Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі



бет21/35
Дата05.10.2022
өлшемі321,89 Kb.
#41478
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
13. Appendices (Қосымшалар)
Мақалаға қатысты, бірақ маңызды емес кез-келген қосымша ақпарат, егер журнал саясатында қарастырылған болса, ғылыми мақалаға қосымша ретінде қосылуы мүмкін.
Қосымшалар, әдетте, зерттеу объектілері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты, қолданылатын жабдықтың немесе зерттеу әдістерінің сипаттамаларын, эксперименттік деректерді және оларды статистикалық өңдеудің аралық нәтижелерін, сондай-ақ нәтижелерді толық түсіндіру және түсіну үшін қажет, бірақ мақаланың негізгі мәтініне ену өте қиын және күрделі басқа мәліметтерді қамтиды.
Кейбір журналдар авторларға мақалаға сілтеме жасай отырып, журналдың веб-сайтына Supplementary Information (Қосымша ақпарат) сияқты мәліметтерді орналастыруды ұсынады.
Қорытынды
Біз IMRAD мақаласының құрылымының әр бөлімін егжей-тегжейлі сипаттауға тырыстық. Енді сіз бұл аббревиатураның қалай шешілетінін және қандай қосымша бөлімдерді қамтуы мүмкін екенін білесіз.
Осы мақаланың ұсыныстарына сүйене отырып, кез-келген халықаралық басылымға ғылыми материал дайындау оңайырақ болады.
Егер сізде осы тақырып бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса немесе ақпаратыңызбен бөліскіңіз келсе – түсініктемелерде жазыңыз, талқылаңыз!


Лекция 7
Антиплагиат мәселесі
1. Академиялық адалдық түсінігі
2. Плагиаттан сақтану жолдары
3. Авторлық құқық
Плагиаттың бірқатар түрлері бар
Сөзбе-сөз плагиат (Автор біреудің жұмысын алып, оны толығымен өзінікі ретінде көрсетеді. Бұл зияткерлік ұрлықпен тең).
Перефраздау (Автор өзгенің мәтінін алып, кішкене өзгерістер енгізіп, өзінікі ретінде көрсететін ең кеңінен тараған плагиаттың түрі. Сөздері басқаша болуы мүмкін, бірақ түпкі ойы сонда да өзгенікі).
Өздік плагиат (Автор алдында жарияланған өз жұмысының қандай да бір бөлігін екінші мәрте қолданып, алдыңғы жұмысына сілтеме жасамаған кезде қайталаным орын алады).
Кездейсоқ плагиат (Ол жоспарланған және жоспарланбаған болуы мүмкін, дегенмен ол сонда да ақтауға келмейді).
Авторлықты дәл көрсетпеу (Ғалым өз үлесін қосты, бірақ оның аты-жөні жұмыста аталмаған. Екінші жағдай: ғалымның аты-жөні мәтінде аталған, алайда ол жұмысқа өз үлесін қоспады).
Ақпараттық дереккөзі жоқ (Автор расында да жоқ немесе дұрыс емес дереккөзге сілтеме береді).
Антиплагиат жүйесі. Кейде кейбір авторлар бағдарламалық жасақтаманы адастыратын түрлі тәсілдерді қолданады. Алайда біз мұндай әрекеттерге баруды бірден ұмытуға кеңес береміз. Қазір бірегейлікті тексеру жүйесі жыл сайын жетілдіріліп, ресурсты алдау тәжірибе жүзінде мүмкін емес болып бара жатыр. Бұған қоса, халықаралық журналда жариялануы тиіс әрбір мақала сарапшылық рецензиялаудан өтеді. Бұл кезеңде рецензенттер ондағы өзгелердің идеяларын иемденуін тексеру мақсатында жұмысты мұқият оқиды.
Бірегейліктің жіберілетін деңгейі.
Біздің жарияланымдық тәжірибе көрсеткендей, бірегейлік пайызының 85% болғаны дұрыс. Сол кезде Сіздің мақалаңыздың сарапшылық рецензиялаудан сәтті өтуінің мүмкіндігі жоғары болады.
Плагиат болып саналмауы үшін өзгелердің ойын қалай ресімдеуге болады? Сіздің жұмысыңызға қажетті мәтін бетінің барлығын көшірудің қажеті жоқ. Сіз өзіңіздің сөзіңізбен негізгі ойды сипаттап бере аласыз, маңызды ойды дәл беру үшін дәйексөзді енгізе аласыз және міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттер тізімінде дереккөзге сілтеме жасауыңыз керек.
Мақаладағы плагиаттың салдары. Өкінішке орай, плагиатты сот арқылы дәлелдеу айтарлықтай қиын. Бұл жағдайда ғалымның жауапкершілігі мен этикалық мәдениеті басты рөл атқарады. Зерттеушінің беделіне мықты нұқсан келуі мүмкін. Дәл осы ғалымға өзінің жұмысында плагиаттың алдын алуына мәжбүрлейтін тетік болып табылады. Мақалада плагиаттың болуына байланысты журнал ғалымның жұмысын жариялаудан бас тартуы мүмкін немесе басылған журналдан мақаласын алып тастауы мүмкін. Басылымға өзінің беделі мен рейтінгісін қорғап қалу маңызды. Редакция, әсіресе, халықаралық басылымдар өз талаптарында бірегейлік пайызын айқындап көрсетіп, бұл көрсеткішті қатаң түрде ұстанады.
Қосымша ұсынымдар. Жұмысыңызды жазған кезде дәйексөздерді міндетті түрде дұрыс ресімдеу керектігі әрдайым есіңізде болсын. Дәйексөзді тым көп келтіруден аулақ болыңыз. Бірегейлікті арттыру үшін перефраздауды қолданыңыз, дегенмен міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттер тізімінде дереккөзді нұсқаңыз. Суреттер, кестелер мен формулаларды бейне, скриншот ретінде сақтауға болады, бұл өз кезегінде жұмыстың бірегейлігін арттырады. Нәтижелерді сипаттаған кезде шетелдік әріптестеріңіздің мақалаларына жүгініңіз. Ондай мақалаларды Сіз Scopus, Web of Science деректер базасынан таба аласыз.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов біршама уақыт бұрын әлемдегі ең үздік 15 мың университет қол­дана­тын Turnitin (Turnitin Plagiarism Framework) атты антиплагиат жүйесінің елімізде іске қосыл­ғанын, нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілгенін жеткізді. 
– Барлық курстық, диплом­дық жұмыстар, диссертациялар осы жүйеден өтеді. Екіншіден, жүйеден өтіп қана қоймай, сол жерде сақталады. Сатылатын дип­лом, басқа да проблемалар барын жасырмаймыз. Бір рет дайындалған жұмысты екінші рет қорғап шығу деген бұдан былай болмайды, – деген-ді министр. Осы тұрғыда бірнеше ғалым қазақстандық ізденушілер әдетте ресейлік жұмыстардан аударып көшіретіндіктен, Turnitin жүйесінен плагиат жұмыстың өтіп кетуі мүмкін екенін жазды. Былай қарасаң, қисынды. Себебі Turnitin – 1997 жылы негізі қаланған АҚШ-тың антиплагиат жүйесі.
Иә, ресейлік ғылыми еңбектер­ден ұрланбағанын анықтау үшін солтүстіктегі көрші­мізде бұған дейін жазылған, қорғал­ған дис­сертациялар антиплагиат жүйесінің мәліметтер қорында болуы керек. Мәселен, былтыр біраз шу болған шенеуніктің ғылыми диссертациясы отандық антиплагиаттан сәтті өтті.
Дегенмен, ресейлік жүйеден тексеру барысында жұмыстың 60 пайызға жуығы плагиат деп танылды. Яғни ғылыми жұ­мысқа талдау жүргізген ресейлік ком­пания еңбектің Ресей мемлекеттік кітап­ханасындағы мақалалар мен дис­сертация­лар жиынтығынан алынған кө­шірме екенін растады. Солай бола тұра, Мәскеудегі «Жоғары экономика мектебі» ұлт­тық зерттеу университеті 2015 жылы, Мәскеу мемлекеттік ха­лық­аралық қаты­настар институты 2016 жылы Turnitin жүйе­­сімен тексерістен өткізуді бастаған.
Демек, Turnitin бағдарламасының орыс тілінде интерфейсі бар. Бірақ бұл жүйедегі мәліметтер қорының қомақтылығына кепіл бола ала ма?
Жарайды, жүйе жемісті жұмыс істейді немесе мәліметтер қоры ресейлік ғылыми еңбектермен толықтырылды делік, бірақ мұндай бағдарламалар негізінен мәтін бойынша тексереді. «Автордың сөйлемі осыған дейін жа­зылған қандай да бір ғылыми жұмыста кездесе ме, жоқ па?» деген сұраққа жауап береді. Бірақ мазмұн жағына басымдық бермейді. Мәселен, диссертацияны жазып отырған адам француз тілінде қор­ғалған еңбекті қазақшаға өңін айналдыра аударып беруі мүмкін. Мұндайда мәтін айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Ал осындай қулықпен құтылып кетпес үшін жұрт мақтаған бағдарламадан кедер­гісіз өткендерді мазмұн жағынан тек­серетін сарапшылар кеңесі қажет. Еуропа елдерінің университеттерін айтпағанда, ресейлік белсенді ғалымдар өздері бастама көтеріп, «Диссернет» атты тәуелсіз желілік қауымдастығын құр­ды. Осыдан бес ай бұрын аталған қауымдастық бұған дейін антиплагиат бағдарламасынан өтіп, ғылыми атақ алған біраз шенеуніктің жұмысын тексеріп, нәтижесінде Ресейдегі әрбір оныншы ректордың еңбегінен плагиат тапқанын жариялады. Осыдан-ақ кез келген күшті антиплагиат бағдарламасы ғылымды «академиялық ұрлықтан» тазартуға 100 пайыз кепілдік бере алмайтынына көз жеткізуге болады. Сондықтан қалайда сауатты, объективті, тәуелсіз сарапшылардан құралған ықпалды ұйым, дәлірек айтқанда мимен орындалған ойдың жұмы­сын електен өткізуге адами фактор керек-ақ.
 Плагиаттың артында сауатсыздық жатыр
Базасында 3800 ғылыми журнал бар, әлемдегі ең ірі «Elsevier» ғылыми компаниясының Орталық Азия бойынша директоры Әлия Оспанова академиялық адалдық мәселесінде бірталай проблеманың бар екенін айтады.
– Біріншіден, плагиаттың не еке­нін, жұмыстарды қалай дұрыс дайын­дау, мақалаларды жазу ережелерін бакалав­риаттың бірінші курсынан бастау керек. Біздің ізденушілер өкінішке қарай, біреудің жұмысын көшіріп, диссертациясына қоса қоюды дұрыс деп санайды. Ең үлкен қателік осы жерден басталады.
Екінші мәселе – сілтеме беру. Оны қалай жөнді жасау керегін білу қа­жет. Қолданбалы әдебиеттер тізімін қол­мен жазуға болмайды, бұл үшін әлем­ге әйгілі Менделей (Mendeley – биб­лиографиялық ақпаратты реттейтін, бас­қаратын ака­демиялық әлеуметтік желі) сияқты тегін құралдарды қолдану керек, – дей­ді халықаралық сарапшы. Оның ойын­ша, плагиаттың артында әдейі ауырдың үстімен, жеңіл­дің астымен әрекет етуі ғана емес, сауат­сыздығы да жатыр.
Плагиат дегеніміз – тек қана біреудің еңбегін көшіре салу немесе аударып алу емес, техникалық тұрғыда сауатсыз жазыл­ған жұмыс. Өйткені техникалық талаптары сақталмаған, дұрыс жасалмаған цитата да плагиатты көрсетеді.
Шынында, халықаралық индексі жоғары журналдардағы ғалымдардың ғылыми еңбектерін терең талдай алатын маманның сөзінде жан бар. Себебі еліміздегі бакалавриат, магистрант, докторанттарды былай қойғанда, ғылымды жасап жүрген ғалымдардың өзі ғылыми мақала жазудың техникалық талаптарын толық меңгермегеннен сүрініп жатады.
 Түйткілдің тамыры – тәрбиеде
Бұл түйткілдің тамыры тым тереңде. Бала кездегі көрініс, оқушылық өмірдің оқиғаларын санамызда қайта жаңғыртып көрейікші. Есіңізде ме? Бейнелеу өнері пәнінен берілген қиын суреттерді сала алмасақ, үйдегі үлкендерден көмек сұрайтынбыз. Көмек деп өзімізді ақтап алғы­мыз келеді, ақиқатында бұл да біреу­дің еңбегін ұрлау. Үлкендер де бетімізден қақпай, суретті салып береді, болмаса қара қағазбен немесе терезеде қойып бас­тыруды ұсынатын. Әлдекімнің көз майын тауысып салған суретін бастырып алудың аяғы болашақта академиялық адалдықтан ада адам болып қалыптасуға алып келетініне мән бермейміз. Мұндай көрініс өткеннің еншісінде қалды десек, қателесеміз. Осы күні әлеуметтік желі­лерді қарап отырсаңыз, оқушылардың үй тапсырмасын ата-аналары орындап отырады. Иә, білім саласындағы жүйе­нің, жыл сайын жаңартылатын бағ­дарламаның балаға оңай тимесі түсінікті. Бірақ бұл бүгінгі ұрпақты өзіміз өткен жолмен тәрбиелеп, сол сүрлеуге салып жатқанымызды ақтап ала алмайды. Өйт­кені қазіргі көп ата-ана – кешегі парталасынан немесе көршісінен көшіріп алуды қалыпты қабылдағандар. Түптеп келгенде плагиаттың түп-тамыры үй тапсырмасын өзгеге орындату мен сыныптасыңнан көшіріп алудан басталатыны адам санасына бала кезден сіңбейінше, түйткілдің түйінін түбегейлі тарқату қиын. Осы тақырыпты талқыласқан замандас ғалым Аустриядағы оқуы кезінде басынан өткізгенін айтып, ой түюге итермелеп еді. Отандық ғалым шетелдегі жиған білімін дәлелдейтін қорытынды емтиханда көрші партада отырған курстасының парағына жай ғана толтыру форматын көру үшін мойын бұрып қарапты. Сонда шетелдік ізденуші бұл әрекетінің жабайылық екенін айтқан екен. Ал қазақстандық ғалым: «Бұл бізде әдетке айналып кеткен ғой әрі мұндайды қалыпты қабылдаймыз. Ең жаманы да – осы», дейді. Дөп сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет