К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Аталық көбею мүшелері бойынша бақылау сұрақтары



бет410/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Аталық көбею мүшелері бойынша бақылау сұрақтары: 

1. Жануарлар организміндегі көбею мүшелерінің түрлері жəне олардың маңызы. 


2. Аталық көбею мүшелерінің бөлімдері, оларға қандай мүшелер жатады?
3. Еннің құрылысы жəне маңызы. Жануарлардағы ерекшеліктері. 
4. Енқап қабырғасының кұрылысы, енқап куысы қалай аталады жəне ол құрсақ
қуысымен қалай қатысады? 
5. Енбау мен несеп-жыныс өзегінің құрылысы.
6. Қандай қосымша жыныс бездерін білесіз жəне олар қандай мүшенің қабырғасында 
орналасады? Олардың құрылысы жəне маңызы.
7. Жыныстық қатынас мүшесінің құрылысына көңіл аударып, оның жануарлардағы 
ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
8. Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, 
оларды жаттаңыз.


АНАЛЫҚ КӨБЕЮ МҮШЕЛЕРІ 

Аналық көбею мүшелері (органы размножения самки) — organa
genitalia feminina — екі бөлімнен: негізгі жыныс безі жұмыртқалықтан 
(паренхималы мүше) жəне жыныс жолдарынан (түгікше мүшелер) тұрады.
Жыныс жоддарына жатыр түтігі (жұмыртқа жолы), жатыр, қынап, несеп-
жыныс кіреберісі жəне сыртқы жыныс мүшесі жатады.


171 - сурет. Сиырдың жыныс мүшелері 
1 — тік ішек, 2 — жатырдың жалпақ байламы, 3 — несеп-жыныс кіреберісі, 4 —
несепшығар өзегі, 5 — қынап, 6 — жатыр мойны, 7 — жатыр денесі, 8 — жұмыртқалық, 9 
— жатыр түтігі, 10 — жатыр мүйізі, 11 — куық.


Жұмыртқалық (яичник) — ovarium — аналық жыныс жасушалары 
овоцитгер жетіліп, аналық жыныс гормондары бөлінетін, пішіні сопақша
келген жұп паренхималы мүше. Үй жануарларында жұмыртқалық бел 
аумағының жамбас қуысына кіреберісінде, шажырқайға (mesovarium) ілініп
тұрады. Шыжырқай арқылы жұмыртқалыққа қоректендіретін қан жəне 
лимфа тамырлары мен жүйкелер енеді. Жұмыртқалықтың алдыңғы түтіктік,
артқы жатырлық ұштары, жоғаргы шажырқайлық, төменгі бос жиектері, 
латеральды жəне медиальды беттері болады. Жұмыртқалықтың түтіктік
ұшына жатыр түгігінің құйғышы (воронка), ал жатырлық ұшына өзіндік 
жұмыртқалық байламы (ligamentum ovarii proprium) арқылы жатыр мүйізі
байланысады. Сыртынан ол бастама эпителиймен (бірқабатты текше тəрізді) 
жəне оның астындағы ақ қабықпен (тығыз дəнекер ұлпасы) қапталған.
Жұмыртқалық фолликул алы жəне тамырлы екі аймақтан құралған. 
Фолликулалы аймақга жұмыртқа жасушалары овоциттердің дамып жетілу
процесі — овогенез жүреді. Аталған аймақтың шеткі жағында бөлініп көбею 
сатысындағы жас жыныс жасушалар — майда біріншілік (примордиальды)
фолликулдар (folliculi ovarii primarii) түрлі жануарларда түрліше топтасып 
жатады. Олардан сəл төменірек, біріншілік фолликулдарға қарағанда ірірек
өсу сатысындағы жыныс жасушалары өсуші фолликулдар орналасады. 

351
Жыныс жасушалары пісіп жетілуге жақындағанда, фолликулдардың мөлшері 


тым үлкейіп, көпіршікті фолликулдарға (folliculi ovarii vesiculosi) айналады.


Олар жарылғаннан соң, ішіндегі жетілген жұмыртқа жасушасы көпіршіктегі 
фолликул сұйығымен бірге жұмыртқалықтан бөлініп, жатыр түтігі
құйғашына өтеді. Фолликулдардың жарылу процесін овуляция (ovulatio) деп 
атайды. Жарылған көпіршікті фолликул орнында сары дене (corpus luteum)
түзіледі. Сары дене жасушалары прогестерон гормонын бөледі. 
Тамырлы аймақ арқылы жұмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа
тамырлары мен жүйкелер өтеді. Жұмыртқалықтың стромасын борпылдақ 
дəнекер ұлпасы құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет