Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет67/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

ойындар  мен  мерекелер,  дебаттық  жарыстар,  дөңгелек  үстелдер 
үрдісінде жүзеге асты. 
Мұның бірі - баланың туылуына байланысты эмпровизациялық ойын 
- « 
Әлемдегi  аса  ауқымды  құбылыстардың  бiрi  –  жаһандану  дәуiрiнiң 
бiлiм,  тәрбие  және  мәдениет  жүйесiне  зор  ықпалын  тигiзiп  жатқан 
кезеңiнде  –  адамзат  ұрпағының  тағдырына  деген  алаңдаушылығы  мен 
жауапкершiлiк  сезiмдерi  толастаған  емес.  Жер  бетiнде  бақытты  ғұмыр 
кешiп  жатқан  олар  –  бабалары  мирас  етiп  қалдырған  рухани-мәдени 
қазыналарын қастерлеп, өскелең ұрпақ тәрбиесiне жаратып келе жатқаны 
шындық. 
Ұлт  болашағы  –  жас  ұрпақтың  қамын  ойлаған  әр  ұлттың  өне 
бойындағы барлық асыл қасиеттердi ұрпағының санасына сiңiрiп, өркениет 
мәдениетiнде теңдесi жоқ рухани қазынасын сақтай бiлдi. 
Ұлттық тәрбие мұраларын пайдалана отырып, жас ұрпаққа кешендi 
тұрғыда  сапалы  бiлiм,  саналы  тәрбие  берудiң  тарихи-әлеуметтiк 
маңыздылығының  жоғары  екенiн  –  бүгiнгi  таңдағы  педагогикалық 
жетiстiктер дәлелдеп отыр. Ұлт педагогикасының көпсалалы ғылым жүйесi 
екенiн  ескерсек,  оның  әр  саласы,  соның  iшiнде  –  ұлттық  тәрбие  саласы 
үлкен iзденiстердi қажет ететiнi анық. 
Ұлттық тәрбие мәселесi бойынша кейiнгi жылдары iргелi зерттеулер 
жүргiзілiп  ғалымдардың  назарынан  түскен  емес.  Қазiрде  соңғы 
педагогикалық тәжiрибелер, сондай-ақ психологиялық-дидактикалық және 


қолданбалы педагогикалық озық технологияларға сүйене отырып, ұлттық 
тәрбие мәселелерін одан ары ғылыми негiздеп, қайта жаңғырту мен дамыту 
бүгiнде  өмір  талабы  болып  отыр.  Ұлттық  тәрбие  мұраларын  жоғары  оқу 
орны  iс-әрекеттерiнде  барынша  пайдалану  –  қазiргi  кездегi  жоғары 
мектепке  қойылып  отырған  педагогикалық  талаптардың  бiрi.  Сонымен 
қатар,  жоғары  мектепте  педагогикалық  үрдісті  ұлттық  негізде 
қалыптастыру  мәселелерін  жетекшi  ғалымдардың  зерттеулері  қатарына 
жатқызған  ғылыми  еңбектер  мен  педагогикалық  тәжiрибелер  молынан 
жинақталып келедi. 
Қоғамның  ұлттық  негізде  жаңаруы  жоғары  мектепте  ұлттық  тәрбие 
ісін  дамытудағы  жетекші  фактор  болып  саналады.  Бұл  оқу  орындары 
жұмысын  ұлттық  негізде  құру,  яғни  ұлтымыздың  өмірінен  орын  алған 
ұлттық  білімдер  жүйесін  тандап,  соның  негізінде  студенттерді  даярлау 
қажеттігін  дәлелдей  түседі.  Біз  ұлттық  білімдер  ұғымына  түсінік  бере 
отырып, ұлттық тәрбие терминін қолдану тиімділігінің және оку орындары 
тәжірибесінде пайдаланудың тиімді жақтары ғылыми дәлелденді. 
Жоғары  оқу  орны  студентін  ұлттық  түрғыдан  қалыптастыру  басқа 
әрекет  түрлері  сияқты  іздену,  зерттеу,  оған  жүйелі  келу  арқылы  жаңа 
нәтижеге жетуді танытатын құбылыс. Бұл үрдісте алдымен оқу-тәрбие ісін 
ұлттық 
негізде 
ұйымдастыру 
жұмыстарымен 
танысып, 
оны 
ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін ғылыми ой-пікірлерге 
сүйеніп  жасау  қарастырылды.  Мұнда  студентті  ұлттық  негізде 
қалыптастыру  ісі,  оның  тұлғалық  қасиеттерін  дамытумен  сабақтас  екені 
айтылады. 
Оған  негіз  болатын  адамгершілік  қасиеттер  ұлтымыздың  тарихи 
дамуында  әр  түрлі  қиыншылықгарды  бастан  кешіру  жағдайында 
қалыптасқанын  көрсетеді.  Біз  ұлттық  ерекшеліктер  негізінде  қалыптасқан 
студент  тұлғасы  деп-  оның  әрекетін  таныта  алатын,  оқу  материалдарын 
орынды  іріктеп,  оқытуда  ұлттык  әдіс-тәсілдерді,  құралдарды  пайдалану 
арқылы  жас  ұрпақты  ана  тілінде  сөйлеуге,  әдет-ғүрып  пен  салт-дәстүрді 
құрметтеуге,  ұлттық  мәдениетті  дамытуға  бейім  және  қазақи  менталитет 
элементтері орын алатын тұлғаны айтамыз. 
Бүгiнгi таңда ата-бабаларымыз көне ғасыр қойнауынан сақтап келген 
ұрпақ тәрбиесi жөнiндегi мол тәжiрибелерi негiзiнде жас ұрпаққа ұлттық 
тәлiм-тәрбие  беру  мүмкiндігi  туып  отыр.  Жас  ұрпаққа  осы  кезге  дейiн 
жинақталған озық педагогикалық технологиялар мен тәжiрибелер негiзiнде 
жан-жақты тәрбие беру маңызды міндет деп есептейміз. 
 
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет