Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет51/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

 

Оқу  (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 

 

Басылым: бірінші 

 

ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым 



 

     Ауа  бассейнінің  тағы  бір  өзекті  проблемасының  бірі  –  қышқыл  жауындар.”Қышқыл 

жауындар” терминін алғаш рет ағылшын инженері Роберт Смит енгізген.Қышқыл жауындар 

–  азот  пен  күкірт  қышқылдарының  жауынның  құрамындағы  мөлшерін  көбейіп  кетуінен 

болады.Ал, аталған химиялық қосылыстардың көбейіп кетуінің негізгі көздері – көмір,сланц, 

мазут,  т.  б.  Отындарды  жаққанда  ауаға  азот  пен  күкірттің  қос  тотығының  бөлінуі  болып 

табылады.Табиғаттағы азот айналымы өте күрделлі процесс. Әлем тәжірибесінде 1974 жылы 

20 сәуір күні Шотландия елінің Питлокерн қаласының үстіне РН 2,4 тең жауын жауған.Оның 

құрамы  кәдімгі  асханада  пайдаланылатын  сірке  қышқылы  құрамымен  бірдей  болып  шекті 

мөлшерден  (РЗШ)  100  есе  асып  кеткен.Нәтижесінде,  өсімдіктер,  бау  –  бақша  мен  ірі 

құрылыстарға, адам денсаулығына ұлттық деңгейде орасан зор нұқсан келтірген.Үстіміздегі 

ғасырдың  70  –  жылдары  мұндай  экологиялық  апаттар  АҚШ,Канада,Батыс  Еуропа 

жерлеріндегі жиі болып жергілікті орман байлығының 30 -50 % зиян шеккені мәлім.    

    Соңғы  жылдары  қышқыл  жауындар  проблемесын  шешу  бағытында  халықаралық 

келісімдер жасалуда.Оның мақсаты - өнеркәсіптерден бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін 

азайтуды қолға алу.  

    Ауаның  автокөліктерден  бөлінетін  зиянды  заттардан  бұзылуы  да  күн  тәртібінде  тұр. 

Соңғы  жылдары  автокөліктердің  көбейе  түсуі  бұл  проблеманы  ұшындыра  түсуде.  Дүние 

жүзінің  кейбір  қалаларымен  қатар  біздің  республикамыздың  Алматы,  Қарағанды,  Тараз, 

Лениногор,  тағы  басқа  қалаларымыз  да  зиянды  заттардан  зардап  шегуде.  Әсіресе, 

Алматықаласында автокөліктерден бөлінетін зиянды заттардың мөлшері барлық ластанудың 

60-70%  үлес  көлемін  алуда.  Мұның  өзі  қала  тұрғындарының  денсаулығына  айтарлықтай 

зиянын тигізуде. 

Дүние жүзіндегі қалаларда «фотохимиялық улы тұманда» түзілу процесі жиі байқалып отыр. 

Аталған зиянды заттардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне және адам баласына зияны 

туралы көп жазылуда. Осыған орай, шет елдерде, және біздің республикамызда атмосфераны 

қорғау мақсатында автокөліктердің моторларын жетілдіру, нейтрализаторлар орнату, газбен, 

электр қуатымен жүретін автокөліктер шығару, сутегі отынын пайдалану, электромобильдер 

шығару және жанар майлардың альтернативті түрлерін шығару жолдары іздестірілуде.  

Биосфераның  гидросфера  қабаты    -  жер  шарының  3/2  бөлігін  алып  жатыр.  Су  әлемінде 

алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері – гидросфера қабығы планетаның бүкіл тыныс-

тіршілігін  реттеуде  негізгі  роль  атқарып  келеді.  Барлық  заттар  суда  еріген  күйінде  болып, 

оның  үлкен  және  кіші  айналымы  арқылы  зат  алмасу  процесі  тұрақты  жүреді  де,  одан  әрі 

биосфера  шегіндегі  биогеохимиялық  айналымға  ұласуда.  Нәтижесінде,  жер  шарындағы 

барлық судың 94% мұхиттар мен теңіздердің, ал қалған 6% өзен, көлдер, жер асты сулары, 

мұздықтардың үлесіне тиіп, оның сарқылмайтын табиғат қор екені адамзаттың болашағына 

деген сенімін мәңгілік етуде. 

Соңғы  жылдары  жүниежүзілік  мұхиттар  мен  барлық  сулардың  ластануы,  оның  сапасын 

нашарлата  түсуде.  Олар  –  мұхиттарда  соғыс  корабльдерінің  көбеюі,  мұнайды  тасымалдау, 

атом  қаруларын  сынау,  өндіріс  пен  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  тасталуы,  радиактивті 

қалдықтардың лақтырылуы, тағы басқа зиянды заттардың қоймасына айналуы экологиялық 

жағдайын тіршілік ырғағына зиянды деңгейде көтеруде. Оның үстіне  дүниежүзілік ауыз су 

проблемасы  планета  тұрғындарының  Африка,  Орта  және  Кіші  Азия,  Австралия,  Орталық 

Азия бөлігін қамтып, әлемдік экологиялық проблемалар шеңберін ұлғайта түсуде. 

Жер  қабығы  (литосфера)  –  бүкіл  тіршіліктің  қолайлы  ортасы  және  тірегі  ретінде  биосфера 

шегінде  үлкен  роль  атқарады.  Оның  түп  негізін  әр  түрлі  минералдар  жиынтығы,  тау 

жыныстары, органикалық қалдықтар мен метаморфтық тау жыныстары құрайды. 

Литосфера  терминін  алғаш  ғылымға  енгізген  Э.Зюсс.  Оның  денін  мантия  қабатының 

жоғарғы  бетінен  бастап  жер  қабығы  құрайды.  Яғни,  жер  қабатының  Махорович  (Мохо) 

шекарасынан бастап құрлық бетіне дейінгі 70 км, ал мұхит бетіне дейінгі 10 км қалыңдықты 

қамтиды. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет