Жоспар: Коллоидтық химия пәні


 Екінші кезең – КХ-ның жеке ғылым ретінде қалыптасу кезеңі және



Pdf көрінісі
бет3/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
2. Екінші кезең – КХ-ның жеке ғылым ретінде қалыптасу кезеңі және 
1860 жылдар мен XIX ғ. аяғын қамтиды. 
КХ–ның осы кезеңде жеке ғылым болып қалыптасуына Т.Грэм үлкен үлес 
қосты. Ол «коллоид», «золь» және «гель», «диализ» терминдерін қолданысқа 
енгізді,  диализаторды  жасады,  көптеген  коллоидтық  ерітінділерді  алды, 
материалдарды жинақтап, қорытты және ғылымның жаңа саласы–коллоидтық 
химияның өмірге келуіне көп еңбек сіңірді, коллоидтық химия атауын енгізді. 
Сонымен Т.Грэм КХ-ның негізін қалаушы деп аталатын, ал 1861 ж.–КХ-ның 
туу жылы деп есептелінетін болды. 
Томас Грэм барлықбөлшектерді екіге бөлді 1) егер заттар жылдам шөгіп 
кристалданатын  болса  оларды  кристаллоидтар  деп  атады  2)егер  бөлшектер 
шөкпей  кристал  түзбесе  оларды  коллоидтар  деп  атады.  Коллоидтық  химия 
«колла» деген грек сөзінен аударғанда «желім» дене мағынаны береді.  
Ұлы  орыс  ғалымы  Д.И.Менделеев  химия  ғылымының  жаңа  саласының 
түбегейлі және орасан зор болашағын алдын-ала болжап, көре білді. Ол «таза 
химиялық  тұрғыдан  қарағанда  коллоидтар  барлық  жағынан  қызығушылық 
көрсетеді...»,  «коллоидтық  химия  мәселелері  алдыңғы  қатардағы  және 
құдіретті,  барлық  физика  мен  химияда  маңызды  болуы  тиіс»  деп  жазды. 
Заттың  коллоидтық  күйінің  әмбебаптығы  туралы  қазіргі  заманғы 
көзқарастарға біз нақ Д.И.Менделеевке міндеттіміз. 
И.Г.Борщов  және  П.П.Веймарн  заттардың  коллоидтық  және  кристалдық 
күйлерін  зерттеуге,  М.Фарадей  (1857)  және  Дж.Тиндаль  (1868)  коллоидтық 
жүйелердің 
оптикалық 
құбылыстарын 
(опалесценцияны–жарықты 
шашыратуын) ашуға үлкен үлес қосты. 
XIXғ.  60  жылдарына  қарай  коллоидтық  ерітінділердің  келесі 
ерекшеліктері  анықталды:  жарықты  шашыратуға  қабілеттілік;  диффузия 
жылдамдығының өте баяу болуы, осмос қысымының аз болуы, диализге және 
электрофорезге қабілеттілік. 


XIXғ. соңында орындалған іргелі зерттеулер (Ж.Рэлейдің (1871) жарықты 
шашырату теориясы, В.Гиббстің (1881) беттік құбылыстар теориясы, Ганс О. 
Шульце  (1882)  мен  В.Гардидің  (1900)  коллоидтық  бөлшектерді 
электролиттермен  тұнбаға  түсіруі)  негізінде  коллоидтық  ерітінділерде 
бөлшектердің  ұсақталғандықтың  жоғары  дәрежесінде  болатындығы 
анықталды.  «Дисперстік  фаза»,  «дисперсиялық  орта»,  «дисперстік  дәреже» 
түсініктері өмірге келді. 
Р.Н.Шведов  (1889ж.)  КХ-ның  маңызды  бөлімі–физика-химиялық 
механиканың (ФХМ) негізін қалады. 
Г.Гельмгольц  1879ж.  өзінде-ақ  қос  электрлік  қабат  (ҚЭҚ)  туралы  ең 
алғашқы  теорияны  жасады  және  «дзета-потенциал»  түсінігін  енгізді.  XIXғ. 
аяғында  ағылшындар  С.А.Линдер  және  Г.Пинктен  электрофорезді  сандық 
зерттеу  үшін  сәйкес  аспап  конструкциясын  ұсынды.  Бұдан  соң 
электрофоретикалық әдістер кеңінен қолданыла бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет