Жоба ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі



бет8/41
Дата13.06.2023
өлшемі271,42 Kb.
#100807
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау деген сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі балалардың белсенділігі және олардың іс – әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма –жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп , ақыл – ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
Фольклорлық ойындар: саусақ ойындары, өлеңдер, өтірік өлеңдер:
Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең- тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан – жануарларды, құстар және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс – қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып есінде ақтайтын болады. Саусақ ойынын балабақшада жуне үй жағдайына әсерлі,көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі,әр қимылы көрсетіледі.Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі».Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың шымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді».Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады.Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойын да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.Балалар осындай саусақ ойынын отырып өлең шумағын қазаға айтады.
Мысалы: «Моншақ».
Қызыл сары,көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып моншақ тәрізді бейнелейді әрі оларды тізбектеп жасау-балалар үшін өте қызықты әрекет,қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруге дайындайды. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қтар өзімен – өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салу, өзі ағыту, бауын байлау т.б. ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың, яғни жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Сондай ақ ерте жастағы балалардың тілін дамытуда фольклорлық ойындардың тағы бір түрі – «өлеңдердің» маңызы зор. Мысалы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет