаксистік қатынас және оның түрлерінмеңгерту;

  • сөз тіркестерінің байланысу формалары мен тәсілдерін түсіндіріп, сөз тіркесіне толық тілдік талдау жасауға дағдыландыру және сөйлемнің айтылу мақсатына байланысты түрлерін толығымен меңгерту;

  • сөйлем тұрлаулы мүшелерінің, жай сөйлемнің түрлерінің барлығын толық меңгертіп, талдату;

  • сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін, олардың орын тәртібін, жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, атаулы, болымды және болымсыз сөйлемдерді және оқшау сөздерді талдау;

  • құрмалас сөйлем мен оның түрлерін, құрмаласу жолдарын толық меңгертіп, салалас пен сабақтастың негізгі айырмашылықтарын бекіту:

  • бөгде сөздің түрлерінің саралануын, күрделі синтаксистік тұтастық пен мәтін синтаксисінің негізгі белгілерін меңгерту.

Сөз тіркесін, жай және құрмалас сөйлемнің синтаксисін тіл мәдениетімен, стилистика және пунктуациямен байланыстыра оқыту үшін, тілдің ғылыми негіздерін студенттерге меңгерту үшін практикалық сабақтарға және студенттердің өзіндік жұмыстарына көп көңіл бөлінеді.

2


Сағат саны



Лекция –22,5 сағат
Практикалық сабақ – 33 сағат
СӨЖ –94,5 сағат (оның ішінде СҚӨЖ (15с.)
Барлығы - 150 сағат

3

Оқыту нәтижесі
(құзыреттілігі)



  • Синтаксистің зерттеу объектілерін, синтаксистік мағына, тұлға, форма, синтаксистік қатынас және оның түрлерін білуі; сөз тіркестерінің байланысу формалары мен тәсілдерін анықтап, сөйлемнің айтылу мақсатына байланысты түрлерін сипаттауы; жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды,толымсыз, атаулы, болымды және болымсыз сөйлемдерді және оқшау сөздер мен сөйлем мүшелерін, олардың орын тәртібін, құрмалас сөйлем мен оның түрлерін, құрмаласу жолдарын, бөгде сөздің түрлерін толық меңгеруі қажет.

  • Сөз тіркесінің, сөйлем мүшелерінің, сөйлем түрлерінің, синтаксистік тұтастық пен мәтіннің зерттелуін хронологиялық ретпен саралап, тапсырманы орындай алуы; синтаксиске тән бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, айқындауыш, толықтауыш, пысықтауыш, қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөз, автор сөзі, төлеу сөз, салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемдер сынды терминдерді терең түсініп, орнымен қолдана білуі, тақырып бойынша қорытынды тапсырмаларды орындай алуы қажет.

  • Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен формаларына, сөз тіркесінің түрлеріне, сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелеріне, жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне, құрмалас сөйлем түрлеріне талдау жасауға, күрделі синтаксистік тұтастықты меңгеріп, мәтін синтаксисінің деңгейлерін бағалай білуге, синтаксистің лингвистикалық мәселелерін әртүрлі көзқарастармен салыстыра білуге; синтаксистің өзекті мәселелерін сауатты талқылау мен қорытындылап тұжырымдауға дағдылануы қажет.

4

Білімін бағалау

1. Ғылыми тұжырымы бар конспект құрастыруы- 1*2=2 балл
2. Ауызша, жазбаша синтаксистік талдау жасау -11*2=22 балл
3. Қорытынды тапсырмаларды орындау - 2*2=4 балл
4. Студенттің белсенділігі- 12 балл
5. Студенттің өзіндік жұмысы - 2*10=20 балл

5

Қорытындыбақылау

Емтихан (аралас)

6

Техникалық талаптар

Ерекше талаптар жоқ

7

Ресурстар мен дереккөздер / негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет