БӨЛІМ АТАУЫ: Ғылыми фантастика. Пунктуация 7-СЫНЫП. ҚАЗАҚ ТІЛІ Сабақтың тақырыбы: Күн жүйесіндегі ғаламшарлар. БҮГІНГІ САБАҚТА:
-Күн жүйесіндегі ғаламшарлар туралы мәліметпен танысасыңдар;
-тақырыпқа байланысты берілген мәселені анықтайсыңдар;
-мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарастарыңды білдіріп, дискуссивті эссе жазасыңдар;
-сөйлем ішінде тырнақшаны дұрыс қолданасыңдар.
Ойтүрткі Күн жүйесіндегі қандай ғаламшарларды білесіңдер?
Мәтінді мұқият оқиық! Біздің бүгінгі тақырыбымыз – Күн жүйесінің планеталары. Сегіз планетаны Күннен қашықтығының артуы бойынша атайық – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун. Олар Күнді белгілі бір орбиталармен айналады. Меркурий – Күн жүйесіндегі ең кішкентай планета. Меркурий Күнге жақын болғандықтан, онда күндіз өте ыстық, ал түнде өте суық. Екінші ғаламшар Шолпан – планеталар ішіндегі ең ыстығы және ең жарығы. Таңда және кешке көрінетіндіктен, оны таңғы жұлдыз немесе кешкі жұлдыз деп атайды. Күн жүйесіндегі үшінші ғаламшар – біздің планетамыз Жер. Жер бетінің 70 проценттейін су алып жатыр, сондықтан Жерді көгілдір планета деп те атайды. Ол – тіршілік бар екені белгілі жалғыз планета. Төртінші планета – Марс. Ол Қызыл планета ретінде де белгілі, өйткені онда қызыл түсті топырақ пен тау жыныстары бар. Бесінші және Күн жүйесіндегі ең үлкен планета – Юпитер. Оның алыптығы сонша, оның ішіне 1300 Жер сыйып кетеді. Алтыншы ғаламшар, яғни Сатурн – Күн жүйесіндегі үлкендігі екінші планета. Ол сарғыш түсті. Оның айналасында мұз бен тозаңнан тұратын әдемі сақиналар бар. Жетінші планета – Уран. Бұл ғаламшарды қалың газ қабаты жауып жатыр. Сегізінші планета – Нептун. Бұл планета Күннен ең қашық орналасқандықтан, ондағы суық желдер өте күшті.
Түпнұсқа: https://youtu.be/RJ2bQWH6GCM Қазақшалаған "Физика және Ғарыш" арнасы
Күн астындағы
ғаламшарлар
Мәтін мазмұны бойынша деректерді сәйкестендіріңіз.
Сатурн
Меркурий
Шолпан
Жер
Марс
Уран
Күннен алтыншы орналасқан ғаламшар
Күн жүйесіндегі ең кіші ғаламшар
Жерде тұрып көруге болатын ең жарық әрі ыстық ғаламшар
Күннен үшінші тұрған ғаламшар
Жерге ең жақын орналасқан ғаламшар
Күннен жетінші тұрған ғаламшар
ТАПСЫРМА Күн астындағы
ғаламшарлар
Сатурн
Меркурий
Шолпан
Жер
Марс
Уран
Күннен алтыншы орналасқан ғаламшар
Күн жүйесіндегі ең кіші ғаламшар
Жерде тұрып көруге болатын ең жарық әрі ыстық ғаламшар
Күннен үшінші тұрған ғаламшар
Жерге ең жақын орналасқан ғаламшар
Күннен жетінші тұрған ғаламшар
Жауабыңызды тексеріңіз