Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі



бет5/35
Дата05.10.2022
өлшемі321,89 Kb.
#41478
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Ойды еркін жеткізу
Ойыңызды жинақы, нақты, анық етіп жазу маңызды. Жазуыңызға да мән беріңіз: нашар жазудан емтихан тексеруші сіздің не айтқыңызды келгенін түсінбеуі мүмкін, сондықтан шимай-шатпақсыз, таза әрі түсінікті етіп жазуға тырысыңыз.
Нақты мысалдар келтіру
Эсседе сіз пікіріңізді аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеуіңіз керек. Демек көп балалы болу дұрыс деп ойласаңыз, неге осы позияцияны қолдайтыныңызды түсіндіріңіз.
Тақырыптан ауытқымау
Кез келген мақала, эссе, шығарма жазу кезінде шегініс жасаудың қажеттілігі жоқ. Яғни тақырып нақты “Көп балалы болудың артықшылықтары мен кемшіліктері” болса, сол тақырып аясында ой толғаған дұрыс.
Ойды еркін жеткізу
Ойыңызды жинақы, нақты, анық етіп жазу маңызды. Жазуыңызға да мән беріңіз: нашар жазудан емтихан тексеруші сіздің не айтқыңызды келгенін түсінбеуі мүмкін, сондықтан шимай-шатпақсыз, таза әрі түсінікті етіп жазуға тырысыңыз.
Нақты мысалдар келтіру
Эсседе сіз пікіріңізді аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеуіңіз керек. Демек көп балалы болу дұрыс деп ойласаңыз, неге осы позияцияны қолдайтыныңызды түсіндіріңіз.
Эмоцияналды-экспрессивті сөздердің қолданылуы
Эсседе эмоцияналдылыққа рұқсат етіледі, көркем әдеби стильде жазылады. Алайда, жаргон, қысқарған сөздерді қолдану және ауызекі сөздерді пайдалануға тыйым салынады.
Берілген көлемді сақтау
Әдетте эссенің көлемі 200-250 сөзді құрайды. Одан аз немесе көп сөз жазу емтиханнан төмен нәтиже алып келуі мүмкін, сондықтан берілген стандарт пен форматқа сәйкес жазуға тырысу керек.


Лекция 3
Ғылыми эссенің талаптары
1. Ғылыми эссенің тілі.
2. Ғылыми эссенің стилі.
3. Зертеудің әдіс-тәсілдері

Ғылыми-стиль - зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет.


Ғылыми стиль-жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын-зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік:
1) сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмасалды.
2) сөздің көп мағыналылығы, образады сөздер мұнда аз кездеседі.
3) ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі - ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде.
Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шағын стиль.
Ғылыми стильдің мазмұндық ерекшеліктері: нақтылық, объективтілік, қисындылық. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі - терминдер. Терминдер - ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер жатады. Ғылыми стильдің грамматикасының жазылу стилінің екі түрі бар. Бірі-стильдік мәнері толық қалыптасқан, екіншісі-ғылыми стильден ауытқушылығы басым келетін ғылыми шығармалар. Ғылыми стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау, ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің сыртқы элементтері, кіріспе, бөлім, қорытынды. Ғылыми стильде метафоралар кездескенмен, оның бейнелілік, көркемлік қасиеті бәсең болады. Есімді сөйлемдермен қатар етістікті сөйдемдер өте көп кездеседі. Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша түрлері кездеседі. Ауызша түрінің жазбаша түрден айырмашылығы оның стилінің еркіндігі деп айтуға болады.
Ғылыми стиль ерекшелігі. Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Яғни ғылыми стильде сөз көп мағыналы болып келмейді. Тек сөздің белгілі бір анықтамасы арқылы қолданылады. Сонымен қатар ол сөздің мағынасын ашу үшін де ғылыми стиль қолданылады. Қазіргі таңда ғылым даму үстінде. Сол себепті күннен-күнге жаңа ғылыми сөздер пайда болуда. Адамдар осы сөздерді ғылыми стильді қолдана отырып мағынасын жазуда. Сол арқылы жаңа пайда болған сөздер жалпы халықтық лексикаға айналады.
Ғылыми стиль түрлері.
Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
Эссе - франц. “essay”, ағылш. “assay”- байқау, көру, очерк; латынша “ exagium” салыстыру, өлшеу деген мағынаны білдіреді. Эссе жанрын ашқан М. Монтень болып табылады (“Тәжірибелер”, 1580 ж.).
Ол шағын көлемдегі проза түріндегі еркін композиция. Қандай да бір мәселені еркін түрде жазу, сын және публицистика жанры. Эссе нақты тақырып бойынша жеке әсері мен ой толғанысын бейнелейді және затты анықтау немесе аяқтау мүмкіндігіне ие болмайды. Эссе - жаңа, бір нәрсе туралы әдемі боялған сөз және философиялық, тарихи- биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми кең таралған, беллетристикалық тұрғыда жазылады.
Эссенің мақсаты- өз бетінше автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру.
Эссе жазу пайдалы, себебі ол автордың өз ойын нақты және сауатты тұжырымдауына көмектеседі
Эссе қойылған мәселенің нақты мазмұнын көрсетеді.Онда өз бетінше жүргізілген талдаулар жазылуы тиіс. Эссе формалары қандай пәнге немесе тақырыптарға байланысты жеке ерекшелігіне сай жазылады.
Эссе тақырыбы нақты бір түсінікті анықтау мазмұнын ғана жазбауы тиіс, оның мақсаты- адамды ой толғауға итермелеу. Эссе тақырыбында мәселені ойлау төңірегіндегі сұрақтар болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет