І.Негізгі бөлім
1.1 Эхинококкоз ауруының қоздырғышы
Эхинококкоз – бұл антропозоонозды ауру, көбінесе қойларда, ешкілерде, сиырларда, шошқаларда, түйелерде, бұғыларда, жылқыларда және де басқа, паразиттің орталық иелері болып есептелінетін, симптомсыз (белгілері анық білінбейтін) өтетін паразиттік ауру.
Эхинококкозбен адам да ауырады, кейде тіпті өлімге апарып соғуы мүмкін. Бұл ауру таспа құрттардың teaniidae - Echinococcus granulosіs тобының балапан сатысындағы (личиночная стадия) түрімен болады. Олар негізінен бауырда, өкпеде, кейде өте сирек басқа органдар мен тканьдерде орналасады.
Эхинококкоктардың жынысты жетілген сатысындағы (половозрелая стадия) түрлері иттердің, қасқырлар мен шибөрілердің, кей кезде түлкінің де (дефинитивтік иелері) ішектерінің алдыңғы бөлімінде болады да паразиттік өмір кешеді.
Қоздырғышы — Есһіnососсus qrаnulоsus — цестодының личинкалары. Жынысы жетілген түрінің ұзындығы 0,2-0,6 см, 3-4 мүшесі (бунағы) болады, олар шие бөрінің, иттің, қасқырдың ішектерінің жұқа бөліктерін зақымдайды, Цестоданың личинкалары бір камералы эхинококкоз деп аталады, ол көлемі әр түрлі, іші сұйыққа толы, көпіршік (сыртқы қабығы қалың әрі тығыз келеді) тәрізді. Оның ішкі қабығында көптеген сколекстер пайда болып, ішінде ұрықтары орналасады. Личинкалар ауруға шалдыққыш малдың барлық органдары мен тканьдарын, әсіресе, өкпесі мен бауырын бүлдіре отырып, барлық сүт қоректілерді зақымдайды. Эхинококтың личинкалары адам организмінде де өсіп-өнеді.
Эхинококтың сұйықтық орталық иесінің (промежуточный хозяин) қанының өнімі болып табылады. Ол сколекстер үшін қоректік орта және қорғаушы ролін атқарады. Қалтаның қабырғасы екі қабықтан тұрады: сыртқы – кутикулярды және ішкі – герменативті. Кутикулярды қабықтың түсі сүт сияқты ақ, кейде сарғыштау болады. Ескілеу қалтада оның түрі қараяды да сары түске боялады. Бұл қабық герменативті қабыққа қарағанда мөлдірлеу және пластинкалардан тұрады. Химиялық құрамы бойынша хитинге ұқсас. Герменативті қабық немесе ұрықтық қабық қалта ішінің қуысының айналасын жауып тұрады, жіңішке, әлсіз және эмбрионалды тканьге ұқсайды. Ол қабық шығарғыш капсулаларын жасап шығаруға, оларды ұрықтық сколекстерін жасауға және де екінші қалталарды да жасауға қабілетті. Кейде бұл қабықтың элементтері кутикуланың қабаттарының арасымен сыртқы ортаға өтіп, екінші қалталардың экзогендік жетілуіне жақсы жағдай жасайды. Шығарғыш капсулалар герменативті қабықтың өсінділері болып, сол жерде сколекстердің жыныстық жетілген кезеңін құрайды [2,3].
Шығарушы капсулалар мен жеке сколекстер бір жағдайларда герменативті қабықтан бөлініп шығып, аналық қалта қуысында еркін жүзіп немесе көп мөлшерде түбіне жиналып гидатидозды құмдарды түзеді. Кейде ларвоцистің ішінде екінші қалталар (дочерние), ал оның ішінде өз кезегімен үшінші (внучатые) қалталар түзеді де, дәл сол жерде шығарушы капсулалар мен сколекстер пайда болуы мүмкін. Бұл қалталар тек қана аналық қалталарда ғана емес (эндогендік), сонымен қатар, оның сыртқы (экзогенді) қалталарында да түзіліп, соңынан олар бүйіріледі. Эхинококтық қалталардың көлемі әрең көрінетін түрлерімен қоса, кейде жаңа туған баланың басындай көлемде де бола береді. Негізінен домалақ, кейде органдар мен орналасу орнына қарай әр түрлі болып келеді.
Олардың саны бір немесе бірнеше ондаған, кейде жүздеген, тіпті мыңдаған экземплярға жетуі мүмкін. Эхинококты қалтаны сыртынан дәнекер тканьді капсулалар жауып, иесінің тканьдерінің созылмалы қабынуының нәтижесінде пайда болған фиброзды заттар тәрізді болып көрініп тұрады. Ол қатты, мейлінше жіңішке және жоғарыдағыдай формада. Паразиттің капсуласымен кутикулярлық қабығының арасында тар кеңістік болады. Орталық иесінің организміндегі эхинококтың көбею түріне қарай әр түрлі морфологиялық модификацияларын ажыратады. Олардың аттары әр түрлі болып келе береді. Олар мыналар: E. Veterinarum – бұл қалта түрінде шығарғыш капсулалар сколекстерімен бірге, эхинококтық сұйықтықтың болуымен айқындалады. Аналық ларвоциттің ішінде де, сыртында да қалталар түзілмейді. Сиырлар мен қойларда олар ларвоцисттің негізгі массасын құрайды. Эхинококтың бұл формасын адамда да кездеседі. E. hominis – бұл қалта түрінде эхинококтың сұйықтықтан басқа шығарғыш капсулалар сколекстерімен бірге, олардан басқа тағы да екінші, үшінші қалталары болады, т.с.с. E. acephalocysticus – ацефалоциста – бұл эхинококты қалтасында тек қана сұйықтық болады. Бұл ларвоцисталарда екінші және үшінші қалталары болады, бірақ бұларда, аналық қалталардағыдай шығарушы капсулалар мен сколекстерді болмайды. Ацефалоцистер, паразиттердің өсіп-жетілуіне қолайсыз жағдайлар организмде болған жағдайда, иелерінің организмінде пайда болады және бұл форма жануарлардың эхинококқа қарсы иммунитет ретінде қарастырылады.
Жынысты жетілген кезең (половозрелая стадия). Эхинококтың бұл кезеңінде цестодалардың (таспа құрттар) ең майда түрі ретінде қаралады. Ұзындығы 0,6 см және олар 3-4 мүшемесі (членики) бар стробиласы болады. Жетілген мүшеме ұзындығы жағынан стробиланың басқа бөлігінен ұзын болып, сколексінде тұмсықшасы 30-40 ілмешектермен бірге қаруланған. Мүшеменің жанының шетінің артқы жартысында орналасқан жыныстық қуыстары болады. Жетілген мүшемелерінде жатыры болып, ұзына бойы жан-жағынан дөңестелген стволы бар. Онкосферасы радиалды сырылған қабықпен жабылған. Оның диаметрі – 0,030 – 0,036 мм .
Достарыңызбен бөлісу: |