Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет68/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   90
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

 

Оқу  (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 

 

Басылым: бірінші 

 

ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым 



 

Ауадан  мұхиттарға  айналым  жасайтын  көмір  қышқыл  газы  300-500  жылдың  ішінде  толық 

айналым жасайды.  

Мұхиттарда 1,3·10

14

 тонна көмір қышқыл газы бар, яғни ол ауадағыдан 60 есе көп. 



Жан-жануарлар  және  басқадай  тірі  организмдердің  бойындағы  көміртегі  де  айналым 

жасайды. Ол ауадан жерге, жерден ауаға қарай көшіп отырады. Жер бетінде жасыл өсімдік 

пайда болғаннан бері 10000 миллиард тонна көміртегінің қоры жасалынды. Өсімдіктер жер 

бетінде 550 миллион жыл өсіп келеді. Өсімдік организмдегі жиналған көміртегі тас көмірдің, 

шымтезектің,  табиғи  газдың  және  тағы  басқа  жанар  майлардың  Ұбиогенді  заттардыңҚ 

құрамында  кездеседі.  Олардың  құрамындағы  көміртегі  71,3·10

15

  тонна,  яғни  7,1  триллион 



тонна.  Теңіз  не  мұхит  суоларындағы  түрлі  жәндіктер  мен  балдырлар  организмдегі  8·10

8

 



тонна көміртегі суға келіп қосылады. Көміртегі өте ұсылғыш элемент.ол тірі организмдерден  

атмосфераға,  атмосферадан  тірі  организмдерге  сіңеді  де,  биосферада  циклді  айналым 

жасайды.  Сондай-ақ  сутегі  де  және  басқадай  газдар  да  көміртегі  сияқты  айналым  жасап 

отырады.  Қорыта  келгенде  айтатынымыз,  биосферадағы  химиялық  элементтердің 

айналуының негізгі факторы тірі организмдер болып есептелінеді. 

Бұл  айналым  екі  процеспен  өтеді:  1)  күн  сәулесінің  қатынасымен  органикалық  заттардан 

қант,  белок  және  органикалық  қышқылдар  түзіледі;2)  органикалық  заттар  ыдырайды  да 

ондағы  энергиялар  бөлініп  шығады.  Ол  энергиялар  әртүрлі  процестерге  жұмсалынады. 

Органикалық заттардың құрамындағы элементтер минералды қосылыстарға ауысады. Сөйтіп 

топырақтағы минералды элементтерді көбейтеді. 

Айналым  жасайтын  элементтердің  қабілеті  бәрінде  бірдей  емес.  Д.И.Менделеевтің 

периодтық  системасындағы  химиялық  элементтердің  көпшілігі  активті  түрде  биосферада 

айналым жасайды. Айналым негізінен екі жолмен өтіп отырады:1) ауалық айналым  – мұнда 

элементтердің  ішіндегі  ең  негізгі  өзгеретіндері  оттгеі,  сутегі,  азот,  көміртегі;  2)  судағы 

айналым  – мұнда  минералды  элементтер  ион түрінде,  болмаса  молекула  күйінде  жер  асты, 

өзен,  көл,  теңіз,  мұхит  суларында  алмасады.  Бұл  айналымға  элементтердің  көпшілігі 

қатысып отырады. Атап айтқанда, натрий, магний, темір, күкірт,хлор, калий, марганец, фтор 

және тағы басқа толып жатқан макро және миероэлементтер алмасады. 

Биосферадағы  органикалық  заттардың  түзілуінде  көміртегі,  оттегі,  сутегі  және  азот  ауада 

айналым  жасайды.  Бұл  газдардың  ауадағы  мөлшері  әр  қилы.  Жалпы  алғанда  98%  әртүрлі 

газдар бар. Тірі организмдер тіршілік қабілетін жойғаннан кейін жерде жатып ыдырайды да 

газға  айналады.  Ол  қайтадан  тірі  организмдердің  денесіне  енеді.  Сөйтіп  биосферада  үнемі 

биохимиялық айналым жүріп тұрады. 

Биосфера өте көлемді болғандықтан және жердің әр түрлі  минералдардан құралуына сәйкес 

айналым  да  әр  қилы  болып  келеді.  Биосферадағы  органикалық  және  анорганикалық 

заттардың  айналымы  абиотикалық  (температура,  ылғал,  күн  сәулесі)  және  биотикалық 

(бактериялар, өсімдікиер, жан-жануарлар) факторлары арқылы өтіп отырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет