Мемлекеттің одан әрі өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын
демократиялық қоғамды құратын парасатты және бiлiмдi студент тұлғасын
дайындауда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң атқаратын маңызы зор екенi сөзсіз.
Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие
құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақ қана ұлт тағдырын терең таразылап,
болашағын барынша болжайтын қоғам сұраныстарына жауап беретін
әлеуметтенген тұлға ретiнде танылатыны анық. Бұл тұрғыда ұрпақтың ұлттық
тәрбиесін жаһандық деңгейге көтеру, оны әлемдік деңгейде еркін насихатау
қажеттілігі туындайды.
Осы тұрғыдан қарастырғанымызда жаһандану жағдайында ұлттық
тәрбие мәселесі қоғамға қажетті әрі жеткілікті әр ұлттың өзіне тән менталдық
құндылықтарын қалыптастырумен байланысты. Біз, жоғарыда адамзат
қалыптасуымен және қоғамдағы түбегейлі әлеуметтік өзгерістермен
байланыста ұлттық тәрбиенің мазмұнын анықтайтын негізгі мәселелерін
құрылымдық-мазмұндық модель мүмкіндігінде көрсеттік.
Бұл теориялық модель ұлттық тұлғаны қалыптастыруда тәрбие
негіздерінің мазмұндық мәнін бір-бірімен сабақтастыра кіріктірген
өлшемдерінің төмендегідей сипатын ашады. Көрсетілген модель жаһандану
жағдайында ұлттық тәрбие беруге бағытталған мазмұндық, мотивациялық, іс-
әрекеттік компоненттерден тұрады (6 – кесте).
Мотивациялық компонент - тұлғаның ұлттық тәрбиені меңгеруге деген
қызығушылығы, құштарлығы, жаңашылдыққа ұмтылуы, саналы талпынысы.
Мазмұндық компонент - тұлғаның ұлттық құндылықтарды меңгеруі,
ұлттық тәрбиелік ғылыми білімдерді меңгеруі.
Іс-әрекеттік компонент - ұлттық мінез-құлық дағдыларын, ұлттық
рухани сапаларды жүзеге асыруы.
Көрсетілген өлшемдердің негізінде жоғары мектеп студенттеріне
ұлттық тәрбие берудің төмен, орта, жоғары деңгейлері анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: