Критерийлері
|
Қойылатын талап
|
Жоғарғы ұпай саны
|
Тақырыпты түсінуі
|
— мысалдар келтіре отырып, түсініктерді анық және толық қарастыра алуы;
—қолданылған түсініктері тақырыпқа сай болуы;
—жұмысты өз бетінше орындауы.
|
2 ұпай
|
Мәселені бағалай білуі
|
— сауатты талдай білуі;
— салыстыру және жалпылау әдістерін түсініктер мен құбылыстарға өзара байланыста бере алуы;
— қаралатын мәселеге өзіндік көзқарасының болуы;
— қолданатын ақпараттар диапазонының кеңдігі;
— мәтінді графиктер мен диаграммаларға сала алуы;
— мәлелені өзі бағалай білуі;
|
4 ұпай
|
Ой- толғау жасай білуі
|
— мазмұнының анық және ашық болуы;
— дәлелдеу логикасын құрастыра білуі;
— ұсынылған тезистерге сауатты аргумент келтіре білуі;
— әр түрлі көзқарасты келтіре отырып, оны бағалай білуі.
— мазмұндаудың жалпы формасының мәселеге сейкес келуі.
|
3 ұпай
|
Жұмысты орындауы
|
— жұмыс цитаталарды қолданудың талаптарына сай;
— лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкес болуы;
— орфографиялық және пунктуациялық талаптарға сәйкес болуы;
— талап формасына сәйкес болуы
|
1 ұпай
|
Рефлексия арқылы адам өзіне өзінің ойлау деңгейінен ғана емес, өзгенің көзқарасы арқылы да қарауы тиіс, яғни «Маған айналамдағылар қандай баға беруі мүмкін?» немесе «Мен өз ортамда қандай деңгейде тұрмын?» деп ойлануы да жатады. Рефлексия әрекетті қолдап, оны бекітіп отырады. Жалпы, әрекетсіз рефлексия, рефлексиясыз әрекет болмайды Адамның өзінің (немесе өзгенің) санасына, ойлауына және мінез-құлқына, қол жеткізген білімі мен қылықтарына назар аударуы, ой елегінен өткізуі рефлексия деп қарастырылады. Рефлексия - адамның өз ойын, сезімі мен уәждерін ұғынуы, талдауы. Ой, сөз, қиял сияқты саналы қызметтің барлығы да рефлективті ойлау бола алады.
Психологияда және тұрмыстағы мағынасына қарайтын болсақ, рефлексия адамның өзіндік талдауы, өз жағдайын, қылықтарын, өткен оқиғаларға таладу жасауы. Оның барлығы адамның даму деңгейінен: білімділігінен, моральдік сезімі мен өзін-өзі бақылау дәрежесінен байланысты
Қазіргі таңда адамның өз әрекетіне рефлексия жасаудың көптеген түрлері бар. Соның бірі ретінде эссені қарастыруға болады. Жалпы, «эссе» сөзі орыс тіліне француз тілінен енген және оның тарихы латынның exagium (өлшеу, таразылау) сөзінен бастау алады. Француздың «еззаi» сөзін тура аударғанда тәжірибе, сынама, қадам, очерк деп беруге болады.
Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін, сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды. Л.П. Крысинның "Толковый словарь иноязычных слов" деген еңбегінде эссе "жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде қандай да бір мәселені сөз ететін очерк» деп берілген. Ол – ауызекі сөйлеу тіліне бағытталған, ерікті түрде , көбінде пародаксалды мазмұндалатын автордың дара ұстанымын танытатын проза түріндегі философиялық, әдеби-сын, тарихи-библиографиялық, публицистикалық жанр. "Әдебиеттің қысқаша энцикпедиясында" («Краткая литературная энциклопедия»): "Эссе – бұл жеке тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма»,-деп берілген.
Эссе соңғы жылдары танымал бола бастады. Бұл жанрды қалыптастырушы ретінде М.Монтень ("Опыты", 1580 г.) саналады. Бүгінгі таңда эссе жиі қолданылатын тапсырма түрі ретінде ұсынылады. Ол құжат пакеттерінің негізгі компоненттерінің бірі (оқу орнына түскенде немесе жұмысқа орналасқанда) болып табылады. Эссе байқауы көпшіліктің ішінен ең үздігін таңдап алуға көмектеседі [1,41].
Эссе жазу жас мамандар үшін де маңызды. Себебі, кандидат өзін қалай көрсеткені, өз жетістіктері мен жеңіліс тапқан сәттерін қалай суреттегені жұмыс берушіге немесе байқауға қатысушыны бағалауға, оның компания үшін қандай пайда әкелетінін анықтауға мүмкіндік тудырады.
Эссе құрылымы мен жоспары:
Эссе құрылымы оған қойылған талаптарға сай анықталады:
1) белгілі бір мәселеге қатысты эссе авторының ойы қысқаша тезис үлгісінде беріледі (Т);
2) ой дәлелдермен бекітіліп отыруы қажет, сол үшін тезистен соң дәлелдер (аргументтер) (А) беріледі.
Дәлелдер (аргументы) — бұл қоғамдық өмір фактілері, құбылыстары, оқиғалар, өмірлік жағдаяттар мен тәжірибелер, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдар пікіріне жасалған сілтемелер және т.б. Әрбір тезиске қатысты екі дәлел жазған жөн: бір дәлел сенімсіздеу шығуы мүмкін, ал үш дәлел қысқалық пен бейнелілікке бағытталған жанр түрінде орындалған шығарма үшін тым көптік танытуы ықтимал Сонымен, эссе бірінен бірі туындайтын сақиналы құрылымды болады (тезистер мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдалып алынған жоспар мен логикаға, ойдың дамуына байланысты). Сонымен, эсседе ой айтылады, ол дәлелденеді, сосын тұжырымдалады.
Эссенің негізгі белгілерінің бірі - көлемінің шағындығы.Қандай да бір қатаң шек қойылмайды, әрине. Эссе көлемі компьютермен тергенде 7-10 беттей болуы керек. Гарвард бизнес мектебінде көбінесе екі-ақ бетке жазылады. Ресей университеттерінде 10 бетке дейін жаза беруге болады.
Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс. Адамды ой салатын шығармадағы кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді. Эсседе, міне, осындай белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс. Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа идея тудырып отыруы абзал.
Эссе ойды еркін жеткізуге бағытталған шығарма болғанына қарамастан, ол нақты құрылымға ие.
Бірінші абзац – әдеттегі кіріспе, ол эссенің жалпы көлемінің 30%-нан аспауы керек. Кіріспе оқушыға эссені әрі қарай оқуға түрткі болуы тиіс. Ол үшін философиялық шығармалардың жолдарын, деректерді, цитаталарды, сұрақтарды қолдануға болады. Кіріспеде эссенің негізгі ойы айтылып, оның мазмұны негізгі бөлімде толық ашылуы керек.
Негізгі бөлім. Ол эссенің жалпы көлемінің 60%-ын құрайды, онда эссенің негізгі идеясы ашылып жазылады. Оны нақты деректермен, жарқын сипаттамалармен, ой толғаулармен, цитаталар немесе өзге де ақпараттармен толықтырған жөн.
Эссенің соңғы бөлімі - қорытынды. Ол эссе мәтінінің 10%-ын құрайды. Қорытындыда өз әлеуетіңізді, тұжырымдарыңызды, проблемаға көзқарастарыңызды, оны шешу мүмкіндіктеріне байланысты өзіңіздің ұсыныстарыңызды және т.б. көрсетуіңіз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |