Элективті курстың мазмұны студенттерді ұлттық тәрбие негізінде
ұлттық тұлға ретінде қалыптастыруда моральдық-этикалық көзқарастарын,
дүниетанымын, теориялық қағидаларды тірек етіп, нені мақсат тұтқанын,
тәрбие барысында қандай құралдар мен амал-жолдары, әдіс-тәсілдерді
пайдаланғанын, тәрбие барысындағы өзіндік ерекшеліктерін қалай
ескергенін және т.б. мазмұндарын қарастырады.
Сонымен қатар, педагогикалық практикаларды ұйымдастыру
барысында да төмендегідей
ұстанымдар басшылыққа алынды:
- мектептің оқу - тәрбие жұмысында ұлттық тәрбие мазмұнын
пайдалануын бақылау;
- ұлттық тәрбие мүмкіндіктерін пайдалану түрлерін біртіндеп
күрделендіру;
- ұлттық тәрбие құралдарын пайдаланудың репрoдуктивтік және
шығармашылық түрлерін үйлестіру;
- мектептегі жұмыстың жағдайына, студенттердің жеке басының
ерекшеліктеріне,
факультеттің
өзгешілігіне
қарай
практиканың
ұйымдастырылуы мен мазмұнының саралануы.
Практиканың негізгі
міндеттері:
- қазіргі кездегі оқу орындарында ұлттық тәрбиені пайдаланудың
шынайы мүмкіндіктерін зерттеу;
- ұлттық этнопедагогикалық білімді толықтыру, тереңдету және
пысықтау;
- оқу - тәрбие жұмыстарында халықтық педагогиканы жүйелі түрде
пайдаланудың қажеттігі мен тұрақты қызығушылығын
қалыптастыру;
- студенттерде ұлттық сана сезімнің әрекеттік компоненттерін
дамыту.
1-3 курс студенттері үшін жүргізілетін педагогикалық практика
этнопедагогикалық
пәндер
негіздерін
оқумен
сабақтасады.
Этнопедагогиканың
бағыттары:
- мектеп жұмысы тәрбиесі мен танысу, балалармен жүргізілетін
тәрбие жұмыстарында халықтық тәрбиенің тәсілдерін пайдаланатын
мұғалімдердің іс - тәжірибесімен танысу;
- сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта ұлттық тәрбиені
пайдалану мүмкіндіктерін анықтау;
- ғимаратты, кабинеттерді, эмблема, киімді безендіруде материалдық
мәдениеттің элементтерін пайдалану;
- ұлт мәдениетінің әртүрлі жанрларын пайдалана отырып жарыстар
өткізу (мақалдар, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар т.б.);
- ұлт ойындарын, аймаққа тән жеке жарыстарға түсу дәстүрлерін
жандандыру;
- ұлттық бағыттағы мерекелер ұйымдастыру;
- ұлттық тәрбиелік білім білім мазмұнын сабақта пайдаланудың
жағдайлары мен амалдарын үйрену;
- ұлттық тәрбие материалдары негізінде сыныптан тыс жұмыстардың
кешенді формаларын іс жүзінде игеру;
- ұлттық тәрбиеде ата – аналармен атқарылатын жұмыстар;
- факультативтер мен үйірмелер арқылы ұлттық мәдениет
ерекшеліктерімен таныстыру.
Практиканың
мазмұны:
- Ұлттық тәрбие материалдармен мазмұндалған ашық сабақтар
өткізу;
- Ұлттық тәрбиелік білімді пайдалана отырып, оқушылармен
шығармашылық
жұмыстар өткізу;
- Отбасы тәрбиесінде ұлттық тәрбииені пайдалану туралы ата -
аналар жиналыстары мен конференциялар өткізу;
- Ұлттық мәдениетпен оқушыларды таныстыру мақсатында
факультатив
жұмыстарын ұйымдастыру;
- Ұлттық өнерге арналған көрмелерге экскурсия жасау, ұлттық
кәсіптің шеберлерімен кездесулер ұйымдастыру, ұлттық ансамбльдер
концерттеріне қатысу.
Оқу - тәрбие үрдісінде ұлттық рухани құндылықтарға деген
оқушылардың
қызығушылықтарын
қалыптастыруда
тәрбиелік
мүмкіндіктерді талдау мен оларды әдісін біліп, таңдай алған жағдайда оң
нәтиже береді.
Педагогикалық тәжірибеде - студент- практиканттар мұғалімдік
және сынып жетекшілік қызметтерді орындай отырып, ұлттық тәрбие
негіздері курсынан алған білімдерін сабақтарда сыныптан тыс жұмыстарда
және ата - аналар арасында насихаттауға толық мүмкіндіктер алады. Осы
мақсатта біз студенттердің ұлттық тәрбие бойынша алған білімдерін
педагогикалық тәжірибе кезінде шығармашылықпен қолдану жағдайларын
туғыздық. Ол үшін педагогикалық тәжірибе кезінде студенттердің
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арналған ұлттық
ерекшеліктер ескерілген практикалық тапсырмалар жүйесін құрдық.
Тапсырмалар әр курста педагогикалық практика алдында өткізілген
конференцияларда
студенттерге таратылып, практикаға дейін және кейінгі
дайындық сапасына диагностика жүргізілді. Біздің тәжірибеміз студент -
практиканттардың педагогикалық практика кезіндегі ұлттық тәлім - тәрбие
беру бойынша мектептерде істеген жұмыстарының сапасын және
тиімділігін анықтауға мүмкіндік берді.
Педагогикалық тәжірибе барысында студент - практиканттардың
ұлттық тәрбиеге негізделген жұмыстарға қызығушылығының жоғарылауы,
оқушыларға ұлттық тәрбие беруге жауапкершіліктерінің артқаны көрінді.
Сонымен, студенттердің педагогикалық тәжірибе кезінде атқарған
жұмыстары нақты және жүйелі ұйымдастырылғанда олардың теориялық
білімдерінің бекітілуіне ғана емес және де студенттердің оқушыларға
ұлттық тәлім - тәрбие бойынша білімдерінің, іскерліктері мен
дағдыларының
қалыптасуына
мүмкіндік
туғызады.
Сондықтан
педагогикалық практика педагогтік жоғары оқу орындарының оқу ісінің
құрамдас
бөлінбейтін
бөлімі
ретінде
студенттердің
ұлттық
даярлықтарының тиімділік көрсеткіші бола алады. Өйткені, педагогикалық
тәжірибе кезінде студенттер ұлттық тәрбие мазмұнын мектептің оқу -
тәрбие жұмысына ендіруге үйренеді және тәжірибе барысында олар
қажетті материалдар жинайды, оларды пайдалануға, мектептің оқу - тәрбие
ісін ұйымдастырудың тиімді нормалары мен әдістерін таңдап алуға,
оларды оқытатын пәннің мазмұнына ендіруге үйренеді және
педагогикалық үрдіске қатысушылардың қарым - қатынасын қамтамасыз
етеді.
«Элективті курстағы ұлттық тәрбие шараларының мазмұны
студенттердің
оқытушының
басшылығымен
ұйымдастырылатын
жұмыстары барысында әртүрлі
импровизациялық салт-дәстүрлер, ұлттық
Достарыңызбен бөлісу: