Жоспар: Көшбасшылық түсінігінің туындауы және анықтамасы


Мектептегі көшбасшылықтың типі және сипаттамасы



бет3/12
Дата28.04.2023
өлшемі59,03 Kb.
#88261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
3. Мектептегі көшбасшылықтың типі және сипаттамасы. Мұғалімнің көшбасшылығы/Лидерство учителя / Leadership in teaching – әкімшілік міндеттермен шектеліп қалмайтын және мұғалімге әкімшілік өкілеттік пен жауапкершілікті жүктеуді көздемейтін, керісінше мұғалімнің мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге бастама жасауды және мәртебесінің қандайлығына қарамастан бұл өзгерістерге қолдау көрсетуді өз еркімен таңдауын білдіретін қызметі.
Мектеп тәжірибесін зерттеуші, коуч, тәлімгер, мұғалімдердің желілік қоғамдастығын құруға бастама жасаушы рөлін орындау үшін өзіне жауапкершілік ала отырып, мұғалім өз сыныбынан тыс жерде де мектеп мәдениетін арттыруға, оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге, мектептегі ахуалдың сапалық тұрғыдан өзгеруіне ықпал ететін көшбасшыға айналады» деген тұжырымға да назар аударылды.
Мұғалімдердің білім алушыларды қойылған мақсатқа бағыттайтын ақылдың аналитикалық құрылымы, инновациялық шешім қабылдау; өзін ынталандыру, күрделі жағдаятта оны шешуге шабыттандыру, педагогикалық эмоциялық әсер, бедел; педагогикалық толеранттылық; кері байланыс орнату біліктілігі, тез шешім қабылдау қасиет- сапалары көшбасшылық типін анықтауға мүмкіндік береді.
Л.М.Митина мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті үшін маңызды психологиялық сапаларды бөліп көрсетеді: педагогикалық бағыттылық, педагогикалық эрудиция, педагогикалық мақсатты тұжырымдаушылық, педагогикалық ойлау, педагогикалық интуиция, педагогикалық байқампаздық, педагогикалық оптимзим, педагогикалық тапқырлық, педагогикалық рефлексия.
А.К.Тихонов қазіргі заманғы педаготың қасиеттерін бөліп көрсетеді: мақсаттылық, ішкі тұтастық, ойлаудың жүйелігі, ұйымдастырушылық, инициативтілік, коммуникабельділік, сенім тудыру, өзінөзі бақылау, табандылық, айту, сендіру, тыңдау, есту біліктілігі.
Тұлғаның көшбасшылығы қоғамдағы сұраныс үдерісінен шығуға дайын әлеуметтік субъектінің уақыт пен орта алға тартқан міндеттерден, қиыншылықтардан, ұсыныс пен қажеттіліктен, бұрын беймәлім талаптан тұтастай болмаса да негізінен биік тұрып, ілгерілеу динамикасы мен заңдылығына кіріге, бейімделе алу, соны ел мүддесіне, өз мүддесіне жегу арқылы бойындағы қабілеті мен мүмкіндігін ашу өресінен көрінеді.
Көшбасшылық мәселесін зерттеу тарихында мақсатқа бағытталған әсер етуде билік командаларын қолданады: күштеу арқылы билік (іс-әрекетке адамның тілегіне қарамастан жазалаумен қорқыту арқылы күштеп араластыру, күштеу құралдары: ескерту, сөгу, қорқыту, жұмыстан босату, тағы басқа!; әсер ету арқылы билік (көшбасшының беделді, адамдармен өзара әрекет жасау арқылы бағынушы адамдардың күшті билікті сезіну (беделді тұлға)); біліктілік билігі (көшбасшының кәсіби күшті әзірлігі бағынушылардың оның тұжырымдарымен билік феномені ретінде қабылдануына әсерін тигізеді); ақпараттық билік (көшбасшының нақты адамға ақпараттың жетуін қадағалау және сол арқылы оларды басқару); міндет орындауына байланысты билік (көшбасшының басқару орнына байланысты ұжымға тікелей әсер етеді); беделді билік (бағынушыға көшбасшының биліктік өкілеттілігінсіз әсер етуі. Бағынушылар көшбасшыға кейде өз еріктерімен бағынуы); мадақтау билігі (көшбасшы адамның қызметтік көтерілу, материалдық сыйлық беру, жақсы бағалау, мақтау тағы басқа арқылы әсер ете алатын адам. Бағынушылар арасында жақсы беделге ие, оның билігі жоғары көшбасшылық көтерілуі мүмкін).
Көшбасшылық жіктемесі сан алуан түрлі болғанымен, оның функционалдық міндеттері тұрақты болып табылады. Сондықтан лидерліктің негізгі функцияларын бөліп көрсетуге болады: интегративтік - адамдарды жалпы қызығушылығымен әрекет ететін топқа біріктірсе, ал дезинтегративтік – барлық адамдарды бір топқа біріктіреді, басқа ұжымға қарағанда әлсіздеу болады; ұйымдастырушылық – ұжым мүшелері үшін қолайлы жағдайлар мен басқару жүйесін құру, әртүрлі әрекетті жоспарлау, топқа қатысушылар арасындағы қатынасты реттеу; конструктивтік – топ мүшелерін қанағаттандыратын, барлығының қызығушылығын ескере отырып, пайда келтіретін нақты бағдарламаны айқындау; үйлестірушілік – осы қоғамдағы қабылданған құндылықтар жүйесімен және институт билігімен, қауымдастықтың пікірімен келісу арқылы шешім қабылдау.
Лидердің функциялары:
1. Конструктивті функциясы. Бұл функция қоғамдағы барлық адамдардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған, бірақ басқа қоғамның қызығушылықтарына нұқсан келтірмеу керек.
2. Ұйымдастыру функциясы. Кадрларды басқару жүйесін қалыптастыру, жұмыстарды біріктіру, саяси үрдістер мен әрекеттерді жоспарлау. Мұнда көшбасшы бір жүйені қалыптастырады, міндеттерді бөледі, әрі қарай жүруі қадағаланады, тұлғааралық қарым-қатынасты реттейді, бәрін келісімге мәмілеге; ымыраға бағыттайды.
3. Координациялық функциясы. Топаралық әрекеттерді келістіру, бірігіп жұмыс атқаруға белсендендіру. Көшбасшы шешім қабылдаушы, ортақ шешімге келтіруші, ортақ қоғамдық құндылық құрушы.
4. Интерактивті функциясы. Мұнда көшбасшы айналасына өз ойымен, мақсатымен ортақтас адамдарды біріктіреді.
Кесте 1- Лидер типологиясы



№/р

Лидер болуы мүмкін

Оған негіз болатын жағдайлар

1

Формальды (ресми)




2

Формальды емес (жалпықабылданған авторитетке ие, бірақ ресми көшбасшылық ұстанымды иеленбеген) (бейресми)

Өзара қарым-қатынас саласы

3

Аралас







  • Топтық мақсатқа белгілі бір жолмен қол жеткізу

  • Міндеттерді тиімді шешу бойынша

  • Психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша

  • Топтық атмосфера мазмұны бойынша

Топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру белгілері мен қызметтерін бөлу




  • Инициатор/ бастаушы

  • Ұйымдастырушы (іскер көшбасшы)

  • Эрудит

  • Эмоционалды күйге келтіру генераторы (эмоционалды көшбасшы)

  • шебер

Көшбасшының жүзеге асыратын қызметтері




  • Инструментальды (қызмет атқаратын көшбасшы)

  • Эмоционалды

  • Универсалды (екі типтің де белгілерін меңгерген)

Топтық іс-әрекеттер типі: инструменталды және экспрессивті




  • Ұйымдастырушы (жасампаз көшбасшы)

  • Дезорганизатор (бұзушы көшбасшы)

Ұйымдастырушылық ұстанымы




  • Авторитарлы

  • Демократиялық

  • Аралас

Жетекшілік стилі бойынша

Лидерліктің кеңінен таралған жіктемесі әлеуметтік топтағы лидерлік әрекеттің мазмұны бойынша жіктеме болып табылады. Онда үш типі (лидердің рөлі) бөліп көрсетіледі:


1. Іскерлік лидерлік типі өндірістік мақсаттар негізінде пайда болатын топтарға тән. Оның негізіне мынадай қасиеттер алынады: жоғары құзыреттілік, бедел, абырой, тәжірибе және т.б. Іскерлік лидерлік жетекші жұмысының нәтижесіне және тиімділігіне ықпал етеді.
2. Эмоциялық лидерлік типі адамзаттық симпатия мен тартымдылық негізінде пайда болады. Ол адамдарда сенім тудырып, көңіл-күйге әсер етеді, психологиялық алаңдаушылықты жояды.
3. Жағдаяттық лидерлік (іскерлік пен эмоциялық), бірақ оның ажыратылатын белгісі тұрақсыздық, мерзімдік шектеушілік, белгілі жағдаятқа байланыстылық болып табылады. Бұл лидерлік белгілі бір жағдайда топты алып жүреді.
Лидердің типтері: Автократ лидер - барлық шешімді өзі қабылдайды, тіпті жұмыстың әдістерін де көрсетіп береді. Демократ лидер - шешім қабылдауға топты қатыстырады, олардың өзіне жұмыстың мақсаты мен әдісін таңдауды ұсынады. Либерал лидер - бағынушыға толықтай еркіндік береді, өзі тек сыртынан бақылайды, кеңесті тек сұрап келгенге ғана береді.
Сонымен қатар лидердің түріне байланысты лидерлік жіктемелері қалыптасқан.
Л.И.Уманский лидердің түрлерін (рөлін) бөліп көрсетеді: лидер-ұйымдастырушы (топтық ықпалдасу қызметін орындайды); лидер-инициатор (жаңа мәселені шешуде идея ұсынып, жетекшілік жасайды); эмоциялық көңіл-күйді реттеуші лидер генератор (топтың көңіл-күйін көтерумен ажыратылады); лидер-эрудит (білімнің тереңдігімен ажыратылады); лидер-эталон («жұлдыз» рөліне сәйкес эмоциялық тартымды, идеал, үлгі ); лидер-шебер (қандай да бір іс-әрекет түріндегі маман).
Б.Д.Парыгин ұсынған лидерліктің типологиясында лидердің мазмұны; лидер стилі және іс-әрекет сипаты негізге алынады. Мазмұны бойынша: лидер-шабыттандырушы (мінез-құлық, тәртіп бағдарламасын ұсынатын); лидер-орындаушы (ұсынылған бағдарламаны орындауды ұйымдастыратын); стилі бойынша бір мезгілде шабыт беруші және ұйымдастырушы болып табылатын лидер; іс-әрекет сипаты бойынша: әмбебап және жағдаяттық типтер ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет