К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурет. Тышкан ұрығы ұлпасынан алынған жасушаның микрофотографиясы



бет14/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

2 - сурет. Тышкан ұрығы ұлпасынан алынған жасушаның микрофотографиясы 
(Г. Иегер бойынша). Микрофото скандаушы электронды микроскоппен 
түсірілгендіктен, жасуша көлемді көрінеді

Адам мен жануарлар организмдері ұлпалар мен жасушаларын жасанды


қоректік ортада өсіріп, олармен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу 
нəтижесінде алынған ғылыми мəліметтер цитология жəне гистология
ілімдерінің теориялық жағынан қарқынды дамуына зор ықпалын тигізері хақ. 
Бірақ, бір айта кетеұлпа жая — организмнен тыс өсірілген ұлпалар мен
жасушаларда тірі организмге тəн емес кейбір құрылымдық өзгерістердің 
дамуы ықтимал. Сондыктан, аталған жағдайларға жол бермеу үшін, жасанды
ортада өсірілген ұлпалар мен жасушалар өскіндерін ыдыстан алып, қуысты 
заттардың ұяшықтарына қондырып, тірі жануарлар терісінің астына немесе
құрсақ қуысының ішіне уақытша салып өсірген жөн. 
Тірі организмнің ұлпалары мен жасушаларын бояу əдісінің
көмегімен тірі жануарлардың ұлпаларын, олардың жасушалары мен 
жасушааралық заттарын, жасушалар органеллаларын бояуға болады. Осы
мақсатпен тірі жануарлардың қанына кейбір қоймалжың (коллоидты) бояғыш 
заттарды организмге зиянсыз мөлшерде енгізеді. Тірі организмнің
құрылымдық бөліктерін бояу əдісін витальды бояу (тірі күніндегі бояу) — 
деп атайды. Витальды бояуға трипан көк немесе литий кармині 

бояуларын қолданады. Аталған бояулардың көмегімен жануарлар
организміндегі жемір жасушаларды (фагоциттерді) анықтайды, ал даму 
сатысындағы сүйек ұлпасының жаңадан түзілген негізін ализарин 
бояуымен бояйды.
Тірі организмнен жаңадан кесіп оқшауланып алынған тірі ұлпалар 
құрылымдарын бояу əдісін суправитальды бояу (тірі денеден алынған
ұлпаларды бояу) дейді. Суправитальды бояуға: бриллиантты крезилді 


көгілдір (эритроциттердің жас түрі — ретикулоциттерді бояу үшін), жасыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет