Жоспар I кіріспе


Дүниетанымдық мәдениеттің пайда болуы



бет3/5
Дата05.12.2022
өлшемі41,74 Kb.
#55027
1   2   3   4   5
Дүниетанымдық мәдениеттің пайда болуы
Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү,оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi,ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн,адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады. Дүниедегi өзiнiң орны туралы,жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы,өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем,тұтас дүние туралы,ондағы адамның орны,тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас сезiмнен, нанымнан, танымнан тұрады. Оның құрамына: бiлiм; сенiмдер мен нанымдар.
Сонымен,дүниеге көзқарас-адамзат санасының,дүниетанымының қажеттi бөлiгi.Бiлiм мен сенiмнiң,ой мен сезiмнiң, көңiл-күйi мен мақсат-мүдденiң, үмiт пен ниетiң т.б. түрлi жақтарының бiрiгуi болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзi туралы бiртұтас ұғымдарының жиытығы деуге болады. Дүниеге көзқарастың өзегi бiлiм болғандықтан,бiлiмнiң мазмұнының ақиқатығымен тереңдiгiне,дәлелдiлiгi мен жүйелiлiгiне қарай ол күнделiктi – практикалық және теориалық болып бөлiнедi. Күнделiктi – практикалық дүниегекөзқарас бiркелкi емес, өйткенi оның иесi болып табылатын адамдардын бiлiмi, ақыл ойы мен рухани мәдениетi,ұлттық дәстүрлерi мен дiни сенiмдерi жағынан алуан түрлi. Күнделiктi –практикалық дүниеге көзқарас құрамына сананың аса қарапайым формаларынан бастап, ғылымдардың, өнер иелерi мен саяси қайраткерлердiң т.б. озат ой-пiкiрлерi болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пiкiрлер де бар.Өйткенi, тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қылыптасқан мазмұны терен ойластырылмаған ,жан-жақты талданбаған және дәлелделмеген. Ал дүниегеқөзқарастың теориялық денгей арнайы сынақтан өткен,ғылыми негiзделiп дәлелденген болып табылады. Философия және ғылым көзқарастың осындай денгейiн жатады,өйткенi философиялық көзқарас жалпы теориялық бiлiмдердi ғана бейнелендiредi. Теориялық көзқарастың ерекшiлiктерi өзiне ғана тән өзгеше тiлi бар, жоғары және қатан денгейде абстракциялану. Бұл денгейде, адамды және әлемдi зерттеудiң арнайы әдiстерi пайда болады,объективтi және субъективтi нақтылықтың қалыпы,моделi құрылады да,адам өмiрiнде үлгi болатын көзқарастар қалыптасады.
Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология ауқымды әрі жан – жақты құбылыс, ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты.Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы.
Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.
Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді.
Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан жоқ.
Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.
Дүниеге көзқарас (менің көз алдымдағы дүние) - қоршаған дүние туралы, адам туралы метафизикалық ойлаудың жалпы жиынтығы немесе әлемді біртұтас формада тану. Метафизикалық көзқарастың құрамына, біріншіден, ғасырлар бойы қалыптасқан нәсілдік, ұлттық, халықтық кәдімгі табиғи қоғамдық дәстүр-салттары, әдет-ғұрыптары, күнделікті өмірге деген көзқарастары; екіншіден, бірер жүйеге келтірілген ілімдік (миф, дін, философия) көзқарастар; үшіншіден, барлық ғылыми жетістіктердің өмірге, табиғатқа деген жалпы көзқарастары жатады.
Дүниеге көзқарасқа жалпы адамзаттың білімі жата бермейді. Оның пәні білімге философиялық тұрғыда қарастыратын көзқарасты айтамыз. Егер де, Аристотельдің айтуынша метафизика "бірінші философия" десе, ал философия дүниетанымның өзегі (ядросы) деп айтамыз. Дүниетанымдық көзқарастың өзіндік объектісі, сол адамды қоршап тұрған дүние мен адамның ара қатынасынан шығатын негізгі сұраулар жауабы. Атақты философ П.В. Копниннің айтуынша: "дүниеге көзқарастың пәні, "адам, оны қоршаған дүние" арасында, адамдар мен табиғат ара-қатынасындағы жалпы заңдылықты біле отырып, адам мәселесін шешуге болады"
Дүниеге көзқарас білімнің айрықша тұрғыдағы "селекциялық" көрінісі. Ондай "селекцияға" - адамның өмір сүру мақсаты, мәні, дүниедегі оның орны, өлімі мен өмірі туралы гносеологиялық эпистемологияны жатқызамыз. Оның онтологиялық эпистемологиясына кіретіндер: болмыс және ешбір болмыс, дүние және о дүние, өмір және өлім, адам және құдай, материя және рух, жан мен тән және т.с. сұраулар жатады. Онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдағы дүниетаным сұрауларының шығуы, адамның ерте заманнан бастап осы кезге дейін өмір сүру жағдайларымен тікелей байланысты. Себебі, дүниеге көзқарастық адамның санасында ғана пайда болады да, оның осы дүниеде саналық, түсінікті өмір сүруімен тығыз байланысты. Атақты гуманист А. Швейцердің айтуы бойынша: "Қоғам және жеке адамдар дүниеге көзқарассыз өмір сүрсе, онда олар негізгі өмір сүру бағытынан айрылған, патологиялық аурумен ауырған қоғам болады", - деді. Сондықтан, қандай да бір адам болмасын, әлеуметтік мектептен өткен және бірер деңгейлік білімі бар адамның өмірге, дүниеге, өзінің кім екендігіне дүниетанымдық көзқарасы болады. Дүниетаным қоғамдық мәдениеттің қайнар көзі, оның бастамасы және соңы. Дүниетанымның адам өмір сүру тұрғысына тигізетін мағынасы өте зор. Жеке адамдардың күнделікті өмірлік көзқарастары дүниетанымдық көзқарасқа айналу үшін "адамдандырылған" дүниеден өту керек. Қарапайым көзқарастар адамның эмоциялық, субъективтік тәжірибеден өтіп, берікті сенімге деген тұрақты көзқарасы дүниетанымдық көзқарасына айналады.
Дүниетаным бөлшек-бөлшектен тұратын жинақтаушы көзқарас емес, ол біртұтас жүйелілік көзқарас болғандықтан, оның негізі адам мәселесі. Адам мәселесі рухани дүниеге тығыз байланысты болғандықтан дүниетанымның ішкі құрылымы (структурасы) өте күрделі. Ондай құрылымға (категориялық ұғымдарға) кіретіндер: болмыстық түсінік, материя, табиғат, қоғам, идеялар, ақиқат, рух, әлем рухы, бостандық, мәңгілік өмір, құдай, өмір, қуат және т.с. дүниеге көзқарастық ұғымдар.
Дүниетаным адамзаттың тікелей өмір сүру жолындағы рухани-практикалық түрде өмірді меңгеру десек, онда біз дүниетанымдық рольдері арқылы қарастырамыз. Дүниетаным тек өмірді, әлемді тану мен түсіну емес, ол арқылы дүниені өзгерту дейміз. Адамның санасы дүниені тек бейнелеп қоймайды, оны өзгертеді. Сондықтан, дүниетанымның ішкі өзіндік аспектілері мен компоненттері арқылы дамып және өзгеріп отырады. Осы жерде біз дүниеге көзқарастың негізгі аспектілеріне ғана тоқталып өтейік.
Дүниеге көзқарас адам санасының елеулі "селекциялық" бөлігі бола тұрып, оның өзіндік ішкі категориялық аспектілерінен тұрады. Ондай аспектілер адамды қоршап тұрған дүниемен тығыз байланыс ретінде қарастырады.
Қандай бір адам болсын оның өмірі үш дүниенің бірлігінде өтіп жатады:

  1. Бізді жасаған дүние - табиғат.

  2. Ғасырлар бойы өзіміз жасап жатқан дүние - қоғам.

  3. Адамның ішкі рухани дүниесі - екі дүниенің жемісі (өзіндік сана). Осы "үш дүниенің" әсер-бейнелерін аспектілік бейне ретінде қарастырамыз. Ондай аспектілерді өздерінің бейнелену жағымен философиялық категориялармен көрсетсек онда: онтология, гносеология және логика аспектілері деп айтамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет