К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


ә) Сіз таңертең сабаққа 30 минут кешігіп келдіңіз. Себебін түсіндіріңіз.  б)



Pdf көрінісі
бет22/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62
ә) Сіз таңертең сабаққа 30 минут кешігіп келдіңіз. Себебін түсіндіріңіз. 
б) Сіздің сағатыңыз тоқтап қалды. Сізге уақыттың қанша болғанын білу керек. 
Бейтаныс адамнан сағат сұраңыз.
9.12. «Қимыл» ойыны. 
Әрқайсысы кезекпен ымдап таңертең не істегенін көрсету керек. 
Міндет: Сөзбен түсіндіру. 
9.13.Берілген үлгі бойынша өзіңіздің күн тәртібіңізді құрастырыңыз. 
Менің күн тәртібім. 
Мен таңертең сағат 07.00-де тұрамын, жуынамын, тіс тазалаймын. Сағат 
07.25-те таңертеңгі ас ішемін. Сағат 07.50-де үйден шығамын.Сабақ сағат 
тура 08.30-де басталады. Үлкен үзіліс сағат 10.20-дан 10.50-ге дейін. Сабақ 
сағат 18.40-та аяқталады. Сабақтан үйге сағат 19.30-да келемін. Сағат 20.00-
де кешкі ас ішемін. Сағат 21.30-да кешкі жаңалықтарды көремін.Сағат 22.00-
де сабаққа дайындаламын. Сағат 24.00-де ұйықтаймын. 
Төмендегі үлгі бойынша өзіңіздің апта жоспарыңызды құрастырыңыз
9.14.
Апта жоспары 


27 
 
 
14. Сұрақ-жауап. 
Көршіңізбен әңгімелесіңіз. Сіз демалыс күніңізді қалай өткізесіз? Сіз демалыс 
күніңізді алдын-ала жоспарлайсыз ба? 
16. Есіңізде сақтаңыз! 
Жеті күнді санау: 
І.Бүгін 
ІІ.Ертең 
ІІІ.Бүрсүгүні 
ІҮ.Арғы күні 
Ү.Қасиетті күн 
ҮІ.Соңғы күн 
ҮІІ.Азына 
VIII.Түнеукүні – бірнеше күн бұрын 
 
10 Театр және кино өнері. Жалпылау есімдіктері. 
 
Театр және кино өнері 
Өнерлі өрге жүзер. 
Мақал. 
Дүйсенбі 
Би үйірмесіне бару 
Сейсенбі Қазақ тілінен қосымша 
сабаққа бару 
Сәрсенбі
Физика пәнінен реферат 
дайындау 
Бейсенбі 
Волейбол секциясына 
бару 
Жұма 
Мешітке бару 
 
Сенбі 
Әжеме бару 
Жексенбі 
 Анама көмектесу 


28 
Қазақ халқы – өнер сүйген, оны ерекше қастерлеген халық. Ерте кезде-
ақ қазақ даласында ән мен күй, өлең мен айтыс, сәулет пен зергерлік өнерлері 
мықтап дамыған. Театр, көркемсурет және кино өнерлері кейінгі жылдары 
ғана өрістей бастады.
1926 жылы Қызылордада қазақтың тұңғыш драма театры ашылды. 
Оның беташары М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы болды.
Кино өнері қазақ жеріне отызыншы жылдары ғана келді. Б.Майлин, Ғ. 
Мүсірепов, В.С.Ивановтың бірігіп жазған «Аманкелді» фильмі 1938 жылы 
экранға шықты.
Қазақ музыка мәдениетінің өсіп, дамуына күш жұмсаған академик 
А.Жұбанов, композиторлар М.Төлебаев, Қ.Қожамияров, Ғ.Жұбанова, 
Л.Хамиди, әншілер – КСРО Халық әртістері – Р.Абдуллин, К.Байсейітова, 
Р.Бағланова, Р.Жаманова, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Ә.Дінішев, т.б. 
Қазақ опералары, симфониялары, күйлері мен әндері дамыды. Қазақтың 
опера және балет театры, Қазақ филармониясы, Қазақтың академиялық халық 
аспаптар оркестрі, Қазақтың хор капелласы, симфония оркестрі, Қазақтың 
классикалық балеті, т.б. жұмыс істеп келеді.
Қазіргі таңда қазақ елінде театр өнері де, кино өнері де өте жақсы 
дамыған. Бүгінде отандастарымыз соңғы шыққан туындыларға жоғары баға 
беруде. «Батыр Баян», «Менің балалық шағымның аспаны», «Көшпенділер»,
«Жаужүрек мың бала», «Құнанбай», т.б. фильмдер халық жақсы қабылдаған 
туындылар болды.
Біздің қаламызда С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры, 
К.С.Станиславский атындағы Қарағанды театры, музыка және комедия 
театры, «Сарыарқа» кинотеатры, т.б. бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет