Кері сәйкестік ұғымы өмірде жиі пайдаланылады. Мысалы: Х - әр түрлі қазақ сөздерінің жиыны, ал У - қазақ тіліндегі сөз таптарының жиыны болсын. Осы жиындардың арасында «х сөзі у сөз табына жатады» деген сәйкестік бар («үй» сөзі - зат есім, «жаз» сөзі -етістік т.с.с.). Осы сәйкестікке кері У және Х жиындарының арасындағы «у сөз табына х сөзі жатады» сәйкестігі (зат есімге «үй» сөзі, етістікке «жаз» сөзі жатады) түрінде айтылатын болады.

Егер Х - әлемдегі мемлекеттер жиыны, ал У - олардың астаналары жиыны болса, онда Х пен У-тің R сәйкестігі «х мемлекетінің астанасы у» болады. Онда У пен Х жиындары арасында R-1 сәйкестігі «у қаласы - х мемлекетінің астанасы» деп тұжырымдалады.