Дәріс 1.
Дисперсті жүйелердің жіктелуі. Дисперсті жүйелер туралы түсінік.
Жоспар:
1. Коллоидтық химия пәні
2. Коллоидтық химияның даму тарихы
3. Дисперсті жүйелердің жіктемесі
Коллоидтық химия (КХ)-бұл дисперстік жүйелер (ДЖ) және ондағы
беттік құбылыстар, яғни фазалар бөліну шекарасында, фазааралық беттік
қабатта жүретін және қабаттасқан фазалардың әрекеттесуі нәтижесінде
туындайтын құбылыстар туралы физика-химиялық ғылым. КХ нысанына
кезкелген дене жатады. Бірақ беттік құбылыстар бәрінен де жоғары дамыған
бетті дисперстік денелерде күштірек байқалады. Осындай дисперсиялардың
олар таралған ортамен қоса жиынтығы ДЖ құрайды.
Заманауи коллоидтық химия физикалық химияның бір бөлігі болып
табылады және екі үлкен бөліктерден тұрады: беттік құбылыстардың
физикалық химиясы және дисперсті жүйелердің физикалық химиясы. Беттік
құбылыстарға фазалар арасындағы әрекеттесуі барысындағы фазаралық беттік
қабаттарда жүретін құбылыстар.
Дисперсті жүйелердің физикалық химиясы бір фазасы үнтақталған немесе
ұсақ түрінде кездесетін бір немесе бірнеше фазалық жүйелердің қасиеттерін
зерттейді. Ұнтақталу неғұрлым үсақ болса, соғұрлым фазалар арасындағы
шекара өсе береді.
КХ-ның даму тарихын шартты түрде үш кезеңге (периодқа) бөлуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |