158
7-бөлім
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ
САПАСЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ҚАМСЫЗДАНДЫРУ САПАСЫНЫҢ
СИПАТТАМАЛАРЫ
Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу – бұл,
ең алдымен,
сапалы бағдарламалық өнім алу тәсілдерінің бірі.
БҚ сапасын бағалау жөніндегі әзірлеу процесі мен қызметіне келесі
БҚ келесі жалпы көрсеткіштері ықпал етеді:
■
БҚ қолдану және тағайындау саласы;
■
шешілетін міндеттердің типі;
■
БҚ көлемі және күрделілігі;
■
БҚ сапасының сипаттамаларына қажетті құрамы мен талап етіетін
мәндері;
■
шешілетін міндеттердің нақты уақыт
масштабы немесе шешілетін
міндетті күту нәтижелерінің ықтимал ұзындығымен байланыс
дәрежесі;
■
БҚ көптеген нұсқаларын пайдаланудың ұзақтылық және құру
перспективалары;
■
БҚ қажетті құжаттау дәрежесі.
МемСТ Р ИСО/МЭК 9126-9 анықтамаларына сәйкес келесі негізгі
терминдерді қолданатын боламыз.
Атрибут - өнімнің өлшенетін нақты немесе дерексіз қасиеті.
Атрибуттары сыртқы немесе ішкі болуы мүмкін.
Сыртқы қасиеті - өнім берілген
жағдайларда қолданудың
белгіленген және ойлап алынған қажеттіліктерін қанағаттандыратын
дәреже.
Сыртқы шамасы - жүйенің бөлігі болып табылатын әрекет
шараларынан алынған өнімнің жанама шамасы.
Ішкі қасиеті - өнімнің берілген жағдайларда қолданылған кезде
белгіленген және ойлап алынған
қажеттіліктерін айқындайтын
атрибуттарының толық жиынтығы.
Ішкі шамасы - тура немесе жанама өнімнің меншік шамасы.
Өлшем - өнімнің атрибутына шкаладан мәнін (саны немесе санатын)
159
беру үшін метриканы пайдалану.
Шама - өлшем арқылы өнімнің атрибутына берілетін саны немесе
санаты.
Метрика - белгілі бір әдіс және өлшеу шамасы. Метрикалар ішкі,
сыртқы немесе пайдаланудағы метрикалар, тура немесе жанама болуы
мүмкін.
Сапа моделі - сапаны бағалауға және сапаға қойылатын талаптарды
анықтау үшін негізді қамтамасыз ететін,
олардың арасындағы
сипаттамалар мен байланыстардың жиынтығы.
Сапаны бағалау - өнім аталған талаптарды орындауға қабілетті
болатын дәреженің жүйелік зерттелуі.
БҚ сапасының сипаттамасы - БҚ қасиеттерінің жиынтығы, оның
көмегімен сапасы сипатталады және бағаланады.
Бірқатар метрика көмегімен бағалануы мүмкін
атрибуттар немесе
сипаттамалардың жиынтығы ретіндегі БҚ сапасын анықтау кеңінен
қолданылады. Мұндай тәсіл жалпы БҚ сапасын құрылымдық түрде
бағалауға, барлық қажетті қырларда бағалауға мүмкіндік береді. Ол
стандартты сапа моделі ISO 9126 негізінде қабылданған болатын. Бұдан
әрі қазіргі таңда осы стандарттың қолданыстағы нұсқасында
сипатталған БҚ сапа моделі көрсетілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: