Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет45/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Бақылау тапсырмалары
1.  Тәрбиеленушілер  арасындағы  өзара  қарым-қатынастарының  сапасы  мен 
қарқындылығы. Бұл - ... 
А) педагогикалық заң 
В) педагогикалық ұстаным 
С) педагогикалық заңдылық 


D) педагогикалық принцип 
С) педагогикалық талап 
Дұрыс жауап – С 
2. «Ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын жалпылама қоғамдық қатынастардың 
ережелері» - не деп аталады? 
А) салт 
В) дәстүр 
С) әдет 
D) салт жоралғылар 
Е) 
Дұрыс жауабы – В 
 
 
Дәріс № 
Тақырыбы: Ұлттық тәрбиенің мазмұндық заңдылықтары 
Жоспар: 1. Ұлттық тәрбиенің мазмұндық заңдылықтары. 
2. Ұлттық тәрбие қағидалары. 
Дәріс тезистері: 
Өткен  ХХ  ғасыр  ғылыми-техникалық  прогресс  пен  этникалық 
сананың шыңдалуы сияқты екі ұлы құбылыстың тоқайласқан тұсы болды. 
Дәл  осы  кез  жер  бетіндегі  этностардың  төлтума  қасиеттері  әбден 
сараланған, ұлттық болмыстары мейілінше жетілген, өздерінің этникалық 
дербестігін  сезінетін  саналары  ерекше  шыңдалған  жалпыадамзаттық 
жетілуінің  соны  кезеңі  болды.  Міне,  осылардың  негізінде  жер  бетіндегі 
халықтар  ХХ  ғасырдың  60-шы  жылдарында  отарлық  бұғауынан  түгел 
дерлік құтылды. Қайсы бір бұрынғы отар елдер жеделдетіп дамып кетті. 
Өз  тағдырының  тізгіні  өз  қолына  тимеген  қазақ  сияқты  этностар 
үшін  ғылыми-техникалық  прогресс  пен  өзге  тәлім-тәрбие  ұлттық  дамуға 
негіз бола алмады. Себебі, ғылым мен техника, жаңаша білім беру жүйесі, 
тәрбие  олардың  төл  болмысынан  жетілмей,  өктем  ұлттар  мен 
мемлекеттердің  экспансиялық  қаруы  ретінде  сырттан  енгізілді. 
Нәтижесінде,  әлсіз,  аз  этностар  өздерінің  төлтумалығын  көмескілеп, 
ассимиляцияға ұшырап, ұлттық қорғаныс тетіктері болып табылатын салт-
дәстүрлерін,  тілін,  мәдениетін,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық  болмыстарын 
жоғалта бастады. 
Ұлтқа,  еліне  қызмет  етудің  ерен  үлгісін  көрсеткен  ХХ  ғасыр 
басындағы қазақ зиялылары ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. 
Мәселен,  Мағжан  Жұмабаев:  «Әр  тәрбиешінің  қолданатын  жолы  –  ұлт 
тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-
жеке жолы бар, әрбір ұстаз, тәрбиеші онымен таныс болуы тиіс»  - дейді. 
Жалпы  алғанда  елдің  елдігін  сақтап,  көсегесін  көгертетін  ұлтжанды, 


жігерлі,  білімді  ұрпақты  қалай  тәрбиелеп,  өсірудің  жолдарын  үйрету 
туралы  жазбаған  бірде  бір  Алаш  зиялысы  болған  жоқ  десек  артық 
айтқандық  болмайды.  Міржақып  Дулатовтың  төмендегі  отансүйгіштік 
өлеңі оған толық дәлел бола алады: 
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, 
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш. 
Қалғанша жарты жаңқам мен – сенікі: 
Пайдалан шаруаңа жараса алаш. 
Алайда, Кеңес өкіметі тұсында этномәдени білім мен тәрбиеге көңіл 
аударылмағанын  айтпағанда,  ұлтын  сүю,  «ұлтшылдық»  деп  айыпталды. 
«Алаш»  азаматының  ұлты  үшін  істеген  игі  бастамалары  аяқасты  етілді. 
Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  Қазақстан  саяси  тұрақтылық  пен  жаңа 
азаматтық  қоғам  қалыптастыруда  бірізді  саясат  ұстанып  отырғаны 
құптарлық.  Бірақ,  ұлттану  саласында  әлі  де  бұрынғы  қатып  қалған 
қағидалардан  арыла  алғанымыз  жоқ.  Бұл  әсіресе  «ұлтын  сүю», 
«ұлтжандылық», дәлірек айтсақ «ұлтшылдық» ұғымдары мен соған сәйкес 
түсініктеріміз төңірегінде айқын аңғарылады. Ал бұларсыз отансүйгіштікті 
елестетудің өзі мүмкін емес. 
Әл-Фараби  ізгі  қоғам  құру  үшін  мәселені  ең  алдымен  жастар 
тәрбиесінен  бастау  керек  –  дейді.  Себебі,  келешек  қоғамның  болашағы 
тәрбиелі, білімді жастар. Сондықтан тәрбие мәселесін білім беруден бөліп 
алуға болмайды. Қайта оны үнемі басты назарда ұстап, ең маңызды мәселе 
ретінде қарастыру толыққанды ұлттық тұлғаны тәрбтелеуге негіз болады. 
Білім сапасы саналы тәрбиемен ұштасқанда ғана ұлт, мемлекет және халық 
мүддесіне  қызмет  етіп,  қоғам  өзінің  рухани  дамуында  үлкен  серпіліс 
жасайды.  Тәрбие  мен  білім  бірегей,  қатар  жүретін  үрдіс.  Ендеше,  жас 
буынның  бойында  ұлтжандылықты  қалыптастыру  -  жаппай  жаһандану 
заманында ұлттық үрдістерімізді сақтап қалудың бірден-бір жолы. 
Өткенімізді сараптап қарағанда, халқымыздың басындағы тағдырлы 
жылдардың  өз  сипатына  сай  отаншылдық  қасиетті  өзегіне  айналдырған 
ерліктері ұлттық тәрбиені жаһандық деңгейде дамытуға негіз болады. 
«Мәдени мұра» бағдарламасының негізінде рухани саланың барлық 
жағы,  көне  дәуірден  қазіргі  заманға  дейінгі  әлемдік  әдебиет,  өнер, 
қоғамдық-әлеуметтік,  әлеуметтік-гуманитарлық,  саяси-құқықтық,  жалпы 
ғылыми-танымдық  ойлардың  тұтас  дамуын  ұлттық  тілімізде  меңгеру 
мүмкіншілігі қалыптасып отыр. 
Бағдарлама мазмұнында дүниежүзілік өркениеттің бір бөлігі ретінде 
ұлттық рухани қазынамыздың тарихы, әдебиеті мен өнері, философиясы, 
педагогикасы мен психологиясы, жалпы қоғамдық дамуы да тыс қалмаған. 
Ал рухани өмір тарихын көне заманнан бері қарайғы айтулы тұлғаларсыз 
елестету мүмкін емес. Олай болса, бұрын арман болған, өз бастауын әріден 


алатын сан мыңжылдық тарихы бар түркі – тұран мәдениетінің мирасқоры 
қазақ  халқының,  өз  ұлтымыздың  бұрынғы  және  кейінгі  рухани  әлемінен 
өскелең  ұрпақты  хабардар  етіп,  келер  ұрпаққа  құнды  дүние  қалдыру 
әлемдік деңгейде ұлтымызды дамытудың негізгі бағыты екені сөзсіз. Бұл 
бағытта  ұлы  Абайдың  идеялары  ұрпақ  тәрбиесінде  пайдаланатын  үлкен 
қазына. 
Абай  заманымыздағы  өз  орны  бар  ойшыл,  дана,  тағылымы  зор 
тәлімгер тұлға. Ол өз заманынан оза туған тұлға. Шын тұлға, нағыз зиялы, 
халық  тағдыры  тұйыққа  тірелгенде,  немесе,  ұлт  тарихында  жаңа 
бетбұрыстар болғанда көш бастайды, тың бастамаларға себепкер болады. 
Ал  мұндай  тұлғалар  өмірден  өткеннен  кейін,  олар  артына  қалдырған 
рухани  мұралар  кейінгі  ұрпақтарға,  бүкіл  қоғамға  жол  көрсетеді.  Біздің 
рухани мұрамызда қасиетті деп қадірлейтін жағдайлар аз емес. Бірақ Абай 
тағылымының орны ерекше. Әсіресе, қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, 
асқар  асуларға  шақыруы  ұрпақтың    ұлттық  тәрбиесіндегі  қисынды  жол. 
«Түзу сөзге сенер ме, Түзелмесін  білген ез»-  дейді.  Адамға  адасу тән, аз 
біліктен көп білікке өту тән, ақыл тоқтату, парасатпен пайымдау тән. Бұл 
қасиеттер адамға белгілі бір жаста, тәжірибемен, өмір өткелдерімен келетін 
дүние. Осы тұрғыда  Абайдың «қапы  қалдым, ескермедім, пайдасын көре 
тұра тексермедім» - дейтін ой толғаулары үлкен тәрбиелілік мәнге ие. 
Халқымыздың  ең  қасиетті  рухани  қазыналарының  бірі  –  Абай 
мұрасын  жалпы  көпшілікке,  оның  ішінде  жас  жеткіншектерге  таныту 
бағытындағы  жұмыстарды  жалғастыра  беру  бүгінгі  ұрпақтың  да,  келер 
ұрпақтың да қасиетті парызы. Өйткені, Абай өзінің туған халқымен мәңгі-
бақи бірге жасайтын, ғасырлар бойы халқын жаңа биіктерге бастап, асқар 
асуларға қайталанбас тұлға. 
Ұлттық тәрбиенің мазмұндық заңдылықтары: 
-  ұлттық  тәрбиенің  мазмұндық  ерекшелігі  алдыңғы  қатарлы  мәдени 
дәстүрлерімен,  қоғамдық  өмірдің  экономикалық,  әлеуметтік  жағдайларымен 
негізделген; 
- ұлттық тәрбиенің мазмұны сүйіспеншілі мен парасаттылық талабы қатар 
жүретін әлеуметтік қатынастардың арақатынасымен анықталады; 
-  қоғамда  толыққанды  өмір  сүруге  дайындық  тұлғаны  жан-жақты 
дамытудың мүмкіндіктерінің болуын талап етеді; 
- ұлттық тәрбиеде жеке тұлғаның қасиеттері, мінез-құлық ерекшеліктері, 
баланың адамгершілігін, жыныстық және өзіндік сипатын ескеру. 

ұлттық  тәрбиенің  және  технологияларының  заңдылықтарын 
ұйымдастыру. 
- ұлттық тәрбиенің әсерлілігі, тәрбие ортасының болуы; 
-  ұлттық  тәрбиенің  сапасы  ұлттық  мәдени  және  педагогикалық 
дәстүрлерінің сақталу дәрежесіне байланысты; 


-  ұлттық  тәрбиенің  нәтижелілігі  оның  объективті  факторларының  
субъективті  үстемдік  етуімен,  бала  өмірі  мен    тәрбиесінің    табиғатымен  біте 
қайнасуымен  байланысты; 
-  ұлттық  тәрбиенің  табысты  болуы  әйелдердің  қоғамдағы  орнына, 
отбасындағы құптарлық қарым-қатынастардың стиліне байланысты; 
-  ұлттық  тәрбиенің  тиімділігі  тұлғаның  ішкі  және  жеке  құрылымына 
тәрбие әдістерін оңтайлы түрде үйлестіре отырып әсер етуі. 
Әдіснамалық зерттеулер анықтағандай, тәрбие заңдылықтары әлеуметтік 
заңдар сияқты көп деңгейлі біртұтастықтан тұрады. Олар: 
- тәрбие заңдарының объективтілігі; 
- мазмұны, әсер ету механизмі; 
- бір жағдайда пайдалануы. 
Ұлттық  тәрбиенің  заңдылықтары  мен  әрекеттері,  оның  теориялық 
зерттеулермен  тығыз  байланысты.  Көптеген  зерттеу  жұмыстарында  тәрбиенің 
қағидаларына  тәрбие  үрдісінің  ұйымдастырылуы  мен  мазмұнын  анықтайтын 
жетекші  идеялар  жиынтығын  ұсынады.  Кейбір  зерттеушілер  тәрбиелеу 
заңдылықтарын оның қағидалары ретінде қарастырады, бұның астарында оқу-
тәрбие саласын ұйымдастырудың талаптары жатады. 
Ұлттық тәрбиелеу қағидалары оның ішкі заңдылықтарына шын мәнінде 
нақты  болады,  бірақ  оларға  толығымен  дәл  келмейді.  В.А.Сластениннің 
айтуынша,  заңдылықтар  мен  арасындағы  ішкі  байланыстар  олардың 
мәнділігінде. Қағидалар тәрбие үрдісінің жалпы бағытының, оның мазмұнына, 
әдістемесі мен ұйымдастырылуына қойылатын негізгі талаптардың өзегі болып 
табылады. 
Ұлттық тәрбиеде қағидалардың екі тобы бар. Біріншісі – ұлттық тәрбиенің 
мақсаттарын,  мазмұнын,  әдістерін  анықтайтын  қағидалар;  екінші  -  ұлттың 
қалыптасу тарихы және мәдениеті. 
Ұлттық тәрбие қағидаларының негізін Я.А.Коменский көрсеткен табиғи 
сәйкестік  қағидаларымен  үндестіруге  болады.  Бұл  қағида  тұлғаның  қабілетін, 
қызығушылығын,  бейімділігін,  жас  ерекшелігі  мен  жынысын  ескере  отырып 
тәрбиенің  көптүрлі  тәсілдерін  пайдалануды  нұсқайды.  Ұлттық  тәрбиеде 
қоршаған айналаға қарым-қатынасын қалыптастыру көзделеді; қоғамға, еңбекке, 
адамдарға, Отанға, табиғатқа деген қатынастар т.б. Өмірі толығымен мәнді болуы 
үшін  баланың  бойында  қажетті  қарым-қатынастырды  дамытқан  және  ұлттық, 
аймақтық, әлеуметтік жағдайлармен анықтайды. 
Ұлттық тәрбиенің қағидаларының бірі - өмірмен, еңбекпен байланысты 
болу  қағидасы.  Отбасы  мен  қоғамдық  өмірдің  ортасында  сондықтан,  олар 
жастайынан үлкендердің жұмысына араластырылған, есейе оның мәнін түсініп, 
қолдан  келгенше  шаруаға  көмектесетін  болған.  Еңбек  дағдыларын 
қалыптастыру, адамгершілік, психологиялық, дене тұрғысынан даярлау ұлттық 
тәрбиенің өзекті мәселесіне айналған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет