Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


ауаның әсер ету күштерін азайтады



Pdf көрінісі
бет76/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90
ауаның әсер ету күштерін азайтады. 

Қазақстанға эрозияға ұшыраған жер 18-20 млн. гектарды құрайды, олар астық егетін солтүстік, батыс және 

орталық ауданда орналасқан. Эрозиядан өсімдіктер өнімі азайды. Эрозияға құрғақ, шөбі жоқ, ормансыз жерлер 

ұшырайды. Жер ресурстарына зиян келтіретін келесі фактор –ол жердің азуы. Оның орын алуының себептері – 

өніммен  бірге  қоректік  заттардың  әкетілуі.  Гумустың  жойылуы  нәтижесінде  оның  құнарлылығы  жойылып, 

шөлге  айналады.  Оның  алдын  алудың  экологиялық  әдістеріне  органикалық  тыңайтқыштарды  (көң,  компост 

т.б.)  енгізу,  себу  арқылы  топырақты  тынықтыру  жатады.  Сонымен  қатар  жерлер  әртүрлі  құрылыстар  салуға, 

жолдар,  су  қоймаларын,  ғимараттар  салуға  және  басқа да  мақсаттарға  пайдаланылады.  Аталған  жерлер  кейін 

өсімдік өнімдерін алуға жарамсыз болып қалады. Жерді бұл мақсаттарға пайдалнуды болдырмау мүмкін емес. 

Бірақ  мүмкіндігінше  ысырапсыз  болуы  керек.  Ондай  мақсаттарға  құнарлылығы  төмен  жерлерді  алу  керек. 

Сонымен қатар мұнай және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жерлер көп зақымданады. Есептеулер 

бойынша  қазіргі  мұнай  өндіру  әдістерін  қолдану  шамамен  жерлердің  2%  жоғалтуға  әкелуі  мүмкін.  Топырақ 

мәселелерінің  ішінде  жер  қңдеудің  химизациясы  маңызы  орын  алады.  Оларға минералды  тыңайтқыштар  мен 

пестицидтер  жатады.  Минералдық  тыңайтқыштар  өсімдіктерге,  оның  сапасына,  олармен  қоректенетін 

организмдерге  зиянды  әсер  етеді.  Көптеген  тыңайтқыштарда  қоспа  заттар  болады.  Оар  ауыр  металдардың 

мөлшерінің артуына әкелуі мүмкін. 

Адам  үшін  қажетсіз  организмдерді  жоюға  немесе  олардың  санын  кемітуде  қолданылатын  заттар 

пестицидтер  деп  аталады  (пестис-қажетсіз,  цедус  өлтіру).  Бұл  заттардың  барлығы  ксенобиотиктер,  яғни  тірі 

ағзалар  мен  биосфера  үшін  бөгде  заттар  болып  табылады.  Пестицидтерге  мына  препараттар  жатады: 

акарацидтер  –  кенелермен  күресте,  альгицидтер  –  балдырлар  мен  басқа  су  өсімдіктерін  жоюда, 

антисептиктер – металл емес материалдарды микрооргнизмдерден қорғау үшін, гербицидтер – арамшөптерді 

жоюда, бактерицидтер – бактериямен, зооцидтер – кеміргіштермен, инсектицидтер – зиянды насекомдармен, 



эфицидтер  –  өсімдік  биттермен  күресуде,  лимацидтер  –  әртүрлі  моллюскалармен,  нематоцидтер  – 

құрттармен, фунгицидтер –әртүрлі ауру тудырғыш саңырауқұлақтармен күресте қолданылады. Пестицидтерге 

организмдердің  физиологиялық  функцияларын  өзгертетін  немесе  жекелеген  мүшелеріне  әсер  ететін  заттар  да 

жатады.  Мысалы,  дефолианттар  –  жапырақтарды  түсіру  үшін,    дисиканттар  –  тамырдағы  жапырақтарды 

кептіру үшін, дефлоранттар – өсімдіктердің гүлдерін түсіру үшін, репелленттер - насекомдарды үркіту үшін,  

аттрактанттар  -  насекомдарды  жою  мақсатында  алдымен  өздеріне  еліктіріп  тарту  үшін,  фумиганттар  –

дезинфекция мақсатында ауылшаруашылық алқаптары мен ғимараттарды түтіндету үшін қолданылады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет