Жоғары мектепте оқыту технологиялары


Жоғары мектеп оқытушысының қызметі



бет16/17
Дата15.11.2023
өлшемі292,27 Kb.
#123118
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Жоғары мектепте оқыту технологиялары-emirsaba.org

Жоғары мектеп оқытушысының қызметі.
Педагог- оқу орындарында, мектепке дейінгі және басқа мекемелерде сабақ немесе тәрбие жұмысын жүргізетін тұлға, ақылшы, ұстаз, баланы тәрбиелейтін, оқытатын маман.
Педагогикалық мораль- мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бір талап тілектердің,қағида мен ережелердің,қалыптық, мазмұндық ой-тұжырымдардың жүйесі, жиынтығы.
Педагогикалық стиль-мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде қалыптасқан педагогикалық шеберлікке тән сипат.
Педагогикалық шеберлік-балаларды сүйетін, жүрек қалауымен әрбір педагогтың қол жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріп отыратын өнер.
Педагогикалық әдеп-мұғалімнің кәсіптік сапасы мен кәсіптік белгісі. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі, ең алдымен оның педагогтік әдебінде.
Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша, оқушылармен тіл табыспайынша, оқу-тәрбие процесінде ілгерілеу жоқ. Белгілі психолог М. д. лебитов атап көрсеткендей, педагог әдептен құр болса, оқушылардың тәрбиесіне залалы тиеді. Олардың бойында кейін түзеуге қиын соғатын әр түрлі жаман әдет-қылықтардың пайда болуына себеп болады. М. д. лебитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастауы ықтимал.
Педагогтың әдебі- ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген қасиеттермен өлшенеді.
Педагогикалық шеберлік компоненттері:
-психологиялық, педагогикалық,әдістемелік білімдері,өз пәнін еркін, терең игеруі;
-мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;
-кәсіптік көрегендігі;
-педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген секнімділігі;
-ұйымдастырушылық шеберлігі;
-оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білу, шешімді дұрыс, әрі уақытында қабылдау алуы;
-ұстаздың сезімталдығы, үлкен жүректілігі;
-педагогикалық техника.
Педагогтың қабілеттері мына түрде кездеседі: ұйымдастырушылық (студенттерді сабаққа ұйымдастыра білу), дидактикалық қабілеті (оқу материалдарын білуі), перспективтік қабілет (байқағыштық), студенттердің психикалық жан-дүниесін анықтауы), коммуникативтік қабілет (байланыс), студенттермен дұрыс қарым-қатынас жасау, супесивтік қабілет (беделдік), студенттің беделіне эмоционалды, еріктік ықпал ету арқылы жету, зерттеушілік (академиялық) қабілет (педагогикалық зерттеуді шешу, бағалай білу, ғылыми-танымдық қабілет ғылыми білімдерді білу, тану; сөйлеу қабілеті (дауыс ырғағының дұрыс болуы), елестете білу қабілеті (сабақты алдын ала елестету, алдын ала дайындау).
Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:
«Ұстаз қандай болса, қоғамы да сондай» деген бұлжыма заңдылық қай қоғамда да көкейкесті мәселе. Жаңа формация мұғалімі-рухани дамыған жеке тұлға. Кәсіби дағдыланған, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа бейім, өз-өзін талдауға қабілетті. Кәсіби оқытушы тек қана өз пәнін ғана емес, педагогикалық процестегі әрбір мүшенің орнын анық біледі; студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыра алады, нәтижелерін болжай біледі, кемшіліктерін түзете алады. Ол міндетті түрде құзыретті жеке тұлға болуы керек. Құзыретті педагог құзыреттіліктің үш тобын қалыптастыра алады:
1.Әдіснамалық (психология, педагогика)
2. жалпы мәдениетті (дүниетанымдық)
3. пәндік-бағдарлы
Жоғары мектеп оқытушысы-экономикалық қатынас жағдайындағы белсенді, кәсіби және әлеуметтік қызметке даярланған болуы керек.
Жоғары мектеп оқытушысы мынадай негізгі талапарға сай болуы қажет:
1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;
2. Адамдардың адамға,қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын білуі;
3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа білім алу,өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдасыра білуі;
4. Компьютерлік техниканы меңгеруі;
5. Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шет тілдерде сөйлесе білуі.
Жоғары мектепте оқу мен тәрбие процестерінің бір-бірімен етене бірлігіне қол жеткізу, ұстаздардың алдына студенттердің бойында ғылыми-дүниетаным, моралдық саяси сапалар, еңбек сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, олардың қоғамдық белсенділігін барынша дамыту міндетін қойып отыр. Осыған орай, студенттердің оқу мерзімінің барлық кезеңіне арналған тәрбие беру жұмысының бірыңғай болашақ жоспарының ұстанымдары мынадай:
1. Бүкіл тәрбие жұмысын кешенді түрде, яғни тәрбиенің барлық сапаларын (саяси- идеялық, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесі) біріктіріп жүзеге асыру;
2. Оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарының тұтастығын қамтамасыз ету;
3. Курс сайын тәрбие жұмысының мазмұнын белгілеуде, әдістері мен ұйымдастыру формаларын қолдануда, бірізділіктің болуын ескеру.
Жоғары мектептегі оқыту процесі студенттердің шығармашылық, ойлау қабілетін дамытып, олардың дербес зерттеуші қызметіне жақындай түсуіне ықпал етеді. Әр уақытта педагогикалық қызмет пен ғылымды бір-бірімен ұштастыра жүргізудің маңызы зор. Сол себепті, біздің қоғам жоғары мектептердің ғылым мен мәдениетті дамытудағы рөлін арттыруды басты мақсат етіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет