К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Нейтрофилді (гетерофилді) миелоциттердің



бет120/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   607
Нейтрофилді (гетерофилді) миелоциттердің мөлшері 12-18 мкм.
Олардың цитоплазмасында азур сүйгіш дəншелермен қатар, екіншілік 
арнайы дəншелер пайда болады. Ядроларының пішіні сопақ, не дөңгелек
келеді. Барлық жасуша органеллалары болады. Бірақ, митохондриялардың 
саны аздау. Эндоплазмалық тордың пішіні көпіршік тəрізді, олардың сыртқы
жағында рибосомалар орналасады. Цитоплазмада бос рибосомалар да 
кездеседі.
Миелоциттер 
митоз
арқылы

бірнеше
рет

бөлініп,
метамиелоциттерге айналады. Метамиелоциттер (егер қанга шығарылса, 
онда бұлар балгын нейтрофилді лейкоциттер — деп аталады) болінбейді.
Метамиелоциттердің 
ядролары
лобия

тəрізді
болып

келеді,
цитоплазмаларында екіншілік арнайы дəніпелер көптеп түзіледі. Пісіп 
жетілген сайын, метамиелоциттердің ядроларының пішіні имек таяқ тəрізді
болып өзгеріп, арнайы дəншелердің саны көбейеді. Бұларды таякша ядролы 


нейтрофилді лейкоциттер — деп атайды. Лейкоциттер толық жетілген
кезде, олардың ядролары жіңішке мойыншықтар арқылы бір-бірімен 
байланысқан
бірнеше

бөлімдерге


(сегменттерге) 
бөлініп,
цитоплазмаларындағы дəншелер қышқылдық-негіздік (бейтарап) бояулармен 
қызғылт түске боялады. Бұл лейкоциттерді сегментті ядролы нейтрофилді
лейкоциттер — деп атайды. Ғылыми мəліметтерге сүйенсек, сүйектің қызыл 
кемігі майындағы нейтрофилді гранулоциттер 14 тəулік ішінде толық дамып
жетіледі. Оның 7,5 тəулігінде олар бөліну аркылы көбейеді. Ал 6,5 тəулігінде 
митоздық бөлінуден кейін пісіп жетіледі.
Эозинофилді миелоциттердің мөлшері 14-16 мкм. Бұлардың даму
сатылары нейтрофилді гранулоциттерге ұқсас, яғни митоз арқылы бөлініп 
көбейеді

Эозинофилді 

метамиелоциттер
(балғын

эозинофилді


лейкоциттер) ядроларының пішіні таға тəрізді болып келеді. Кейіннен 
олардың цитоплазмаларында қышқылдық бояулармен қызыл түске боялатын
ірі арнайы дəншелері көптеп түзіледі. Алдымен ядроларының пішіні имек 
таяққа ұқсап, пісіп жетіле келе, ядроларының ортасы жіңішкеріп, екі бөлімді
ядроларга айналады. Эозинофилді гранулоциттер де, даму сатыларына 
байланысты: балғын эозинофилді гранулоциттер, таяқша ядролы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет