К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет595/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ДƏМ СЕЗІМІ МҮШЕСІ 

Дəм сезімі мүшесі (орган вкуса) екінші сезімтал немесе
эпителиосенсорлы сезім мүшелеріне жатады. Ол ауыз куысына түскен 
азықтың татымы мен сапасын анықтайды. Азықтың құрамындағы химиялық
тітіркеністерді алдымен сезгіш эпителиоциттер қабылдап, нейроциттер 
денелері бет жəне тіл-жұтқыншақ ми жүйкелері бойындаға жүйке
ганглийлерінде топтаскан сезімтал нейроциттер дендриттеріне өткізеді. Дəм 
сезімі мүшесі көпқабатты эпителиймен қапталған тілдің кілегейлі
қабығындағы дəм сезгіш: саңырауқұлақша, қорғанша жəне жапыракща 


татым емізікшелерінің (бүртіктерінің) бүйір қабырғаларында орналасады.
Оның пішіні бадана тəріздес болғандықтан, оны татым баданасы деп 
атайды. Татым баданалары аздап қатты тандайда, бадамша бездерде,
жұтқыншақта, бөбешікте де кездеседі. Дəм сезімі мүшесі екі түрлі 
бастамадан: сезгіш, тіректік жəне базальды эпителиоциттер эктодермадан,

сезімтал нейроциттер хордаалды жүйке түтігінен дамиды.
Татым баданаларының пішіні пияз баданасына ұқсас сопақша (күйісті 
жануарларда жұмыртқа тəрізді, жыртқыштарда шар тəрізді, шошқада ұршық
тəрізді) келіп, татым емізікшелерінің көпқабатты жалпақ эпителий 
қабатында, негіздік жарғақта орналасады. Татым баданасын бір-біріне тығыз
жанаса жатқан 40-60 эпителиоциттер құрайды. Олардың ішінде үш түрлі: 
рецепторлы, тіректік жəне негіздік жасушалар ажыратылады. Татым


502
баданасының қуысы ауыз куысымен татым шұңқырына ашылатын татым 




тесігі арқылы қатысады. Пішіні ұзынша келген дəм сезгіш эпителиоциттер
тіректік эпителиоциттердің аралықтарында орналасады. Олардың сопақша 
келген ядролары негіздік жарғаққа жақындау жатады. Цитоплазмасының
апикальды бөлігінде эндоплазмалық тор мен митохондриялар, ал 
эпителиоциттің апикальды ұшыңда микробүрлер болады. Əр бір татым
баданасына 50 -ге жақын афферентті жүйке талшықтары (сезімтал 
нейроциттердің дендриттері) келіп, сезгіш эпителиоциттермен синапстық
байланыстар түзеді. Тітіркену нəтижесінде түзілген жүйке толқыны, сезгіш 
эпителиоциттерінен синапс арқылы сезімтал нейроциттердің дендриттері
ұшына, одан əрі жүйке ганглийлерінде орналасқан олардың денелеріне, 
олардың аксондарымен дəм сезімі талдағышының мидағы орталығына өтеді.
Тіректік эпителиоциттер рецепторлы эпителиоциттерді сыртынан қоршап, 
оларды жəне жүйке талшықтарын оқшаулап, тіректік жəне қорғаныс
қызметтерін атқарады. Аласа келген негіздік жасушалар камбиальды қызмет 
(олардан тіректік жəне сезгіш эпителиоциттер дамиды) атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет