Абстракция заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу



Дата02.12.2023
өлшемі19 Kb.
#132054
түріАнализ

  1. Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу.

  2. Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

  3. Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.

  4. Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі.

  5. Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті тірлігі туралы ежелгі ілім.

  6. Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.

  7. Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы жаттығулардың комплексі.

  8. Сана – психиканың жоғары деңгейде дамуы.

  9. Бейсана (астар сана) – адамның психологиялық қасиет, процесс және кейіпінің санадан тыс көрнісі.

  10. Методологиялық принцип – детерминизм принципі, сана бірлігі мен әрекеттің дамуы.

  11. Жеке тұлға — әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.

  12. Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

  13. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.

  14. Индивид — әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  15. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

  16. Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы механикалық байланыстар.

  17. Экстриоризация — әрекет барысында белгілі бір қиындықтардың туындауы.

  18. Анализатор – тітіркендіргіштерге орай рефлекторлы түрде қайтадан өзгеріп, жасалып отыруы.

  19. Символ – белгі.

  20. Ретикулярлық формация – импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алуы.

  21. Рефлекс – Сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беру реакциясы. Латын тілінен аударғанда “бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.

  22. Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс.

  23. Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер.

  24. Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы.

  25. Интериоризация, экстериоризация – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.

  26. Дедукция – жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы.

  27. Индукция – жекеден жалпыға қарай дамитын логиклық ой қорытындысы.

  28. Аналогия – жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы.

  29. Инстинкт – ағзада туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

  30. Перцептивті әсер – қабылдау поцесіне қатысты әсерлену түрлері.

  31. Иллюзия – латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар бір-біріне сәйкес келмей, бұрмаланады.

  32. Галлюцинация – қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған теріс, бұрмаланған бейнелердің тууы.

  33. Апперцепция – латын сөзі, қазақша “жан толқуы”.Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі.

  34. Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психскалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.

  35. Анимизм-(латын тілінде-жан, рух)-жан мен рухтың бар екеніне мәлім, дін элементі.

  36. Антропология-адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ғылым. Жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.

  37. Ассоцианизм-екі немесе одан да көп психикалық құрылымдарда туындаған психологиядағы байланыс. Ассоциация кеңістік, уақытқа, ұқсастық бойынша деп бөледі. Терминді 1698 ж. Дж. Локк енгізді.

  38. Волюторизм (латынша-ерік) терминді 1883 жылы Ф.Тенис енгізген философиядағы еріктік тұрмыстың жоғары принциптерінде қарастыратын философиялық бағыт.

39.Гилозоизм (грек тілінде-материал, өмір)-материяны жанды деп қарастыратын философиялық ілім. Термин ХVIІ ғасыр енді. Гилозоизм ерте ғасыр философиясына тән.

  1. Гомеостаз (грек тілінде-қозғалыссыз, күй)-организмнің негізгі физиологиялық фукнциясының тұрақтылығы мен ішкі орта қасиетінің динамикалық тұрақтылығы.

41.Логосертедегі-грек философиясының негізгі түсінік терінің бірі. Бір мезгілде «сөз, тіл, мағына, түсінік» дегенді білдіреді. Геркалит енгізген.

  1. Монизм- (грек тілінде біреу, жалғыз). Монизмге қарама қарсы-дуализм.

  2. Қабылдаудың заттасқандығы – заттар жөніндегі ми ақпаратының
    шынайы заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы сана-да қабылданып, өрнектелген бейнелердің шынайы болмыс затта-рына адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді.

  3. Қабылдау біртұтастығы – затты тұрақты тұтастық жүйе
    ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай қалсада). 

  4. Қабылдауқұрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы
    тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз. 

  5. Қабылдаудың таңдамалылығы. Төңірегіміздегі мың сан заттар
    мен құбылыстардан біз нақты мезетте қажетімізге керегін ғана

бөліп аламыз. 

  1. Апперцепция– қабылдаудың тұлғалық тәжірибеге, білімге, мүдделер мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір агроном үшін өсімдік тің жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші үшін – сөздің мәнді бөлігі.

  2. Қабылдау тұрақтылығы – заттардың шынайы сапаларының
    (көлемі, түр-түсі, формасы) мида бейнеленуінің оларды

қабылдау жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа, көз салу қалпына және т.б.) тәуелсіздігін білдіреді. 

  1. Тәртіп психологиясы (бихевиоризм) – 20 ғ. америкада пайда болған ағым.

  2. Теория – ғылыми принциптер жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет