Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет72/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

 

Оқу  (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 

 

Басылым: бірінші 

 

ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым 



 

Атақты француздың мұхит зерттеушісі Жак Кусто: «Егер мұхитты 

уландыру тоқталмаса, оның тіршілігі жойылуы мүмкін» - деген қауіп 

айтады. Қазір кең таралып отырған, қауіпті ластаушы заттарға мұнай 

мен  мұнай  өнімдері  жатады.  Белгілі  мәліметтер  бойынша  қазір 

мұхиттың  суына  жыл  сайын  30-дан  50  млн.  тоннаға  дейін  мұнай 

төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км

суды қабықшамен жаба алады. 0,05 



мг/л  мұнай  су  құрамында  болса,  су  ішуге  жарамсыз,  ал 

концентрациясы  0,5  мг/л  болғанда  көптеген  су  ортасымен 

байланысты  ағзалар  тіршілігін  жояды.  Иістік  құбылыстардың 

әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары 

өзгереді. 

Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін (альбедоны) 

өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу  мен 

ылғалды 


тасымалдау 

құбылыстарына 

әкеледі. 

Мұнайдың 

айтарлықтай  мөлшері  жағалаудағы  экожүйелерді  жояды.  Бұзылған 

экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақытты қажет етеді. 

Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың 

негізгі  ластаушы  көзі  болып  табылады.  Су  топырақтың  бұзылу 

өнімдерімен, 

тыңайтқыштармен, 

улы 

химикаттармен, 



мал 

шаруашылық  кешендерінен  шайылған  сулармен  ластанады.  Мал 

шаруашылық  кешендері  кейбір  аймақтарда  негізгі  табыс  көзі  болып 

табылады.  100  мың  ірі  қара  мал  басы  бар  кешен  қоршаған  ортаны 

миллион  халқы  бар  қаламен  бірдей  ластандырады.  Мұндай 

кешендердің негізгі ластауы органикалық заттар мен азоттың әртүрлі 

қосылыстарымен, биологиялық агенттермен байланысты. 

Жер  үсті  немесе  жер  асты  суларына  химиялық  заттардың, 

микроорганизмдердің  немесе  басқа  заттардың  түсуі  судың  ластану 

көзі деп аталады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет