Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет90/181
Дата21.10.2023
өлшемі3,54 Mb.
#120331
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   181
Байланысты:
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

Критерии апробации
для определения качества школьных учебников
В статье будут рассмотрены комплексные требования к определению качества школьных 
учебников. Цель исследования – провести анализ и сделать выводы о требованиях к качеству учеб-
ников, используемых в средней школе, подготовленных по обновленной типовой образовательной 
программе. Подготовка школьных учебников осуществляется на основе типовой образовательной 
программы. Соответствие их основным требованиям определяется экспертизами, проводимыми 
компетентными учреждениями. Сформированы критерии экспертизы школьных учебников.
Работа по развитию учебниковедения в стране развивается в основном в направлении 
подготовки школьных учебников. Поэтому требования к написанию учебника также основаны 
на среднеобразовательных средствах. Общая задача – систематизировать дидактические, 
структурные и теоретические требования к качеству учебника и определить их основные 
особенности и задачи. Кроме экспертного центра, особое внимание уделяется мнению 
общественных организаций и некоторых активистов, которые рассматривают только отдельные 
вопросы. Отсюда видно, что определение требований к качеству учебника должно определяться 
по результатам специального и всестороннего исследования. Поэтому для рассмотрения данного 
вопроса в ходе реализации научного проекта ведется системная исследовательская работа. 
В статье представлены результаты научного проекта AP09260158 «Научно-методические 
основы разработки и внедрения системы критериев апробации учебной литературы», а также 
описано
значение теоретического, эмпирического анализа в формировании требований к 
определению качества учебника. 
Ключевые слова:
качество, требование, программа, эмпирика, эксперимент, дидактика.
Кіріспе
Оқулық – жүйелі білім беруде қолданылатын 
ең тиімді құрал. Кез келген оқулықтың сапасы 
білім беру кеңістігіндегі қоғамдық талаптардың 
негізінде анықталатыны сөзсіз. Ол талаптарға 
заманауи білім берудің озық технологиялары 
мен білім беруді ұйымдастыру сияқты басты 
мәселелерге жататын оқыту теориясы, оқыту 
әдістемесі, сондай-ақ, оқулық жазу теориясын 
жатқызамыз. Білім берудің әр кезеңіне арналған 
оқулықтарға қойылатын талаптар да әртүрлі. 
Оның ішінде мектеп оқулықтарына қойылатын 
талап аса маңызды. Өмір бойы берілетін білім 
атаулының бастауында тұрғандықтан, мектеп 
оқулықтарының қоғам талабына толық жау
-
ап бере алатындай дәрежеде болмағы – сол 
қоғамның келешегіне тікелей байланысты [1] 
(Кусаинов, 2018: 4).
Елімізде оқулықтану ғылымы кенже қалып 
келе жатқан сала екендігі рас. Кеңес заманын
-
да ұлт тарихы, тіл мен әдебиет оқулықтарынан 
басқа бағыттағы барлық оқулық аударма түрінде 
дайындалатын. Арнайы лабораториясы толық 
қалыптаспаған қазақ оқулықтануы енді ғана 
еңсе көтерді. Бұл салада еңбек етіп, оқулықтану 
теориясын негіздеген отандық ғалымдардың 
ішінде академик А.Қ. Құсайыновтың еңбектерін 
ерекше атап өту орынды. Зерттеуші ғалым атап 
өткендей, «Сапасы жағынан жаңа оқулық әзірлеу 
үшін ғалымның немесе педагог маманның 
ынта-ықыласы ғана жеткіліксіз екенін өмірлік 
тәжірибе дәлелдеп отыр. Шын мәнінде, оқулық 
жазу өте қиын шаруа, ал оған қойылатын та
-
лаптар – дербес ғылым. Басқаша айтқанда, 
оқулық теориясын оқымай, оны жазуға арналған 
дидактикалық талаптарды мұқият зерттемей, 
дәйекті дайындық жұмыстарын жүргізбей іске 
кірісу шалағайлық болады» [2] (Құсайынов, 
2021: 16-17). 
Білім беру талаптары күрт өзгерген бүгінгі 
күннің оқу мақсаттарына толық сәйкес келетін 
оқулық дайындау – білім беру саласында еңбек 
етіп жүрген әрбір маманның басты міндеті [3] 
(Кусайынов, 2017: 23). Осыған орай, еліміздегі 
орта білім беру сапасын әлемдік стандарттар 
деңгейіне жеткізу мақсатында 2016 жылдан бері 
жаңартылған білім бағдарламасы енгізілді. Соңғы 
5 жылдағы орта мектепке арналған оқулықтар 
осы бағдарлама негізінде кезең-кезеңімен дай
-


86
Мектеп оқулықтарының сапасын анықтаудағы апробация критерийлері
ындалды. Бағдарламада пән бойынша білім 
мазмұны айқын көрсетілген. Білім мазмұны 
нақты бөлімдерге бөлініп, сабақ жүктемесі, 
оқыту мақсаттарының жүйесі берілген. Сондай-
ақ үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бой
-
ынша ұзақмерзімді жоспар ұсынылған. Онда 
ұзақмерзімді жоспардың бөлімдері, мазмұны, 
оқыту мақсаттары білім беруді ұйымдастырудың 
кезеңдеріне (әр тоқсанға) сәйкес топтастырылып 
берілген. Бұл – үлгілік оқу бағдарламасының 
жетістіктерінің бірі.
Қазіргі білім беру тәжірибесі көрсеткендей 
оқушылардың түрлі жағдайда, түрлі тәсілдермен 
білім алуына мүмкіндігі бар. Міндетті түрде мек
-
тепке барып, белгілі бір сыныпта отырып, нақты 
оқулықпен оқымаса да болады. Білім алу үшін 
түрлі оқу материалдарын пайдаланып та мақсатқа 
жетуге болады [4] (Кусайынов, 2019: 6). Алайда, 
оқулық оқу материалдары жүйелі топтастыры
-
лып берілген жалғыз құрал болып саналмаса да, 
жас ұрпаққа білім берудегі ең маңызды дүние бо
-
лып табылады [5] (Textbook Committee, 2016). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет