К. Д. Бузаубакова


Жеке  (персональді)  бақылау



Pdf көрінісі
бет152/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   446
Жеке  (персональді)  бақылау    жеке  бағдарлама  бойынша  бір  мұғалім 
жұмысы бақыланып, жеке қорытынды-талдау жасалады. 
Топтық  бақылау  –  педагогтердің  бірыңғай  тобына  бір  бағдарлама 
боынша  жүргізілетін,бір  қорытынды-талдау  жасалатын  бақылау  түрі.  Оның 
мақсаты  –  мұғалімдердің  осы  тобының  жұмыс  жағдайын  талдап,  ондағы  әрбір 
мұғалімнің жеке іс-әрекет ерекшелігін анықтау болып табылады. 
Топтық бақылау түрлері: 
1)  Сыныптық  талдау-қорытындылау  –  бір  немесе  параллель  сыныптарда  
жұмыс  жүргізетін  барлық  пән  мұғалімдері  мен  сынып  жетекшісінің  жұмысы 
тексеріледі. 
2)    Пәндік  талдау-қорытындылау  кезінде  жеке  пән  немесе  сол  циклдегі 
пәндерді оқытатын мұғалімдердің жұмысы тексеріледі. 
3)  Проблемалық  талдау-қорытындылау  –  бір  проблема  бойынша  зерттеу 
жүргізіп жүрген мұғалімдер тобының жұмысы тексеріледі. 
  Кешенді  бақылау  –  бір  мұғалімнің  жұмыс  жүйесінің  толық    ауқымына, 
бір  топ  мұғалім    немесе  мектептегі  барлық  мұғалім  жұмысына  жан-жақты 
жүргізілетін бақылау. 


124 
 
   Кешенді  тексеру  кезінде  сабақ  конспектісінен  бастап  сабаққа  қатысу, 
бақылау  жұмыстарын  алу  арқылы,  оқушылардың  білім,  білік  деңгейіне  дейін 
тексеріледі. Кешенді тексеру 10-20 күн аралығында өткізіледі. 
    Ескерту  бақылау  –  белгілі  бір  сұраққа  немесе  педагогикалық 
міндеттерді  шешуге  мектеп  мұғалімдердің  назарын  аудару  үшін  жүргізілетін 
тексеру түрі. 
     Негізгі  бақылау  –  ең  негізгі  кезең,  ол  мектептің  негізгі  міндеттерінің  
орындалу  барысын  айқындау  үшін  оқу-тәрбие  проесінің  жайы  мен  оның 
нәтижелерін анықтау мақсатында жүргізіледі. 
     Бақылау  жалғасы  –  келесі  қабылданған  басқару  шешімнің 
орындалуын анықтауға бағытталған бақылау. 
     Жоспарлы  бақылау  –  мектептің  жұмыс  жоспарының  негізінде 
жүргізіледі. 
     Шұғыл,  жедел  бақылау  –  мектепте  болған  шұғыл  бір  жағдайға 
байланысты. 
Оқыту  процесінде    оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларын  есепке  алу, 
бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі.  
Осы  тұрғыда  білім,  білік,  дағдыны    есепке  алу  және  бағалау  мәселесіне 
теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше. 
Бақылау  –  кең  көлемде  оқушылардың  оқу  әрекетіне  басшылық  жасау 
қызметін  атқарады,  олардың  шығармашылық  күші  мен  қабілеттінің  дамуына 
ықпал етеді. Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің бірі  – бақылау, баға 
қою, есепке алу. 
 Мектепішілік  бақылаудың принциптері:  
1) педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілендіру;  
2) орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі;  
3) жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; 
4)  педагогикалық  жүйені  басқару  ақпараттарының  объективтілігі  және 
толықтылығы.  
Мектепішілік басқару ең алдымен басшы, мұғалімдер, оқушылар мен ата-
аналардың  бастамашылығы  мен  өздігінен  жұмыс  жасай  алуын  дамытуға 
бағытталады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет