Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі


Лекция 8 Зерттеу нәтижесі және талқылау (Results, Discussion)



бет23/35
Дата05.10.2022
өлшемі321,89 Kb.
#41478
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Лекция 8
Зерттеу нәтижесі және талқылау (Results, Discussion)
Сілтеме жасау және оның түрлері
1. Зерттеу нәти Сілтеме жасаудың түрлері
2. Цитата немесе дәйексөз
3. Техникалық безендірудің түрлері
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімін берудің жолдары

Дәйексөз деп келесілер аталады:


- автор мәтінінің үзіндісін алу;
- формулалар, ережелер, суреттер, кестелер және басқа элементтерді авторын көрсете отырып пайдалану;
- мәтін үзіндісін сөзбе-сөз емес, аударылған, өз сөзімен жеткізу мақсатында түрленген немесе өзгертілген түрде пайдалану;
- жұмыс мәтініндегі басқа жарияланымдардың мазмұнына талдау жасау.
Үзінді келтірудің негізгі ережесі – белгілі бір дереккөзге сілтеме жасау. Сілтеме жасалмаған жағдайда «плагиат» деп саналады.
Сілтемені дұрыс рәсімдеу үшін қажетті тұжырымдар:
- мәтінді сөзбе-сөз пайдалану кезінде тырнақша қоюды ұмытпау керек (керісінше жағдайда деректерді мұндай түрде қолдану плагиатқа айналады);
- дәйексөз мәтіні толық болуы керек (мәтінді өздігінен қысқартуға болмайды);
- авторға сілтеме жасаған кезде оның тегін және аты-жөнін толық көрсету керек;
- азат жолды дәйексөзден, автордың аты-жөнінен бастауға болмайды;
- жұмыстағы барлық сілтемелер бірыңғай стильде рәсімделуі қажет.
Ғылыми еңбектерде дәйексөздердің парафраз (өзге біреудің пікірін өз сөзіңмен ашып жазу) деген түрі кең таралған. Парафраз ұғымы дәйексөздерді өз сөзіңмен қайта баяндап беру дегенді білдіреді. Бұл жағдайда авторға сілтеме жасау қажет, сондай-ақ қайта түрлендіріп жазу кезінде мәтін мағынасын сақтап жазу керек. Парафраз келесі жағдайларда орынды деп танылады:
- бірнеше дерек көздеріне сілтеме жасау кезінде жалпыланған ақпарат беру;
- көлемді теориялық тұжырымдаманың қысқаша мазмұнын беру;
- тікелей сілтеме жасауға жатпайтын көлемді дәйексөздер келтіру.
Дәйексөздерді өзгертуге тек ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Тәртіп бойынша рұқсат етілмеген, бірақ дәйексөздерге өзгерістер енгізуге болатын жағдайлар кездесуі мүмкін. Олар:
- қысқартылған сөздерді толық ашып жазу кезінде (мұндай жағдайда сөздің толықтырылған бөлігін тік жақшаға алып жазу керек);
- дәйексөздегі сөздердің септік жалғаулары өзгерген жағдайда (егер дәйексөз оған кіретін сөйлемнің синтаксистік құрылымына бағынса, өзгертуге жол беріледі);
- 1918 жылғы орыс орфографиялық реформасына дейін жарияланған еңбектерге сілтеме жасаған кезде;
- құжат мәтініндегі қателерді белгілеу кезінде (қателер түзетілмейді, бірақ дұрыс жазылған сөз тік жақшаға немесе сұрақ белгісі (?) жақшаға алынып жазылады).
Ерекше жағдайларда қолданылатын мәтіндерге сілтеме жасаудың арнайы нұсқалары бар. Мұндай нұсқаларға қосалқы көздерден алынған дәйексөздерге, шетелдік авторлар мен терминдерге, заңнама актілеріне сілтемелер жасауды жатқызуға болады.
Екінші дереккөздерден дәйексөздер келтіру зерттеу жұмысының тақырыбымен және өзекті мәселелерімен танысқан кезде, сондай-ақ жұмыстың тұжырымдамалық аппаратын анықтаған кезде ғана мүмкін болады. Осылайша пайдаланылатын барлық дәйексөздер бастапқы дереккөздерге сәйкес мұқият тексерілуі қажет. Сондай-ақ, екінші дереккөзде ешқандай қателіктер жіберілмегеніне сенімді болуыңыз керек. Екінші дереккөзден дәйексөз алуға болатын жағдайлар. Олар:
- алғашқы дереккөз жоғалған немесе қолжетімді болмағанда (мысалы, жабық мұрағаттарда немесе кітапханаларда);
- алғашқы дереккөз аударуға қиын тілде жазылған жағдайда;
- дәйексөз мәтінінің авторы және оның сөздері басқа тұлғалардың естеліктері арқылы белгілі болған жағдайда;
- дәйексөз автордың ой-тұжырымдарын суреттеу мен сөздерін айғақтау
үшін берілген жағдайда.
Шетелдік авторлардың аты-жөндеріне, сондай-ақ шетелдік дереккөздерге сілтеме жасаған кезде бастапқы мәтін түпнұсқа тілінде емес, ғылыми жұмыс тілінде (мысалы, орыс тілінде) беріледі. Егер аударманың дұрыс жасалғанына күмән келтірілсе, парафразды қолдануға болады. Автор орыс ғылымында кең танымал болмаса, оның түпнұсқадағы аты-жөнін жақшаға қосымша жазу қажет.
Өзін-өзі дәйексөздеу – ресейлік ғылыми еңбектерде жиі кездесетін тәжірибе. Автордың бұрын жарияланған зерттеулері дереккөз бола алады. Дәйексөздің бұл түрі ақпараттың қайталануының және өзін-өзі плагиат етудің алдын алады, сонымен қатар қызығушылық танытқан оқырманды алдыңғы және онымен байланысты жұмыстарға бағыттауға көмектеседі. Меншікті дәйексөздер барлық сілтемелер ережелеріне сәйкес жасалуы қажет.
Өз жұмысыңыздан дәйексөз келтіру орынды және негізді, ғылыми жұмысты толықтырып тұруға және оның міндеттерін орындауға өз пайдасын тигізуі қажет екенін ұмытпау керек.
Заңнамалық актілерден келтірілген дәйексөздер барлық заңнамалық актілер жалпыға қолжетімді ақпарат болғандықтан қатал түрде бастапқы дереккөздерге сәйкес жүргізілуі керек. Екінші декреккөздерден дәйексөздер келтіру орынсыз және толығымен негізсіз болып саналады. Заңның қолданыстағы нұсқасының өз күшіне енгеніне көз жеткізу керек.
Дәйексөздердің нақтылығы мен айқындылығына қарамастан, ғылыми мақалалардың авторлары жиі қателіктер жібереді. Олар:
- пайдаланылған әдебиеттер тізімінде сілтемелердің болмауы;
- тиісті ғылыми біліктілігі жоқ танымал басылымдарға немесе авторларға сілтемелердің берілуі (авторлардың біліктілігі жұмыс стиліне, автор мен жарияланымның өзіне негізделген мәліметтерге сәйкес тексерілуі керек; егер автордың біліктілігіне қатысты күмән туындаса, оған сілтеме жасамау керек);
- графикалық материалдарды орналастыру кезінде сілтемелердің болмауы (графикалық материалдарды (мысалы, сызбалар, диаграммалар, суреттер), сондай-ақ кестелерді пайдаланған кезде ақпарат дереккөзіне сілтеме жасау қажет; дереккөзге сілтеме жасалмаған ақпараттарды пайдалану авторлық құқықты бұзу болып табылады);
- дәйексөздердегі мәтіндерді кезек бойынша сөзбе-сөз қайта көшіріп жазу (баяндаудың жанды табиғатын сақтау үшін дәйексөздерді әр түрлі формада ақылға қонымды шекте пайдаланған дұрыс, мысалы, парафраз қолдануға болады);
- дәйексөздерді қайта қолдану ережелерін бұзу (авторлар көбінесе ақпаратты екінші дереккөздің авторына тиесілі екеніне қарамай, оны бастапқы дереккөзден тапқандай сілтеме келтіріп жазуы);
- шетелдік авторларға сілтеме жасау кезіндегі қателерге автордың тегінің дұрыс аударылмауы, аты-жөнінің түпнұсқаларының дұрыс жазылмауы, дереккөзді жеке пайдалану кезіндегі парафразада кеткен қателер жатады (әдебиеттер тізімінде дәйексөздердің дерекөздерінің атаулары түпнұсқа тілінде берілуі керек екенін ұмытпаған жөн);
- авторлығы расталмаған дәйексөздерді, сондай-ақ жалған немесе қате мәлімдемелерді пайдалану;
- ақпарат көзінің тырнақшаға алынбауы және сілтемелердің болмауы (мұндай жағдайда дәйексөздер «плагиат» деп саналады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет