Дәстүрлер арқылы тәрбиелеу әдістері: дәстүрлермен танысу, оған
бейімдеу, оны баланың орындауы, дәстүрлерді сақтау, дамыту;
Ойын арқылы тәрбиелеу әдістері: рөлдік ойындар (иммитация), жарыстар,
күш сынасулар;
Қоғамдық пікір арқылы тәрбиелеу әдістері: құптау, мадақтау, жазалау,
жазғыру, кінәләу, тиым салу, қауіп-қатер, марапат т.б.
Зерттеулер дәлелдеуі көрсеткендей, ұлттық тәрбиенің әдістері нақты
тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Тәсіл педагогикалық әрекеттің элементі
ретінде нақты жағдайға байланысты тәрбие әдістерінің ойдағыдай жүзеге асуына
ықпал жасайды: тұлғаның жасы, жеке ерекшеліктері, тәрбиелеу жағдайлары,
тәрбиелеудің қалыптасқан дәстүрлері т.б.
Ұлттық тәрбие әдістерін зерттеу барысында кейбір еңбектерде «тәрбие
тәсілдері» деген ұғым кездеседі, оның мазмұндық толымдылығы нақтыланбаған.
Тәсілдер ретінде, сендіру, тапсырма беру, мадақтау, жазалауды т.б. айтқан.
Тәрбие тәсілдері белгілі бір әдісті нақтылау құралы. Біздің ойымызша, ұлттық
тәрбиедегі жазалау бірнеше түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылған: ұялту,
сүйсіну сезімінен айыру, белгілі бір шарттарға байланысты жаттығу әдісіне
машықтандыру
(жаттықтыру)
жатады
ырымшылдыққа,
әдептілікке,
қонақжайлыққа, ізеттілікке, инабаттылыққа машықтау.
Әдістердің әр тобының көлемінде біз жалпы тәсілдерді көрсеттік. Сөздік
әдістер белгілі бір фольклорлық шығарманы орындау арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық тәрбие беруде фольклор шығармалары кең қолданылады. Қоғамдық
пікір арқылы әдісінің жүзеге асуында жинақталған тәсіл ретінде белгілі бір
ықпалды пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: