124
Кешенді тексеру кезінде сабақ конспектісінен бастап сабаққа қатысу,
бақылау жұмыстарын алу арқылы, оқушылардың білім, білік деңгейіне дейін
тексеріледі. Кешенді тексеру 10-20 күн аралығында өткізіледі.
Ескерту бақылау – белгілі бір сұраққа немесе педагогикалық
міндеттерді шешуге мектеп мұғалімдердің назарын аудару үшін жүргізілетін
тексеру түрі.
Негізгі бақылау – ең негізгі кезең, ол мектептің негізгі міндеттерінің
орындалу барысын айқындау үшін оқу-тәрбие проесінің жайы мен оның
нәтижелерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Бақылау жалғасы – келесі қабылданған басқару шешімнің
орындалуын анықтауға бағытталған бақылау.
Жоспарлы бақылау – мектептің жұмыс жоспарының негізінде
жүргізіледі.
Шұғыл, жедел бақылау – мектепте болған шұғыл бір жағдайға
байланысты.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу,
бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне
теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылау – кең көлемде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау
қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілеттінің дамуына
ықпал етеді. Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің бірі – бақылау, баға
қою, есепке алу.
Мектепішілік бақылаудың принциптері:
1) педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілендіру;
2) орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі;
3) жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі;
4) педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және
толықтылығы.
Мектепішілік басқару ең алдымен басшы, мұғалімдер, оқушылар мен ата-
аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға
бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: