СҮЙІСПЕНШІЛІК
АҚИҚАТ
ДҰРЫС ӘРЕКЕТ
ТЫНЫШТЫҚ
ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ
Әрекет арқылы сүйіспеншілік – дұрыс сүйіспеншілік; Сезім арқылы сүйіспеншілік – ішкі сүйіспеншілік; Ой және сөз арқылы сүйіспеншілік – ақиқатқа сүйіспеншілік; Түсіну арқылы сүйіспеншілік – қиянат жасамау;
«Ана махаббаты» аңыз әңгіме.
Төле бидің алдында бір балаға таласқан екі әйел шешім сұрап келеді.Екеуі де «бала менікі»-деп бет қаратпайды.Біреуі «бұл баланы мен тудым, бесіктегі жатқан шағында ұрлап кеткен еді.Бұны пәлен жеріндегі алақандай қалынан таныдым» -десе, екіншісі «ұрлаған түгім жоқ,9 ай көтеріп тапқан ұлым»-десе керек.
Сонда Төле би қолына қылыш алып «бұл баланы екеуіңе қақ бөліп берейін» – деп баланы қақ бөлмекші болады. Баланы 9 ай көтердім деген әйел бұл әрекетке міз бақпастан қарап тұрса, «ұрлатып алдым» деген әйел «ойбай-ай, шаппаңыз! Қайда жүрседе аман жүрсін!» – деп жер тізерлеп отыра кетеді.Сөйтіп Төле би баланы өз анасына қайтарып береді
Достарыңызбен бөлісу: |