К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет2/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ж 


ББК 

45 я73

213360 

© 
Жаңабеков К.,

Жаңабекова Г.К., 2005 





3


ISBN 9965-409-72-2 © ЖШС “Сөздік-
Словарь”, 2005

АЛҒЫ СӨЗ 
Егеменді ел Қазақстан Республикасының экономикалық негізін 
қалайтын халық шаруашылығы салаларының бірі – ауыл шаруашылығы.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында “...ауыл экономикасына 
мемлекеттік қолдау көлемінің өсе түсуінің негізгі мақсаты – еліміздің
экономикасындағы аграрлық сектордың үлесін ұлғайту, тиісінше ауылдағы 
əлеуметтік проблемаларды шешу” – деп, атап көрсетілген. Біздің еліміз үшін,
ауыл шаруашылығында кезек күттірмейұлпа проблемалардың негізгілерінің 
бірі – малдан алынатын азық – түлік өнімдерінің мол қоры мен отандық
өндірістерге керекті шикізаттардың молшылығын жасау арқылы Қазақстан 
экономикасының нығая түсуіне тиісті үлес қосу. Осы аталған келелі
проблемаларды шешеұлпа де, оларды іс жүзіне асыратын да, өз ісіне берік, 
білімді де білікті мал шаруашылығы секторында қызмет атқаратын
мамандар. Аталған мəселелерді шешу үшін, мол өнім береұлпа асыл 
тұқымды малдарды өсірумен қатар, мал басын əр түрлі аурулар мен аса
қатерлі індеттерден сақтап, оларды емдеудің алдыңғы қатарлы мал дəрігерлік 
жүйелерін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыратын білімді де, білікті мал
дəрігерлерін дайындау керек. Мал дəрігерлігі мамандығы жоғары деңгейде 
тиянақты меңгеру үшін, осы аталған мамандықтың негізгі кəсіптік нысаны
болып саналатын мал түліктері организмдерінің қалыпты жағдайдағы 
анатомиялық жəне гистологиялық, яғни морфологиялық құрылысын жете
білу ауадай қажет. Тек, жануарлардың дене құрылысын жете меңгерген 
мамандар ғана организмдегі дерттерді дəл анықтап, дауалау мен емдеу
жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, іс жүзіне асыра алады. 
Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” заңы қазақ тілін
Мемлекеттік тіл дəрежесіне көтеріп, барлық оқу орындарындағы оқыту 
процестер мен оқытылатын пəндер ана тілімізде жүргізілуде. Осы ретте, өз
ісінің асқан шебері, терең білімді сапалы ветеринариялық мамандарды, 
олардың ішінде, жоғары білімді мал дəрігерлерін дайындау ісінде қазақ
ауылдарынан ұлттық мектептерді бітіріп келген студенттер үшін, өз ана 
тілінде теориялық жағынан терең мағыналы, əрі тиянақты жазылған
оқулықтар үлкен роль атқармақ.
Қазақ
тілінде

жазылып
ұсынылып 


отырған
“Жануарлар 
морфологиясы жəне латын терминологиясы” атты оқулық қазақша оқитын
студенттердің, болашақ мал дəрігерлерінің, басқа да іргелі пəндермен қатар 
жалпы биология негізін қалауда маңызда роль атқарады деген сенімдеміз.
Себебі, оқулық жаңа кредиттік оқу жүйесіне көшуге байланысты аграрлық 
университеттердің
ветеринатиялық 
факультеттерінде
оқытылатын 
“Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы” пəнінің типтік оқу
бағдарламасына жəне Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпы міндетті 
білім стандартына сəйкес дайындалды. Аталмыш оқулықта əр түрлі үй
жануарлары организмдері клеткаларының (жасушаларының), тканьдерінің 

4
(ұлпаларының), мүшелері (ағзалары, органдары) мен мүшелер жүйелерінің 


микроскопиялық, электронды микроскопиялық (субмикроскопиялық немесе


нəзік микроскопиялық) жəне микроскопиялық құрылысы мен олардың 
денедегі орналасу орындары (топографиясы) филогенетикалық жəне
онтогенетикалық тұрғыдан сипатталып, салыстырмалы түрде берілді.
Оқулыққа жаңа оқу жоспарына сəйкес латын тілі мен ветеринария
терминологиясының негізі туралы қысқаша тарау қосылып, əр бір тараудың 
соңында, студенттердің өткен оқу материалдарын сабақтан тыс уақытта өз
беттерімен пысықтауына арналған қайталау сұрақтары берілді. 
Оқулық төрт үлкен бөлімнен тұрады. Олар: Цитология (жалпы
цитология негіздері), Эмбриология негіздері (жалпы эмбриология), Жалпы 
гистология жəне Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің морфологиясы (макро –
жəне микроморфология). 
Оқулық мəұлпаінде кездесеұлпа қазақша, орысша, латынша
терминдер Халықаралық гистологиялық жəне анатомиялық номенклатураға, 
1993 жылы шыққан “орысша – қазақша мал дəрігерлігі сөздігіне” (Алматы,
“Қайнар”, авторлары Т. Сайдулдин, Х.Е. Қашағанов, К. Жаңабеков), ҚР 
Үкімет жанындағы мемлекеттік терминология комиссиясы бекітіп, 2000
жылы шыққан қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық
“Биология” жəне “Ауыл шаруашылығы” сөздіктеріне, 2002 жылы шыққан
қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми “Биология” түсіндірме сөздігіне 
сəйкес қолданылды.
К. Жаңабеков 


5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет