арттырған. Олар өзінің әрекеті жайлы мазмұнына, мәтіні мен мақамына,
әуеніне, орындалу ерекшелігіне халық назарын аударған.
Ән қазақ халқының күнделікті өмірінде және тұрмыс-тіршілігінде
көрініс алып отырды. Халық әндерінде отбасындағы болатын оқиғалар мен
мерекелер де суреттелген.
Халық тудырған көптеген мақал-мәтелдердің арасынан ұлттық
тәрбие тақырыбын, оның маңыздылығын философиялық тұрғыда ой
елегінен өткізуге, адамның өмірге деген көзқарасын моральдық-этикалық
тұрғыда бағалауға байланысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.
Мұндай мақыл-мәтелдер ұлттық тәрбиені жүзеге асыруға септігін тигізеді,
педагогикалық ықпал етудің құралдарын жетілдіреді, сондай-ақ өзінің
афоризмдік және поэтикалық сарынымен адам есінде тез сақталады.
Халықтың мақал-мәтелдері – педагогикалық дана өсиеттердің
сарқылмас бұлағы, адам тіршілігінің мағынасын түсіне бастаған ұрпақ
тәрбиесіне арналған тағылым қайнары. Олар өмірде меңгертілетін шынайы
моральдық нормалардың мазмұнын көрсетеді. Сонымен, мақал-мәтелдер
уақыт сынағынан өткен тәрбие құралдары және жалпы адами
көзқарастардың формулалары ретінде белгілі бір педагогикалық рөлді
атқарады. Халықтың рухани мәдениетінің мұрасы болып табылатын
бірнеше ғасырлық тәжірибе мен өткендегі ерліктерді бойына жинақтаған
эпостық жырлар ата-балалардың мейірімді істерін, елі мен жерін
қорғаудағы батырлық пен ерлік өнегесін жастардың есінде сақтап жүруіне
тікелей ықпал ететін болған.
Қазақ эпостары – бұл айбынды поэмалар, өлең түріндегі батырлар
эпопеясы. Оларды музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен асқақтатып,
әңгімелей отырып орындауға болады. Халық арасында анағұрлым кең
тараған эпостар: «Қобыланды батыр», «Қосай батыр», «Ер тарғын»,
«Алпамыс батыр», «Едіге батыр» және т.б.
Халық қиялынан поэма түрінде туындаған эпостардан қазақ
халқының өмірлік тәжірибесін байқауға болады. Эпостар ешқашанда өзінің
өмірдегі маңыздылығын жоғалтқан емес, өйткені оны халықтың өзі
жасаған. Оны халық жүздеген жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп,
өзінің рухани мәдениетінің құнды мұрасы ретінде өзгерссіз қалпына
біздің
заманымызға дейін әкелген.
Достарыңызбен бөлісу: