Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтарындағы №93 бұйрығына 2-қосымша
Ескерту:2-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Білім және ғылым
министрінің 02.11.2018 ж № 611 бұйрығымен
Білім беру қызметін көрсету туралы шарт Нұр-Сұлтан қаласы
____.____.20___ ж
Білім беру ұйымы мен білім алушының ата-анасы (заңды өкілі) арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№34 орта мектеп» КММ, Жарғы негізінде әрекет ететін директоры Орынбаев Б.Ш. атынан, бір жағынан, және көрсетілген мекен-жай бойынша тұратын
____________________________________________________________________________________________
(баланың тегі,аты,әкесінің аты туған күні,ЖСН мекенжайы)
білім алушының ата-анасы (немесе заңды өкілі)
(тегі,аты,әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Екінші жақтан, төмендегілер туралы осы шартты жасады:
1. Шарттың мәні
1. Осы шарт тараптардың құқықтарын мен міндеттерін белгілей отырып анықтайтын білім беру ұйымы мен ата-ана (заңды өкіл) арасындағы өзара қарым-қатынасты, сондай-ақ білім алушыны (тәрбиеленушіні) тәрбиелеу мен оқыту үшін өзара жауапкершілік тетеігін реттейді.
2.Білім беру ұйымының құқықтары және міндеттері 1. Білім беру ұйымы: 1) білім алушыдан, ата-анадан (заңды өкілдерден) білім беру ұйымының Жарғысын, білім беру ұйымының ішкі қағидаларын және оның қызметін регламенттей білім беру ұйымының актілерін сақтауын талап етуге;
2) білім беру ұйымдарының кітапханаларының ақпараттық ресурстарға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қолжетімділік мен қолдануды қамтамасыз етуге;
3) білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен, актілерге көзделген тәртіппен және шарттарда оқу бағдарламаларының шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім алушының компьютер техникасымен қолдануына мүмкіндік беруге;
4) білім алушының ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде мектептен мектепке ауыстыруға;
5) білім алушыларға қосымша білім беру (ақылы және / немесе тегін) қызметтерін ұсыну (үйірмелер, спорт клубтары) құқылы.
3. Білім беру ұйымы: 1) білім алушыны, ата-ананы (заңды өкілді) білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензияны, ішкі регламенттерді және оның қызметін реттейтін білім беру ұйымының актілерімен таныстыруға;
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес білім алушыны білімі мен дағдыларын игеруін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің № 15681 мемлекеттік тізілімінде тіркелген) білім беру және тәрбие үдерісіне жүктелген оқу жүктемесінің көлемін анықтап, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтауға;
4) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 (Қазақстан Республикасы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 13085 тіркелген) бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формаларына қойылатын талаптарға сәйкес міндетті түрде мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге (бұдан әрі - міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар);
5) білім алушының жеке қасиеттерін ескере отырып, өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, моральдық, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтуға;
6) Шартты бұзған жағдайда білім алушыға түскен кездегі құжаттарын қайтарып беруге;
7) білім алушыны ата-ана (заң өкілдері) келісімінсіз және оның оқу үдерісіне зиян келтіретін болса қоғамдық және басқа да тапсырмалар орындауға тартуға жол бермеуге;
8) оқудың толық курсын сәтті аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 "Мемлекеттік білім беру құжаттарының түрлері мен нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10348 нөмірімен тіркелген) бекітілген тиісті нысанда білім туралы құжатты беруге міндетті.